Реферат тақырыбы: Денсаулық сақтайтын факторлар



бет2/3
Дата14.10.2023
өлшемі485,61 Kb.
#114888
түріРеферат
1   2   3
Ғұсман Қосанов - КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяғы. 1960 жылы ХVІІ-нші Рим Олимпиадасынан 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан күміс медалға ие болды. КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері,, КСРО – АҚШ кездесуінің 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан ―Қосанов Мемориалық атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді. 



Әмин Тұяқов - 1962 жылғы КСРО чемпионатында тұңғыш рет КСРО чемпионы атанған қазақ желаяғы. 200 метр қашықтыққа жүгіруден 6 рет КСРО рекордын жаңартты. 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие болды. Ә.Тұяқов Еуропа кубогының жеңімпазы, Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері , 50-ге тарта ірі халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әрі жүлдегері болды. 1965 жылы оған КСРО спортына еңбегі сіңген шебер жоғарғы атағы берілді және жеңіл атлетика саласында қазақ халқының даңқын әлемге аспандатқан желаяқ «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.





Ольга Сергейқызы Рыпакова — Қазақстанның үш аттап секіруден жеңіл атлеті. Ольга Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш аттап секіруден 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартып, 4-інші орында болды. Ольга Рыпакова 2010 жылы Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды. Ольга Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды. 2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды. 2000 және 2012 жылдардағы биіктеуі жекелеген спортшылардың тамаша көрсеткіштері — Ольга Шишигина және Ольга Рыпакова. Жекелеген жоғарғы нәтижелер бір жолдық жеке тұлғалардың есебінен қол жеткізіледі. ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Павел Новиковқа Қазақстандағы «спорт патшайымы» дамуына жүйелілік жетпей жатқандығы көрініп тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет