Реферат Тақырыбы: Білім берудің негізгі мақсаты ретінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру



бет2/2
Дата04.04.2023
өлшемі34,24 Kb.
#78997
түріРеферат
1   2
Байланысты:
DOC-20230330-WA0054.

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту идеясы ертедегі Грек мемлекетінде пайда болып, өткен дәуірдегі алдыңғы қатарлы прогресшіл ойшылдары терең толғантқан. Педагогикалық және философиялық еңбектерден «жан-жақты дамыту» идеясы туралы көзқарастар қайта өрлеу дәуірінен бастау алған /XV-XVIғ.ғ/. Олардың негізінде дене және рухани сұлулықтың үйлесімді дамуы, жетуі-тек адамдардың өнермен, гимнастикамен айналысуы.Аристотельдің көзқарасында — дене, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуы ретінде қарастырса, қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистер Витторино да Фельтре, Ф.Рабле, М.Мантень, Э.Роттердамский жан-жақты идеясын дамыта отырып, тұлғаның «эстетикалық дамуы» қажеттілігіне назар аударды. Кейіннен жеке тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуы жайында пікірлер социал-утопистер Томас-Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Сен-Симон еңбектерінде де дұрыс көзқарасқа әрі толық мазмұнға ие болды. Олар қоғамның барлық мүшелері қатысқан «еңбек пен оқытудың бірлігін» жан-жақты даму деп қарастырды. Бірақ та қанаушы тапқа бөлінген қоғам жағдайында бұл ойды жүзеге асыру мүмкіндігі болмады. Сондықтан да бұл арман «утопистік» сипатта қала берді.
Жан-жақты дамыту идеясын орыстың революцияшыл-демократиялық педагогикасының негізін қалаушылары Н.Г Чернышевский мен Н.А Добролюбовтар да қолдады. Н.Г Чернышевский тәрбиенің мақсаты жайлы-қоғамдық идея жағынан ұстамды, күрес адамын, революционерді тәрбиелеу, халық мүддесін ойлайтын «азаматтық істерге» араласа алатын, адал ниетті адамдар тәрбиелеу деп жаңа қоғам үшін күрескерлерге қажетті қасиеттер жөнінде өз көзқарасын білдірді.Маркстік философияның негізін қалаушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс тұлғаның жан-жақты дамуы жайлы пікірлерінде «ақыл-ой» тәрбиесімен «дене» тәрбиесін бірлікте қарастырып, жастардың практикалық қызметін «техникалық оқумен» ұштастырды. Тәрбиенің мақсатын қоғам дамуымен бірлікте қарастырып, қоғамдағы өндіріс күштерінің даму заңдылықтарына терең талдау жасап, қоғамдағы еңбек бөлінісінің біржақтылығы, адам баласының біржақты дамуына әсер еткенін, еңбек тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесінің алшақтығы таптық қоғамда тәрбие мақсатының сипатында екі жақты айырмашылықтың болғанын өз дәуірінде ғылыми түрде дәлелдеп берді. Сонымен қатар, олар барлық жастағы адамдарда қабілет, талант немесе дене тәрбиесі біркелкі дамымайтындығын айта келе, ол үшін жас өспірімдерге бірдей жағдай туғызу қажеттігіне аса назар аударды.К.Маркс пен Ф.Энгельстің пікірлеріне терең талдау жасап, Ленин адам баласының бойындағы таланттың сырын ашып, оған жағдай жасайтын күш «мектеп» екендігіне, тұлғаны жан-жақты дамытуда мектептің негізгі құрал болатындығына көз жеткізе дәлелдеді.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымының, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз – ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, ой қорытуы, сын-пікірлер айтуы мүмкін.Тәрбиелік қызмет неғұрлым қарқынды, саналы түрде жүргізілсе, тәрбиенің сапасы да соғұрлым жоғары болады. Бұл үшін тәрбиеші өз шәкіртін жақсы көруі және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай білуі қажет.
Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз оны мәдениетке үйрету, білім, білік, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Ұлттық көркемөнермен, әдебиетпен, ғылыммен айналыстыру, адамгершілік құндылықтар, жүйесін ұғына білуге, сөйтіп жеке бастың тәжірибесін үздіксіз байытып отыруға себін тигізу. Мәдениетке араласу, сайып келгенде, адамның шығармашылық дамуы деуге де болады. Бұл жерде ең басты маңызы бар нәрсе – адам дамуының психикалық және функционалдық заңдылықтарын, сонымен қатар қазақ халқының психологиялық сипаттамасын анықтайтын бірден бір ғылым – ұлттық психологияны меңгеруге байланысты туындайды. Сондықтан да оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту барысында оларды ұлттық мәдениет рухында дамытуға қажетті барлық қолайлы жағдайларды ескеру керек. Ең бастысы – ұстаз өз халқының ұлттық мәдениетінің бай тәжірибесіне ие болуы қажет. Әр мектепте оқу – тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсарту және ұлттық мәдениет байлығын әлем мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қабылдату әр ұстаздың өзіндік әдіс – тәсіліне, шығармашылық қабілетіне байланысты.Қазақ мәдениеті жас ұрпақты тәрбиелеп дамытудың өте маңызды, бай қайнар бұлағы. Оның ғасырлар бойғы тарихы, адам өмірінде болатын маңызды оқиғаларды, жеке тұлғаның даму ерекшеліктерін айқындайтын ұлттық салт-дәстүрлері, оның ғылымы, шығармашылығы мен өнері, ғажайып бай тілі даналық, адамгершілік, парасаттылық сияқты қасиеттерге толы, ал ол қасиеттер өнегелі, творчестволық жағынан дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға үлкен себін тигізеді. Бұған әрине, тәрбие жұмысы отбасында ғана жетуге болады. Бұл жерде балалардың этникалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытып тәрбиелеудің айтарлықтай икемді және белсенді әдіс – тәсілдері үлкен роль атқарады.

Қорыта айтқанда, тұлғаның жан-жақты дамуына арқау болатын М.Жұмабаевтың айтқан «Тәрбиедегі мақсат — адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару» деген пікіріне қосыла отырып, ол үшін әрбір тұлғаның өзіне тән адами қасиеттерін қалыптастырып, дербес ерекшеліктерін жан-жақты әрі үйлесімді дамыту қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет