Реферат тақырыбы: Болмыс туралы көзқарастар


Платон мен мәселелері пристотельдің философиясындағы болмыс мәселелері



бет3/4
Дата23.10.2023
өлшемі92,88 Kb.
#120693
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
миртажиева болмыс

Платон мен мәселелері пристотельдің философиясындағы болмыс мәселелері
Аристотель философиясында алғаш рет өткен дәуір көзқарасына терең талдау жасады. Ол "Метафизика" деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі — болмысты жан-жақты зерттей отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, философиясына сын ескертпелер айтты, әсіресе, Платонның философияна сын ескертпелер айтты. Айталық, Аристотель өзіне дейінгі философтар сиякты, болмыс мәселесіне ерекше көңіл бөле келіп, оны адамның білімімен бірге қарастырады. Міне, осы болмыс пен білім негізін ашудағы ұғымдардың қандай рөл атқаратыны жөніндегі мәселе де Аристотельді қатты ойландырады. Бұл мәселе, сонау Сократтан бастап, философияның негізгі көкейкесті мәселесіне айналған болатын. Платон сияқты Аристотель де ұғымдардын өзіне тән ерекшеліктерін көрсетіп, олардың болмысты, табиғатты, ғарышты, тағы басқаларының қасиеттері мен негізгі мәнін түсінуде айрықша құрал екендігін атап көрсетті. Бірақ Аристотель, Платон сиякты, ұғымдар идеялар өз алдына дербес өмір сүреді деген ойдан аулақ болды. Аристотельдің ойынша, Платон сиякты "идеяларды" оз алдына бөлек болмыс деп, оларды сезімдік заттар дүниесінен бөліп алудың таным теориясына ешқандай пайдасы жоқ. Негізінде, сезімдік заттар мен идеялардың болмыс табиғаты бір деп таныды.
Абай дүниетанымындағы Құдай және адам мәселесі
Ұлы Абай қазақ топырағында Алланы тану мәселесімен алғаш шұғылданған ойшыл. Ол Аллаға сену мен оны тану бір ұғым деп қарамайды. Сенім діни қағида, таным гносеологиялык ұғым. Алғашқысы діни идеологияға негіз болса, соңғысы діни философияның категориясы. Бірақ Аллаға сену және оны тану мәселелері діни сана ауқымындағы ұғымдар. Сондықтан осы проблемалармен айналысқан, пікір айтқан адамдарды біз бүгінгі күні діни ойшылдар деп жүрміз. Олай болса, Абай да діни ойшыл. Абай Алланы танушы ойшыл. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз еш уақытта жалған болмас», - деп Абай мәселені діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығына айрықша көңіл бөлген. Абай дүниетанымында Алла шындық. Демек, шындық рас болса, Алла да рас. Шындық дегеніміз, қарапайым тілмен айтсақ, өмір, яғни өмірде бар екеніміз, істеген ісіміз, сөйлеген сөзіміз. Ол рас болса, онда Алланың сөзі де рас, өзі де рас. Қысқасы, шындықты мойындау Алланы мойындау. Бұл Абай гуманизмінің көзі.
«Идея» ұғымы
"Идея" терминін ен алғаш ежелгі грек ойшылдары Анаксагор мен Демокрит қолданған. Демокрит атомдарды идеялар деп түсіндіреді. Платон болса, барлық заттардың арғы тегі - мәңгі жоғалмайтын заттардан тәуелсіз және тыс идеялар деп есептеді. Оның ойынша, идеялар заттардың алғашқы бейнесі. Олар объективтік нәрсе, өйткені олар адамдардың санасында туатын ойлар мен бейнелер емес. Заттар да, адамдар да сол мәңгілік идеялар дүниесінің туындысы, соның көлеңкесі ғана. Идеялар ешбір өзгермейді, бұзылмайды. Олар құдайлар дүниесі десе де болады. Заттар мен адамдар, олардың бейнелері мәңгі идеяларга тек біршама жақындауы, жанасуы мүмкін. Бірақ ешуақытта бірдей болып, теңесе алмайды. Шын дүние — сол идеялар дүниесі. Ал заттар мен адамдар дүниесі құбылмалы, өзгеріп, айнып, жоғалып, қайтадан пайда болып жатады. Аристотель біртұтас дүниені идеялар мен заттар деп бөлуге қарсы шықты. Оның философиясында идеяның "форма" ұғымын егіз рөлге ие болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет