Орындаған: Мырзабаева А.А.
Қабылдаған: Таңатарқызы Г.
Шымкент 2023
Білім беру — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері— ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.Қазіргі заманда білім берудің мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік құндылық іс- әрекетті жүзеге асыруда тұлғаға қажетті қасиеттерді дамыту. Оқытуға мұндай максат қою тұлғаның іскерлік, білім дағдысы жағынан жан-жақты жетілген, толыққанды ақыл ойы, дене бітімі ерік жігері күшті болуын қамтамасыз етеді. Өмірдің мәдени жағын игеруге білім іскерлік дағды өте қажет. Сондықтан да білім ордаларында өнер мен ғылымның негізін оқыту өз мүддесі үшін емес, нағыз әдемілікті танып білуге үйрететін құрал.
Тұлғаның жан жақты үйлесімді дамуы туралы түсініктер сонау көне дәуірдің философиялық ілімдерінде, қайта өркендеу дәуірінің гуманист-педагогтарынын еңбектерінде кездеседі.Біздің заманымызда да бұл ұғым өзекті орын алып отыр. Түрлі тарихи кезеңдерде жан-жақты үйлесімді даму ұғымына түрлі түсініктер берілтен. Тек адамның жақсы болуға, жан-жақты жетілуге деген ұмтылысы ғана бірдей болған.Барлық халық ертегілерінде, аңыздарында жағымды кейіпкерлер образдары арқылы адам тұлғасын жан-жақты жетілдіру ойлары орың алып отырған. Жан — жақты жетілген адам тураты көзқарас әдебиет пен өнер шығармаларында, халық шығармашылығында дамытылып отыр.
Жан-жақты’ үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру -тәрбиенің басты мақсаты.
Тәрбие — адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.Кезінде К.Д. Ушинский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу тәрбие процесінде оң нәтиже бермейтіндгін, керісінше тәрбиенің ғылыми заңдылықтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген. Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетілдіру, дамыту мүмкін емес.Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның заңдылықтары ретінде қарастырылады.Педагогтың тәрбиелік іс — әрекетіндегі басты мақсат – жеке тұлғаның өзіндік дамуына көмектесу, оның шығармашылық потенциалын жүзеге асыру, оқушының әлеуметтік – экономикалық мұқтаждықтары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, оқушыларды жеке даралыққа үйретіп, өз проблемаларын шешудегі белсенділіктерін арттыруға қажетті және жеткілікті жағдай жасау.Педагогтің тәрбиелік функцияларының мазмұны — педагогикалық процесті басқару функциялары негізінде анықталады.
«Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырылады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту ұғымы-оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы»