Д митрий Карпов - қазақ жеңіл атлетикасының серкесі, қарағандылық онсайысшы. 2004 жылы Афины олимпиадасының қола жүлдегері. 2003 жылы, 2007 жылы, 2008 жылы Әлем чемпионаттарының қола жүлде иегері, Азия ойындары жеңімпазы (2006 жылы Катар). 2007 жылғы Әлем рейтингісінде онсайыстан 858ұпаймен 4-ші орында табан тіреді. Дмитрий Карпов - онсайыстан 8725 ұпайлық Азия рекорды иегері (Афина Олимпиадасындағы көрсеткіші).
Қазақстандық жеңіл атлетика спортшылар үш апта ішінде жиырма жыл бойына жүздеген саясаткерлер іске асыра алмай келе жатқанды жасады: әрбір қазақстандықта отансүйгіштік және өз елін мақтан тұтар сезімін оятты. Біздің спортышыларымыздың жеңісі жаңа биіктіктерге қол жеткізу үшін ұлттың бірігуіне ықпалын тигізді. Сондай-ақ, спортқа еш қатысы жоқ жекелеген саясаткерлер қазақстандық чемпиондардың тамаша жеңісін пайдаланып қалуға тырысты. Сонымен бірге, шын мәнісінде Қазақстанның жетістігі мен спорт жеңістерін қамтамасыз етуге еңбек сіңірген саяси қайраткерлердің есімдері күткендегіден сирек аталды. Бұл олимпиадалық старт барысында маңызды болып танылатын, олардан жауапкершілік жүгін алуға мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, осы зерттеу Қазақстанның олимпиада алаңында алдағы өсуі үшін маңызды әлеуеті бар екендігін айғақтайды. Осы үрдістегі шешуші роль атқаратын:
Бұқаралық спортты дамыту;
Талантты балалармен жұмыс жасайтын жаттықтырушылардың материалдық қажеттілігін жақсарту;
Шет елден спорт менеджерлері мен селекционер-жаттықтырушыларды тәрбиелеу және тарту;
Көп медальдар ұтысқа қойылатын және төрешілер минималды роль атқаратын олимпиадалық спорт түрлерін дамыту (жеңіл атлетика, жүзу, ескек және с.с.). Дегенменде, Қазақстандағы жеңіл атлетика спортын сәтті дамыту үшін алдағы уақытта игілікті іс – шараларды бірте-бірте жолға қою қажет.
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.
Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған.
Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті.1880 жылы Англияда Британ империясыныңшеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йоркқаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.
1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.
Қорытынды
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері
атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.
Достарыңызбен бөлісу: |