Қорытынды
Бауыржан Момышұлы өз заманының асқақ заңғары. Ол өз өмірін халыққа тәлім –тәрбие беруге, оларды бостандық таңын аттыруға, елін, жерін, Отанын сүюге, патриоттық сезімге үйретті. Ұлттық мақтаныш пен ұлтжандылық тұрмақ, тіпті адам деген жоғары қадір-қасиеттен алыстатып бара жатқан мына бір қиын, сапырылысқан заманда Бауыржандай асылымызға, оның ұлы да айбатты тұлғасына әруақытта назар аударып, оның өмір мен өлім бетпе-бет ұшырасып, бір аяғың көрде, бір аяғың жерде болған өлі арада да өзінің ұлтжандығын ешуақытта ұмытпағандығын қазіргі бейқам көңілді, ешнәрсенің парқына бара бермейтін жастарымыздың есіне салып отыруымыз біздің азаматтық парызымыз. Ол ұрпаққа тәрбие беретін өнер жолына қалам тартты. Сонымен қатар артына құнды шығармалар, өлеңдер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер қалдырып кетті. Біздер соны қолға алып, ұрпаққа өнеге беретін батыр нақылдарын зерттедік. Бауыржан атамыз өзі айтқандай: «Бір нәрсені білу үшін-зерттеп білу керек. Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес»-деген. Біз өзі қалдырған өсиетті ұран тұтып, оны зерттедік және біраз сырға қанық болдық. Біз де Б.Момышұлының тағылымының жаңғыруына өз үлесімізді қосамыз деп ойлаймыз.
«Даңқтылар өлсе де олар жөніндегі аңыз өлмейді»-демекші, Б.Момышұлының қалдырған өнегесі ешқашан өлмейді. Жылда Б.Момышұлының туған күніне қарсы іс-шаралар өткізіліп жатады. Соның арқасында сол іс-шараның жастардың тәрбиесіне қандай пайда бергенін байқауға болады.
Қазақстан тәуелсіздігінің қанат жайып, өркендеуінің бірден-бір кепілі оған атын беріп отырған ұлттың рухани қуатының жоғары болуы. Сонда ғана бізді өркөкірек алпауыт елдер сыйлауы, бізбен санасуы мүмкін. Сондықтан біздің Бауыржан Момышұлымен мақтануымыз жеткіліксіз. Оны мақтап, мадақтап, ардақтап, онымен мақтануымыз бүгінгі күн тұрғысынан өте аздық етеді. Еліміздің өркендеуі үшін даладай дархан, баладай пәк, сеніммен мең бұзған, тәуекелмен жау жыққан Бауыржандай ұлтшыл болып, өз ұлтымызды аялауымыз керек.
Соңғы кездерде Бауыржан Момышұлының естеліктерін зерттеу жұмыстары қызу жүруде. «Бауыржантану» ұйымы оның көп томдық жинақтарын шығару үстінде. Бірақ, зерттеулер әлі толық емес. Себебі, Бауыржан атамыздың әлі ашылмаған қырлары өте көп. Оның өлеңдері, жазбалары-барлығы да енді жарық көреді. Болашақта да жастар арасынан осы бағытқа қызығушылар табылып, зерттеу жұмыстарын жандандырып, тарихтың жаңаруына өз үлестерін қосады деген үміттеміз.
.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» -Алматы, «Атамұра», 2003
Б.Момышұлы «Қанмен жазылған кітап», Алматы, «Жазушы» 2004
Бауыржан Момышұлы» ,қанатты сөздері, мақал-мәтелдері, өлеңдері, Алматы, «Атамұра», 2006
Бауыржан Момышұлы: «Москва үшін шайқас»
https://malimetter.kz/bauyrzhan-momyshuly/
https://stan.kz/bauirzhan-momishyli-dankti-zhauingerdin-uzdik-olenderi
https://www.inform.kz/kz/bauyrzhan-momyshuly-moskva-ushin-shaykas
Достарыңызбен бөлісу: |