Реферат тақырыбы: Дәнді бұршақ дақылдары, ерекшеліктері Орындаған: Журсунова Нуржайна атт23(қ)-101 тобы


Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері



бет3/4
Дата03.12.2023
өлшемі28,18 Kb.
#132935
түріРеферат
1   2   3   4
Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері.



Морфологиялық ерекшеліктері. Асбұршақ бірнеше түрлерді біріктіреді, барынша кең тарағаны егістік асбұршақ және ол негізінен азық-түліктік мақсатқа өсіріледі. Оның тамыры кіндікті, сабағы жапырылғыш, жапырақтары күрделі, қосқауырсынды, гүл шоғыры-бұтақбас, жемісі-бірнеше тұқымды бұршаққап, тұқымдары домалақ, ашық түсті.
Биологиялық ерекшеліктері. Асбұршақ-суыққа төзімді әрі ылғ,ал сүйгіш өсімдік. Оның тұқымы 1-2 С жылылықта өне алады, алайда тіршілікке қабілетті егін көгі +5 С жылылықта 20-25 тәуліктен кейін, ал 15 С температурада 7-8 тәулікте пайда болады. Бұтақтану, бүрлену, гүлдену және пісіп-жетілу кезеңдеріне барынша оңтайлы температура 15-20 С. Дақылдың егін көгі-8 С дейінгі қысқа мерзімде бозқырауды көтереді, ал гүлдену мен дәннің толысу кезеңдерінде тіпті -2-4 С бщзқырау қауіпті. Ылғалға қоятын талаптары мен бір өлшем құрғақ затты қалыптастыру үшін шығындайтын ылғал мөлшері бойынша асбұршақ ылғал сүйгіш өсімдіктер қатарына жатады, дегенмен өзінің қуатты тамыр жүйесімен топырақтың терең қабатынан суды соруына байланысты, ол көптеген басқа дәнді бұршақ , жаздық астық дақылдары, т.б. қарағандақұрғақшылықты жеңіл көтереді. Асбұршақтың ылғалға барынша жоғары талабы бүршіктену-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді. Осы кезеңдегі топырақтың жақсы ылғалдылығы оның жоғары өнімінің кепілі болып табылады. Асбұршақтың транспиранциялық коэфициенті 300-600 аралығында. Гүлдену кезеңінің созыңқылығына байланысты оның тұқымдары біркелкі піспейді, ал бұл ерекшелік егін жинау мезгілі мен тәсілін дұрыс таңдап алуға мәжбүр етеді. Асьұршақ қоректену элементтері жеткілікті қара, күңгірт, қара, қоңыр, т.б. топырақтарда жақсы өседі. асбұршақ үшін қышқыл , механикалық құрамы ауыр , сортанды және батпақтанған топырақтар жарамсыз, жеңіл құмдақ топырақтарда да ол нашар өседі.
Қарқынды өсіру технологиясы Қазақстанда асбұршақ сүрі танабынан кейінгі бірінші және екінші жаздық бидайдан кейін орналастырылады. Асбұршақ бір танапта қайта өсіруді көтере алмайды, өйткені аурулар мен зиянкестерден үлкен зардап шегеді. Топырақты негізгі өңдеу жазықтілгіштермен немесе терең қопсытқыштармен іске асырылады. Себу алдындағы топырақ өңдеу бидайдікіне ұқсас. Теңдестік тәсілімен анықталған фосфорлы тыңайтқышты топырақты негізгі өңдегенде енгізеді. Ылғалды аудандарда және суармалы жағдайда өсіргенде асбұршақ тұқымын нитрагинмен өндегенде жақсы нәтижеге қол жеткізіледі, ал мұның өзі өсімдік тамырларында түйнектеріндің түзілуіне жағдай жасайды, асбұршақтың азотты байлауын күшейтеді.Ауруларға қарсы нитрагинмен дәрілейді.Асбұршақты жаппай қатардағы тәсілмен себеді.Тұқым себу мөлшері 0,6-0,9 млн/га өнгіш тұқым.Асбұршақ тұқымдары ылғалды топырақ қабатына сіңіріледі (4-5 см-ден 8-9 см-ге дейін)Асбұршақ егісчтігін күтіп баптау егін көгіне дейінгі(себуден 3-4 тәуліктен соң) тырмалаудан басталады.Соның нәтижесінде арамшөптердің ақ жіпшеларі жойылады және топырақ қабыршағы үгітіледі.Көктегеннен кейін және тамырланғаннан соң егін көгін көлденең немесе қиғаштап жеңіл тырмалармен тырмалайды. Асбұршақ себілетін танаптардағы біржылдық аоамшөптерге қарсы линурон немесе прометрин гербицидін қолданады.Бізтұмсық, дән кеміргіштерге қарсы метафоспен өңдейді.
Асбұршақ егістігі бөлектеп жиналады.Асбұршақ тұқымының орташа ылғал-дылығы 30-35 % жеткенде немесе өсімдіктерінің орта бөлігіндегі бұршаққаптардың 70-75% сарғайғанда оны дестелегіштермен( ЖБА-3,5) дестеге шабады, ал дестеде тұқым ылғалдылығы 18-20%жеткенде бастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет