Реферат тақырыбы: «Жоңышқа, оның ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиясы»



бет1/4
Дата08.12.2022
өлшемі33,22 Kb.
#55945
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Жоңышқа (реферат)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«Агротехнология» институты


«Өсімдік өнімдерін өндіру технологиясы»
жоғарғы мектебі

«Өсімдік шаруашылығы» пәні бойынша


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Жоңышқа, оның ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиясы»

Орал 2021


Жоспары:

  1. Кіріспе………………………………………………………………..3

  2. Негізгі бөлім…………………………………………………………4

    1. .Жоңышқаның ботаникалық сипаттамасы……………………..4

    2. .Жоңышқаның биологиялық ерекшеліктері..…………………..5

    3. .Өсіру технологиясы……………………………………………..5

  1. Қорытынды…………………………………………………………8

  2. Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………….9



  1. Кіріспе

Жоңышқа пішен, пішендеме, витаминді шөп ұнын, көк балауса дайындауға себіледі.
Жоңышқа көпжылдық шөптердің ішінде құнды биологиялық және мал азықтық қасиеттерімен ерекшеленеді. Басқа бұршақтылармен салыстырғанда жақсы қорытылады, протеині мол (1 кг шөпте 150- 180г), минералдық қосылыстарға және витаминдерге бай. Оның басты құндылығы – шабылғаннан кейін тез қайта өсуі және бір жерде 6-8 жыл және одан көп жыл өнім беретіні. Ыстыққа-суыққа төзімді, топырақты органикалық заттармен байытады.
Өсімдікте қоректік заттар әркелкі тараған. Жапырақтарда белок мөлшері 30%-ға дейін жетеді, сабақтарда 13%, гүлдерде 27%.
Суармалы жағдайда жоңышқа үш рет шабылып, 80 ц астам шөп пен гектардан 400 ц жасыл жоғары ақуызды масса береді.


  1. Негізгі бөлім

    1. Жоңышқаның ботаникалық сипаттамасы

Жоңышқа (лат. Medicago) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол- топырақты тұзсыздандыратын жақсы дақыл, топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын өсімдік ретінде пайдалануға да болады.
Жоңышқаның дамуындағы фенологиялық кезеңдер: тұқымның өсуі, көктеу, бірінші нағыз жапырақтың пайда болуы, бұтақтану, бүрлену(шанақтану), гүлдену, жеміс салу, дәннің пісуі. Көктегеннен кейін алғашқы 30-35 күн жоңышқа баяу өседі.
Жоңышқаның тұқымы өсе бастағанда топырақ бетіне әуелі тұқым жарнақшалары шығады, соңынан ұзын сағақ пен жай жапырақ пайда болады, ал бірнеше күннен кейін сабақша мен нағыз үштік жапырақшалар қалыптасады.
Қазақстанда 18 түрі өседі. Жоңышқаның тамыр жүйесі- кіндік тамырлар. Негізгі тамырдан бүйір тамырлар шығып, жан-жағына шамамен 60-80 см-ге тарайды. Жоңышқа тамырларында түйнек құрайды. Бұларда ауадағы азотты сіңіретін бактериялар дамиды, бірақ топырақ температурасы 28°С-тан жоғары болғанда, бактериялардың дамуы тоқтайды. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 – 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры – көп гүлді шашақ. 12-16 гүлден тұрады, сабақ төбесі мен бүйір бұтақтарына орналасқан. Жемісі – көп тұқымды бұршақ, орақ тәрізді кейде түзу болып келеді. Жоңышқа – республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% протеин, 43,9% азотсыз заттар, 29,4% клетчатка, 3,1% май болады. Кәдімгі Жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21,7 азық өлшемі, 4,1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50,2 азық өлшемі және 13,7 кг қорытылатын протеин бар. 1000 тұқымның массасы 1,2-2,6 г, көк және көкбуданында 1,95-2,6 г.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет