Тақырыбы: Білім беру – жалпы адамзаттық құндылық ретінде
Орындаған: Оспанова Арайлым
Қабылдаған: Махмутова Кулсара
Шымкент, 2023
Жоспар
І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім 1. Білім беру дегеніміз…………………………………………………
2. Жалпы адамзаттық құндылық ретінде маңызы…………………….
ІІІ Қорытынды ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Қаншалықты кең тараса да, бір қарағанға тұрақты болып көрінгенімен, «білім» түсінігі көп мəнділігімен ерекшеленеді. Əдетте, бұл термин мазмұны жағынан келесідей түсініктемелерге ие болуы мүмкін: білім - жалпыадамзаттық құбылыс; білім - əлеуметтік мəдени мұра; білім – жүйе; білім – педагогикалық процесс; білім – нəтиже. Категориялық тұрғыдан білім жалпыадамзаттық құндылық ретінде танылады. XX- ғасырдың 60-жылдарынан адам, мораль, гуманизмге, жалпы субъектив жағдаяттар проблемасына қызығушылық артудан, бұл категория философиялық деңгейде қарастырыла бастады. Құндылықтар табиғатын, олардың құндылықты дүние болмысы мен оның құрамындағы орнын аксиология ғылымы зерттейді. «Құндылық» термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларды белгілеу, əрі сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан жəне субъектив болып ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатынастардың өнімі жəне олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына кіреді. Ал субъектив құндылықтар – бұлар бағалау –баға негізіне алынған өлшем-шектері, өрнек үлгілер, əлеуметтік стандарттар. Бұлардың бəрі идеялар, принциптер, мұраттар, іс-əрекет мақсаттары ретінде қоғамдық санада бекіп, ол сананың бағыт-бағдарын айқындап отырады.
1.Білім дегеніміз. Білім – бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес. Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық процесс – бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс. Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-əлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты- қоғамның əлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске əлеуметтік тəжірибе ұсынылады, əрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат бағдарлы ұйымдастырылған іс-əрекеттер жəрдемімен, тəрбиелеуші жəне тəрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шəкірттер санасына, еркі мен көңіл-күйіне жүйелі əсер етумен орындалып жатады. Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері- бұл оқу жəне тəрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі, тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады. Өз кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-əрекет процестерінен құралады: оқу-оқыту жəне бұдан туындайтын өзіндік тəрбие.
Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:
- ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру);
- тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі);
- дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі);
- аксиологиялық (тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру);
- əлеуметті икемдестіру (тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу).