Кіріспе Баспа машинасы қағаз немесе шүберек сияқты ортаға мәтіннің көптеген көшірмелерін басып шығаруға арналған механикалық құрылғы. Құрылғы ортаға тірелген сияланған бетке қысым түсіреді, осылайша суретті жібереді.
Матаның бетіне бояумен сурет салу Вавилон патшалығының кездерінен басталады. Маталарға түрлі-түсті сәндік эффектілерді алу туралы алғашқы ескертулер Плинийдің "Табиғи тарихында" кездеседі.
Бастапқыда мұндай өрнектері бар маталар кестеленген өрнектерді арзан алмастырды, бірақ уақыт өте келе олар тәуелсіз өнерге айналды. Ең басында маталар жазу және сурет салу құралдарымен қолмен боялған-алғашқы қауырсындар мен щеткалар. Орта ғасырларда ағаш мөрлердің көмегімен басылған суреттер кеңінен таралды. Сонымен қатар, шебер мөртабанды дұрыс жерге қойып, оны балғамен ұрды, яғни ол суретті толтырды. Осыдан "басылған маталар", "басылған сурет" және т. б.
Бүгінгі таңда тоқыма матасына баспа үлгісін қолданудың бірнеше тиімді әдістері бар. Жеке өнер түрі ретінде маталарды толтырудың кейбір қолмен әдістері де сақталады. Бірақ жаппай өндіріс басып шығарудың жетілдірілген және өнімді әдістерін қажет етеді.
2. Негізгі бөлім 2.1.Баспа машинасы
Баспа машинасы — баспа қалыбынан мәтіннің, әр түрлі суреттің, т.б. (кітаптың, газеттің, журналдың) ізтаңбаларын көп рет қайталап алуға арналған полиграфиялық машина. Оның негізгі бөліктері: баспа және бояу аппараттары, қағазды беріп тұратын және дайын өнімді шығаратын құрылғылар, машинаны қозғалысқа келтіретін тетіктер. Баспа машинасы басып шығару тәсіліне қарай: шығыңқы (немесе баспаханалық), жайпақ (немесе литографиялық), офсеттік және ойыңқы, ал қағазға бояу түсіруіне сәйкес: бір бояулы, екі бояулы және көп бояулы болып бөлінеді. Сондай-ақ, ол баспа қалыбы мен бетінің түріне қарай: жазық баспалы және ротациялы болып ажыратылады.
Алғашқы тигельді қол станогы 15 ғасырдың 1-жартысында, ал тұңғыш Баспа машинасы 1808 жылы жасалды. Онда баспа қалыбы орналастырылған талер мен теңселмелі тигель өзара әрекетке түседі. Жайпақ Баспа машинасын 1812—1814 жылдары Ф.Кениг (Лондон) жасады. Оның жұмыс істеу принципі жазық бетке орналасқан баспа қалыбы мен оған қағазды басып тұратын цилиндр беттің өзара қозғалысына негізделген. Жайпақ Баспа машинасы баспа қалыбы бекітілген талерден және оны қайталамалы-ілгерілемелі қозғалысқа келтіретін жетекші құрылғыдан, қағазды қалыпқа басып тұратын айналмалы цилиндрден, қағаз беретін құрылғыдан, қалыпқа бояу жағатын бояғыш аппараттан және дайын ізтаңбаны машинадан шығарып алатын құрылғыдан тұрады.
Жайпақ Баспа машинасының бір айналымды, тоқталмалы цилиндрлі және цилиндрлі реверсивті (кері бағытта) қозғалатын түрлері болады. Сондай-ақ, оның екі түрлі бояумен бояйтын екі айналымды машинасы да бар. Ротациялы Баспа машинасының алғашқы түрін У. Буллок (АҚШ) 1863 жылы құрастырды. Оның жұмысы екі цилиндр арқылы орындалады. Цилиндрдің біреуіне баспа қалыбы орналасқан, екіншісі қағаз басуға арналған. Бұл машина баспаның шығыңқы, ойыңқы тәсілдерінің қай-қайсысын болса да орындай алады. Бет саны көп газет шығару үшін ротациялы баспа машинасында бірнеше баспа қалыбы, қағаз беретін құрылғы және бүктеу секциялары біріктіріледі. Ондай агрегаттардың жұмыс өнімд. өте жоғары (6, 8, 10, 12 және одан да көп бетпен газет шығара алады). Жайпақ баспалы ротациялы Баспа машинасы парақтық және рулонды болып бөлінеді. Практикада офсеттік ротациялы Баспа машинасы (қара Офсеттік баспа) көп тараған. Мұнда ізтаңба қалыптық цилиндрден офсеттік цилиндрге, одан қағазға түсіріледі. Офсеттік рулонды машинаның жұмыс өнімділік сағатына 15 мың ізтаңба, ал парақтық машинаның өнімд. 10 мың ізтаңба. Ойыңқы баспа тәсілімен жұмыс істейтін ротациялы Баспа машинасының жұмыс өнімді парақтық машинада 6 мың ізтаңбаға, ал рулонды машинада 18—20 мың ізтаңбаға дейін жетеді.