Реферат тақырыбы: «Бауыржан Момышұлы халық қаһарманы.»



бет1/2
Дата24.03.2023
өлшемі82,77 Kb.
#75828
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
реферат Бауржан



Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Бауыржан Момышұлы – халық қаһарманы.»
Орындаған: Жер туралы мектебінің
22-ГР-1 тобының 1-курс студенті
Кисаслямов Диас Нурланович
Тексерген: Қазақ және орыс кафедрасының
оқытушысы: Есімжанова Г.Т

Өскемен
2023ж
Жоспар
1.Кіріспе..................................................................................................................3
2.Негізгі бөлім.....................................................................................................4
2.1. Бауыржан Момышұлы – халық қаһарманы...................................................5
2.1.1. Бауыржан Момышұлының өмір жолы........................................................5
2.1.2. Бауыржан Момышұлының соғыс өнері......................................................6
2.1.3. Бауыржан Момышұлының әскери қолбасшылығы...................................7
2.2. Бауыржан Момышұлының шығырмашылығы.............................................8
2.2.1. Бауыржан Момышұлы шығармаларының тәрбиелік мәні.......................8
3. Қорытынды......................................................................................................12
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................13

Кіріспе
Қазақ халқының іргелі атрибуттары бір өзінің болмысынан толық табылатын Бауыржан Момышұлы медицина институтының студенті, оқытушы, экономист, милиция бөлімінің бастығы, Қазақ ССР Соғыс комиссариатының қызметкері, армия генералы, соғыс өнерінің теоретигі сияқты қызметтерде болып, өз еліне, Отанына адалдығын көрсетті. Сұрапыл соғыстың алғы шебінде оның ыстық, суығын басынан кешірді. Жауынгерлердің қайнаған ортасында жүріп, олармен бірге Отан қорғау деген қасиетті борышты орындауда ұлтжандылықтың, ұлттық мақтаныштың шын мәнінде не екендігін іс жүзінде көрсетті, дәлелдеді. Соғыс өнерінің майталман шебері дәрежесіне көтеріліп, оның стратегиясы мен тактикасының теориясын жасады.Соғыстан кейін бейбіт өмірде жазушылықпен айналысып, кейінгі жас ұрпақты туған жерге, туған елге шынайы берілгендік рухында тәрбиелеуге атсалысатын тамаша шығармаларды дүниеге әкелді.
Бауыржан Момышұлының «ел» ұғымында толымды, жинақы, тұтас бейнесі қалыптасқан. Ол-соғыста да, бейбіт өмірде де адалдықты, әділдікті, туралық пен шыншылдықты ту етіп көтерді. Қулық, сұмдық, екіжүзділік, жағымпаздық, жалқаулық, қорқақтық, атаққұмарлық, дүниеқоңыздық секілді пендешіліктерге жан-тәнімен қарсы тұрды. Өйткені, құмарлыққа айналған жат әдет, арам пиғылдардың бәрі де түптің тереңінде әділеттілікке, адалдыққа қарсы ашық шабуылға көшетіні, сөйтіп, айдай әлемге өз үстемдігін орнатқысы келетіні анық емес пе? Ал мұндай әдет-пиғылдарға арыстандай ақырып қарсы шығу батыр болмысқа тән қасиет.
Бауыржан Момышұлы қазақ бауырларынан жырақ аймақтарда көп қызмет етіп, басқа ұлттардың өкілдерімен көп араласып, олардың ұлттық ерекшелігімен етене таныса отырып, қазақ халқының ұлылығына, дархандығына, тәкаппарлығына, сонымен қатар, мейірімділігіне көз жеткізді. Ұдайы өзін - өзі басқалармен салыстырып, екшеп, таразылап отырғандықтан, басқалар күнделікті өмірде көп мән бермейтін көптеген ұлттық құндылықтардың қадір-қасиетін ішкі жан- дүниесімен сезінді.
Жұмыстың мақсаты: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді.

Қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған. Жеті жылдық мектеп бітірген соң біраз уақыт мүғалім болып істейді. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. Міндетін өтеп, запастағы командир атағын алып ауылға оралғасын қаржы орындарында жұмыс істеген. 1936 жылы кайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде қызмет еткен, взвод, рота командирі болған. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басқаруымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанған. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарды.


Момышұлының әскери өмірбаянында Москва түбіндегі шайқас ерекше орын алады. Одан басқа да ерліктері аз емес. Тек 19-гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирі ретінде Москва түбінде 27 сәтті ұрыс жүргізді. Волоколам бағытында Крюково қонысы үшін шайқаста 19-полкты басқарып, сол жерде ауыр жарақат алғанына қарамастан, күресті әрі қарай жалғастыра береді. Момышұлының осындай көптеген әскери ерлігін ескеріп, 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі полковник И.И.Серебряков 1942 ж. тамызда оны Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Бірақ бұл наградтау қағазы жоғалып кетеді.
1944 ж. шілде айында Серебряков КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумына үндеу хатында: "Жолдас Момышұлына құрмет көрсетуді... өтінемін және мұны жеткізуді өзімнің парызым деп білемін... әділдік менен осыны талап етеді", деп жазды. Бұл да аяқсыз калады. Жерлесіміздің одан кейінгі ерліктері де ескерусіз қалады. Момышұлы полк командирі, кейін дивизия бастығы бола жүріп, Калинин майданында, Курляндиядағы неміс басқыншыларын талқандау операцияларына белсене қатысады.
Соғыстан кейін Совет Армиясы Бас штабының Жоғарғы әскери академиясын бітіріп (1950 ж.), сонда әскери педагогикалық қызметпен айналысты. Тактика төңірегінде оның идеяларының батыл да жаңашыл болғандығына қарамастан, 1956 жылы гвардия полковнигі Момышұлы отставкаға жіберіледі. Баукең әдебиет майданында да әскери ерліктерінен еш кем емес каһармандық іс тындырған қаламгер екені баршаға мәлім. Оның шығармаларының негізгі тақырыбы жауынгерлік мінез-құлықтың қалыптасуы, елдік пен ерлікті дәріптеу, жастарды Отан қорғауға дайын тұру рухында баулу, әскери тәлім-тәрбие болып табылады. Бауыржан Момышұлының басты шығармалары: "Офицер күнделігі", "Бір түннің оқиғасы" (1956), "Москва үшін шайқас" (1958), "Майдандағы кездесулер" (1962), т.б. Кеңес Одағының батыры И.В.Панфилов жайында "Біздің генерал" деген ғұмырнамалық хикаят жариялады. Ал "Үшкан ұя" романы 1976 жылы Казақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Біртуар қолбасшы туралы оқырман қауымға Ә.Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз", З.Ахметова "Шуақты күндер", Бақытжан Момышұлы "Қасымда сен барда", "Әкеге құрмет", М.Кдвдыбаев "Үмытылмас кездесулер" атты шы-ғармаларын ұсынса, режиссер М.Бегалиннің "Артымыз-да Москва" кинофильмі, В.Шацковтың МХАТ сахнасын-да қойылған "Волоколам тас жолы" пьесасы Момышұ-лының әскери өмірбаянын суреттейді. Оның соғыстағы ерлігін бейнелеген белгілі орыс жазушысы Александр Бектің "Арпалыс" повесі әлемді шарлап кетті...
Бауыржан Момышұлы әлденеше ордендермен, медаль-дармен марапатталды. Дүние салғаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1990 жылы). Сөйтіп, ұзақ жылдардан соң, соғыс және еңбек ардагерлері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, қалың жұртшылық талабымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауы арқасында, халқымыздын ардақгы үлы — көзі тірісінде-ақ аңызға айналып кеткен осынау даңқгы жау-ынгер, дарқан ойлы қолбасшы турасындағы тарихи әділеттілік қалпына келтіріліп еді. Бүгінде Бауыржан ба-тыр есімін иеленген мектептер, көшелер, елді мекендер, ұжымшарлар егеменді елдің қала-даласында көптеп кездеседі. Оңтүстік астанада ол тұрған үйге ескерткіш тақга орнатылған, әскери мектеп-лицей бар.
Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады.
Мәскеу түбіндегі шайқас Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик, психолог еді.
1941 жылдың 16-18 қараша күндері аралығында Вермахтың Мәскеуге екінші дүркін шабуылы кезінде Б.Момышұлы басқарған батальон өз дивизиясынан қашықта Матронино селосының маңында Волоколам тас жолыда аса ерлікпен соғысты. Комбаттың дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп қалды. Бұл ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты.
Алайда аласапыран шақта қысылтаяң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соғады. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасайды. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарады. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарады.
Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырған жауынгерлер табандылық пен төзімділік көрсетіп, қалың қарағайлы тоғай ішінің қалың қарын омбылай жүре отырып, екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шығады. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспағандықтан тың тұрады.
Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В. Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. «Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алады. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қағады.
19 гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде 1941 жылдың 26-30 қараша күндері гвардия капитан Момышұлы Мәскеу облысының Соколово деревнясының маңында неміс әскерінің шабуылын 4 тәулік бойы қайтарып, сәтті ұрыс жүргізді. 1941 жылдың 5 желтоқсанында омыртқаға оқ тиіп, жарақат алды. Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен Аңыз" кітабында Бауыржан өзін санбатқа жеткізгенде дәрігерлер дереу госпитальға апару керек деп шешкендігін, бірақ ол тапаншамен дәрігерді қорқытып, оқты сол жерде шығаруды бұйырғанын айтады. Оқты алып, жараны таңғаннан кейін капитан Бауыржан Момышұлы ұрыс алаңына қайта оралады.
Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерлерін саптан шығарады, жаудың көптеген техникасын жойып жіберді.
1944 жылы Комдив болып жүрген кезінде Дубровка деревнясының маңында болған ұрыс кезінде тағы қатты жараланады. Өз айтуынша құйымшақпен жерден шығып тұрған темірге құлаған екен. Біраз уақыт атқа отыра алмай және шалқасынан жата алмай жүрді, бірақ госпитальге бармады.
Сол уақыттан 1944 жылдың наурызына дейін госпитальде жатады. Сол жылы Бас Штабытың Әскери Академиясының жанындағы офицерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітіріп шығады.
1945 жылдың 21 қаңтарынан бастап гвардия полковник Бауыржан Момышұлы Екінші Прибалтика майданының, 6 гвардиялық армиясының, 2 гвардия атқыштар полкінің 9 гвардия атқыштар дивизиясын басқарды. 1945 жылдың ақпан-наурыз айларында Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия Приекуле станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс әскерінің үш бекінісін бұзып өтеді. Дивизия шабуылының нәтижесінде 15 елді мекен босатылды, ал жау әскеріне үлкен зиян тиген болатын.
Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан нақылға бергісіз сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған.
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді.
Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі – Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы. Қазақта «Ақыл жастан, асыл тастан» деген нақыл сөз бар. Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә.Батырдың өмір жолына көз жүгірте отырып, амалсыз осындай ойға қаласың. Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында дүниеге келген.
Шымкенттегі 7 жылдық мектеп-интернатын бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болыпты. Бұл сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың бірі. Сол кездің өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта, жігерімен, дарынымен көзге түскен жас жігітке ауаткомның хатшысы, милиция бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған. Бауыржан Момышұлы әскер қатарына 1932 жылы алыныпты. Еңбекқор, іскер азаматтардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні белгілі. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан оралғаннан кейінгі жылдары көрсетсе керек. Осы уақытта біраз жылдар Шымкент, Алматы қалаларындағы банк саласында жемісті еңбек еткен ол, жақсылап қолға алса, өзінен тәп-тәуір қаржыгердің де шығатынын көрсеткен. Бұдан әрі қарай Баукеңнің өмірі өзінің туа біткен қасиеттерімен байланысты, яғни әскер саласындағы қызметтермен жалғасады. Яғни ол 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан Қызыл Армия қатарына алынған. Онда жүріп, взвод, рота, командирі полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. Ал Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар дивизиясының жасақталуына атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған айқастарға қатысып, әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Тап осы сұрапыл соғыс жылдарында ол өзінің асқан ерлігімен, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, оның атақ-даңқы аңызға айналады. Соғыстан соң Баукең Кеңес армиясы Бас штабы жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген. Ал 1950-1956 жылдар аралығында әскери академияда сабақ берген және түрлі әскери қызметтерді атқарған. Бауыржан Момышұлының ерлік істері мен оның соғыс қимылдары жөнінде жазып қалдырған еңбектері мен естеліктері, халық арасында «Бауыржан айтқан екен» деген әңгімелері кейінгі ұрпаққа, өз еліне деген сүйіспеншілік пен махаббатың, ерлік пен елдіктің үлгісі болып қалды.
Қазақ халқының тарихында өшпес ерлігімен қазақ халқының абыройын асқақтатар ұлт батыры атанған, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар майдангер - жазушы Б.Момышұлы шығармашылығы төңірегінде сөз өрбітпекпіз.
Бауыржан шығармалары майдан шебіңде жүріп, көзі көрген өмір тәрбисінен алынған отты жүректің, ыстық қанмен жазылған шығармалар болмақ.Осыған өзі айтып өткен мына сөздері толық дәлел: «Менің шығармаларым тұтастай және толығымен менің өз басымның естеліктеріне, ерекше делінген эпизоидтар естеліктерінің жиынтығынан іріктеп, екшеп алылған елеулі көріністерге негізделген. Оларда ойдан шығарылған оқиғалар да, ойдан жасалған адамдар да жоқ».
Демек, Бауыржанның шығармалары бастан кешкең, көзбен керген оқиғаларға толы, әрі әлеуметтік қоғамдық мағынасы басым туындылар болмақ.
Бауыржанның тұңғыш туындысы болтан, қазақ әдебиетіндегі шаттығы биік шығармалардың бірі - «Ұшқан ұя».«Ұшқан ұя» повесі мемуралық жанрдағы шығарма ретінде жазылғанмен, ол проза денгейіне көтерілген ұлттық сипатта жазылған нағыз көркем туынды.
Баукеңнің ұғымында өз ұлтының тәрбиесінен жұрдай адамнан, баршаға бауырмалдық шықпайды, өйткені ол ұлтты сүюдің не екенін білмейді - дей келіп, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді күшейту үшін, ұлттық тәрбиені қалпына келтіру керектігін атап көрсетеді. Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» еңбегін ұлттық салт - дәстүрімізді, көркем шығармаға мазмұндап берген этнографиялық еңбек деп айтуға толық негіз бар. Шығармадағы негізгі мәселе -Адам, оның кемелдену жолдары болса, шығарма сюжеті осы адамдардын өзара әңгімелесуі, кеңесуі арқылы дамиды.Ұлттық тоғылымның түп төркінін шығарманың бас кейіпкері бала Бауыржанның іс - әрекеті, отбасындағы болмысы, өскен ортасына деген қарым - қатынасы арқылы байқаймыз. Шығармадағы әр жолдың айтар ойы айқын: адалдық, мейірімділік, жомарттық, ұстамдылық, ұят - намысшылдық, ел камыл ойлау.
Шығарманың негізіне айналған осы қасиеттерді автор өз кейіпкерлері арқылы көрсетіп отырады. Шығармаға автордың балалық шағынан, ес біле бастаған, мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі өмірі өзек болған. Жазушы өзінің тұлға ретінде қалыптасуына ұшқан ұясы ықпал еткенін баяндай отырып, отбасы мүшелерін: әжесі Қызтумас, әкесі Момыш, немере ағасы Момынқұл, әпкелері Үбиан, Әлимандарды өзіндік бейнелерімен әр қырынан танытқан.
Автор «Ұшқан ұядағы» оқиғаның түп өзегін әже бейнесі арқылы өрбітеді. Туындының өн бойында әже образы тектіліктің, кемеңгерліктің діңгегі ретінде суреттелген. Отбасының ғана емес, ауылдың ақылшысына айналған әже бейнесін автор аса сүйіспеншілікпен бейнелеген. Әуезді әуенімен әлпештеп, әлдилеп айтқан бесік жыры да, қалагердің жүрегінде сақталған. Жазушы өз өмірінің темірқазығына айналған тәлім - тәрбиенің негізі ертегі мен көне әңгімелерден қалғанын жас ұрпаққа өнеге етеді.
«Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқамын» Менің қазіргі келіндерім немелеріне бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп корқамыл» - деп қамығуында терең психологиялық астар бар.
Дала философиясында, ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі ерекше болған. Әкесінің баласын үлкенді сыйлау, сәлем беру дағдысына қалай тәрбиелегені шығармада шынайы көрініс тапқан. Әкесінің бала Бауыржанға шежіре жаттатқызуы да - тамыры терең тәрбие тиегінің ағытылуы. Профессор М.Мырзахметұлының Баукең туралы естелігіндегі:
«Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» деген мақалға ерекше мән беріп, өзінің бала -немерелеріне тіпті бізге дейін Дулатқа дейінгі бабаларымыздың тізімін жазып беріп, жаттап алуды ескертіп отырамын. Еңді ойланып қарасам, орыстар арасында айтылатын «Иван безродный» дегені сияқты кейбір тексіз қазақ бала бастағандарды көріп, рухани мәңгүрттіктең сақтандырған ескертуі ме деп шамалаймын» деген пікірі де осы ойымызды куаттайтыны ақиқат. Повесьтте ғасырдан ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт- дәстүріміздің көрінісін Үрбианның ұзатылу тойынан аңғарамыз.
Шығармада «Ұрын келу салты» анық баяндалған. Жазушы қазақ дәстүріндегі құлалық, күда күтудегі кәде - жоралғылардың жасалу ерекшеліктері, калықмші салты, калындық киімі, ұзату тойы, сыңсу, беташар, сүйінші т.б. ерекше мән беріле суреттейді.
Осы негізде: З.Қабдолов: «Әр жазушының каламынан туған шығармада алдымен идеялық бірлік болғанын байқаймыз. Өйткені әр жазушы өзінің әр шығармасында әр түрлі проблема қояды да, оны шешуді бір ғана тұрғыдан - өзің тұрақты дүниетанымы тұрғысынан келеді» - деп, әр жазушының өз дүниетанымы бойынша берілетін шығармадағы авторлық көзқараста тоқиды. Осы пікір дәлелденгендей, жазутяы қандай шығармада болсын өмірдегі көрген - білгендерін қай тақырыпта жазсын ұлттық салт - дәстүрдің негізінде қарастырып, ой түйіндейді.
Қазақ әдебиеті тарихында хатты өлеңмен жазу үрдісінде болған. Хат - өлең қазақ эпистолярлық жанрының өзіндік бір ерекшілігі. Эпситолярлық әдебиет - эпистолография сан алуан хат түрінде жазылған шығармалар Эпистолярлық жанрдың әдебиет тарихқа тигізер әсері туралы профессор Қ.Ергөбек «Әдебиетілілер тіпті жазушы шығарма қызығу сырын, автор өмірбаяны төңірегінен іздейтін жағдайда табан тірейтін деректердің бірі - жазушы хаттар» - деп баға береді.
Б. Момышұлы майдан даласында жазған хаттарының мәні ерекше. Оның өмір мен өлім, оқ пен оттың арасында жазған хаттары сол жылдардағы көкейтесті мәселелерге арнапған. «Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрі», «Қазақ тілі». «Қазақстан жазушыларына», «Кенесары туралы», «Қойын дәптеріндегі жазбалар» сынды хаттары осының дәлелі.
Бауыржан хаттарының тақырыбы сан салалы: қазақ халқының ұлттық қалпын сақтап қалудың жолдары ұлттық қадір — қасиеттерімізді жас ұрпақтың құрметтеуі ана тіліміздің мәртебесін жоғарылату. ата сатты мен ұлттық әдет - ғұрыптарды қастерлеу. туған тарихымызды бұрмалауға жол бермеу және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери әдебиетінің сапасын арттыру секілді ұлттық қоғамдық сипаттағы өзекті мәселелер көтеріледі.
1942 жылдың ақпанында «Жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу туралы ойлар» еңбегін жазуға әрекет етеді. Онда: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжіриебемнен солдаттын бойында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде, халықтың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екендігіне көзім жетті» - деп жазады, демек, Бауыржанның эпистолярлық шығармаларында жазушылық ұстанымның бастау бұлағы ұлттық көріністе жатқаны анық. Сондықтан, Бауыржан жазған эпситолярлық жанр ретіндегі хаттар легі, замана шындығын, қанды майдан үстіндегі жауынгердің ішкі рухын таныту арқылы жастарды, елін, жерін сүюге деген махаббат сезімін оятуда таптырмайтын өмір оқулығындай әсерде қалдырып отырады.
Қаламгердің ендігі бір шығармасы майдан тақырыбында жазылған көркем туынды - «Қанмен жазылған кітап» шығармасы. Б.Момышұлының соғыс тақырыбындағы шығармашылығына бармас бұрын, оның соғыс туралы түсінігін, сондай - ақ «ет пен сүйектен жаралған» адамдар тағдыры туралы ұғымын анық мәнін ашып алуымыз қажет. Ал, бұған тіреуіш болар шығарма ол «Қанмен жазылған кітап» болмақ. Онда, айтылатын ой - соғыс, оның қасіреті, ондағы адам тағдыры, соғыста жеңіске жетудің айла - тәсілі, жауынгер мен командирдің жандүние иірімдері мен адами қасиет - қабілеттері жайлы тебіреністері болмақ.
Б.Момышұлы: «Соғыста шындықты табу өте қиын, ал оны жинақтау, қорыту, одан да күрделі» - дейді.
Сондықтан да, Б.Момышұлы өз шығармаларында соғыстың шындығын, ақиқатын айтуға адал болды. Адал болумен бірге ол сұрапыл соғыс әкелген қасіретті өз жүрегінен өткізіп, көркем шығармаларында оның зардабын шынайы баяндаған суреткер. Бауыржанның болмысы, әрі пір ғып ұстанған ұраны - Шындық. Сондықтан да оның шығармалары бастан аяқ осы бір тамаша қасиетке -шындыққа құрылған.
Осындай шығармасының бірі - «Мәскеу үшін шайқас кітабы». Ол бас - аяғы төрт бөлімнен тұратын соғыс шындығы қамтылған туынды. Сонымен қатар бұл шығармадағы оқиғаларға қатысы бар адамдар есімдері өзгертілмей, жанды кейіпкер ретінде көрінеді. Бұл образдар олар қатысатын оқиғалардың шынайылығы мен сенімділігін арттырып және жазулының өз шығармасына қажетті тіректі өмір шындығынан алынғанын көреміз.
Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас» туындысында, ержүрек батыл кейіпкерлер өмірде шын болатын табиғи қалпында құралған. Аты аңызға айналған ұлт батыры Бауыржанның шығармалары тереңге тартқан ерлік пен өнегеліктің сарқылмас қазынасы іспетті туындылар. Жалпы,соғыстан кейінгі қазақ әдебиетін Бауыржан Момышұлының шығармаларынсыз қарап, бағалау мүмкін емес. Бауыржан орысша жазса да, қазақша жазса да ұлттық өрнектен айырылмаған қазақ жазушысы.
Б.Момышұлы шығармаларының маңызы - оқиғаларды шыншылдықпен бейнелеуінде, сондай - ақ борыш, ар - намыс, сенім, патриотизм сияқты моральдық - этикалық мәселелерді шешуге құралады. Бауыржан өз шығармалары арқылы адам рухының асқақтығын, оның Отанын сүйген патриоттық рухын аша білді. Сонымен қатар жазушы шығарма қызығу басты ерекшеліктері ретінде - орыс тілі мен қазақ тілінде жаза алуымен әр шығарманың басты кейіпкері де, авторы да өзі екендігінде. Бұл ерекшелік қандай да бір шығармаға өзіндік сипат дарытады. Сондай-ақ жазушы шығармалары әр кез жастарға бағытталып отыруы да, оның шығармасының жазылуы осы өскелен жастарға аға ұрпақтың ерліктерін паш ету мен арды жоғары ұстаған ұлттық рухтың көрініс алуымен ерекшеленеді. Демек, қазіргі жас ұрпақ Бауыржанның өмірлік тәжірибесінен алынған мақал-мәтелдерінен үлгі өнеге ала отырып оны өмір тәжірибесінде қолданғандар, ізін басушылар баршылық. Солардың бірі. Олжас Сүлейменов. Бір кездесуде ол:
«Қазақтың ішінде маған қатты әсер еткен идеал етіп ұстанған адамым Б.Момышұлы болды»-деп ашуы тегін емес.
Жалпы, Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында, қаһармандықтың қайнар көзін ұлттық дәстүрлерден табатыны, бостандық пен тәуелсіздікті бәрінен де жоғары қоятындығы анық байқалады.











Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет