Реферат тақырыбы: Болмыс туралы көзқарастар



бет1/4
Дата23.10.2023
өлшемі92,88 Kb.
#120693
түріРеферат
  1   2   3   4

Қарағанды медициналық университеті
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Кафедра: Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Блок: Философия

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Болмыс туралы көзқарастар

Қабылдаған: Мейрамовна Н.А.


Орындаған: Миртажиева А.
Топ: 2-003
Факультет: Педиатрия

Қарағанды – 2023


Болмыс және тіршілік
Болмыс-тарихи қалыптасқан, мағынасы терең философиялық ұғым.Ол «бол», «болу» секілді түсініктердің баламасы. Бұл ұғым айнала қоршаған ортаны біртұтас деп танудан туындаған. Болмыс туралы түсініктер көне философияда қалыптасты. Мысалы, Парменид бармыс - бұл тірлік, одан басқа ешнәрсе емес деп түсіндірді. Дін үстемдік еткен орта ғасырларда болмыс кұдай, жаратқан әлем деп қарастырылған. Құдай барлық тіршіліктің шыңы, мәні, шынайылық делінген. Пантеизм аясында табиғатта Құдай бастамасы тоғытылған. Бұл уақытта Дж. Бруно әлемнің көптігі идеясын ұсынды. Философияда, өнерде адамның керемет күштілігі, ұлылығы туралы ойлар кеңінен тарай бастаған. Болмыс теориясына Н.Коперник, И.Ньютон үлкен үлес қосқан. Немістің классник философиясы болмыс туралы ілімдердің екі бағытын біріктірд Маселен, Гегель нағыз болмыс деп абсолюттік идеяны, ал Л.Фейербах болмысты табиғат деп қарастырған. Келтірілген түсініктерд іжинақтай отырып, болмыс дегеніміз- дүниеде бар барлық құбылыстарды, заттарды, процестерді білдіретін ұтым деп пайымдауымызға болады. Яғни ол шексіз көп материалдық және рухани әлемдегі барлық құбылыстарды білдіреді.
Мән және бар
Мән-дүниедегі заттар мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялык категория. Аристотель Платонның мәңгілік идеялар дүниенің түпкі мәні деген көзқарасын сараптай отырып, мәні болып тұрған заттан мән бөлек мәңгі өмір сүре алмайды деген тұжырым жасайды. Оның ойы бойынша, мен тек сезімдік заттың игілігінде ғана бола алмайды. Kaнт бізден тыс дүниедегі мәннің болу мүмкіндігін мойындай отырып, оны танудың белгілі бір шегі бар екенін жазды. Гегель мәнге құбылыс тән, ал құбылыс - мәннің, яғни "абсолюттік идеяны сезімдік нақтылығын білдіреді дейді және құбылыстың жалаң қатынас емес, тереңде өтіп жататын қатынастардың тұтас бір аясы екенін айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет