Реферат Тақырыбы: Дифференциалдық күшейткіш Орындаған: Асылханов. Р тобы: АжБк 201



Дата17.10.2023
өлшемі60,12 Kb.
#116833
түріРеферат

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Реферат


Тақырыбы: Дифференциалдық күшейткіш


Орындаған: Асылханов.Р
Тобы: АжБк 201
Қабылдаған: Тасқалиев.Ә


Ақтөбе, 2023
Дифференциалдық күшейткіш.
1. Тұрақты ток күшейткіші.
2. Дифференциалдық күшейткіш.
3. Дифференциалдық күшейткіштің негізгі көрсеткіштері және сипаттамасы.


Тұрақты ток күшейткіші.
Күшейткіш каскадтардың электрлік сұлбаларында кірмелік сигнал С1 конденсаторы арқылы, ал шықпалық сигнал С2 конденсаторы арқылы өтуі керек. Конденсаторлың кедергісі жиілікке тәуелді екені белгілі. Олай болса төменгі жиіліктік сигналдардың шамасы да, пішіні де өзгеріске ұшырайды. Сондықтан құрамына конденсатор кіретін күшейткіштер тұрақты токты күшейтуге жарамайды (жиілігі бірер герц немесе герц үлесіне тең айнымалы токтарды жуықтап тұрақты ток деп қарастыруға болады). Басқа сөзбен айтқанда, тұрақты ток күшейткіштері тұрақты және өте ақырын (жәй) өзгеретін кернеулерді күшейтеді. Тұрақты ток күшейткішінің амплитудалық-жиіліктік сипаттамасы.
Тұрақты ток күшейткіштері автоматтық реттеу және басқару жүйелерінде, өлшеуіш приборлардың датчик сигналдарын күшейту және электрлік емес шамаларды түрлендіру көп қолданылады. Тұрақты ток күшейткіштері жұмыс әрекетіне қарай тікелей күшейту ТТК және тұрлендіру арқылы күшейту ТТК болып бөлінеді. Тікелей күшейту тұрақты ток күшейткішінің сұлбасы.

Тұрақты ток күшейткішінің амплитудалық-жиіліктік сипаттамасы

Тұрақты ток күшейткішінің сұлбасы.
Тұрақты ток күшейткішінде кіріс сигналының айнымалы құрамында, тұрақты құрамында күшейтуі тиіс. Сондықтан каскад аралық элементтері ретінде тек резисторлар, стабилитрондар, диодтар ғана қолданылады. Кіріс сигналы тікелей VT1 базасына беріледі. VT1 транзисторының қалыпты жұмысын қамтамассыз ету үшін, кернеудің бір бөлігін Uб2 – эмиттерге жалғанған RЭ2 резисторымен теңгереді және IЭ2 тогы өтеді:
Uб2 = (Uк1 + Uэ1) – Uэ2 . VT1 және VT2 транзисторларының тізбегіндегі кедергілерді келесі шартпен таңдайды:

Тұрақты ток күшейткіштеріндегі негізгі кемшілік - зиянды құбылыс – нольдік дрейф. Нольдік дрейф деп кіріске сигнал берілмегенде немесе кіріс сигналы өзгермегенде, шығыс кернеуінің өзінен-өзі өзгеруі. Нольдік дрейфтің негізгі себептері: күшейткіш құрамындағы транзистордың өз параметрлерін - сыртқы орта температурасы әсерінен, қорек көзі кернеуінің өзгерісі әсерінен, схема құрамындағы активті және пассивті эементтердің ескіру әсерінен өзгертуі. Мұндай зиянды құбылыстарды болдырмау үшін екі кірісті дифференциалдық күшейткіш дүниеге келген еді.
Қазіргі дифференциалдық күшейткіштер – шығыс кернеуі екі кіріс кернеуінің айырмасын бірнеше есе арттырғанға тең электронды құрылғы.
Дифференциалдық күшейткіштер белгілі бір нүктеге қатысты кернеудің абсолютті мәнін көрсетпейді, екі нүкте арасындағы потенциал айырмасын көрсетеді. Мысалы: тірі организмнің нақты нүктелері арасындағы электрлік потенциалдарды өлшеу (электрокардиограмма, электроэнцефалографии және тағы басқа зерттеу әдістері)
Дифференциалдық күшейткіштің кіріс сигналы бір фазалы немесе дифференциальды (екі кірісті) болуы мүмкін. Ол шығыс каскадтың схематехникалық өзгерістеріне байланысты. Кірмелік сигналды транзисторлардың базаларына кезекпен беруге немесе екі базаға екі сигнал беруге болады. Егер бір сигнал ғана берілсе, онда екінші транзистордың кірмесі қысқа тұйықталуы керек.
Екі кіріс екі транзистордың базасына беріледі. Шығыс кернеу коллектор тізбегіндегі көпірден алынады. Оң және теріс қорек көзінен қоректенеді.
Әдетте, дәлдігі жоғары жүйелерде күшейткіштің күшейту коэфициентінің жоғары мәні және кіріс кедергісі мәнінің жоғарылығы талап етіледі. Ол теріс кері байланыспен қамтамассыз етіледі. Алайда бір күшейткіш көмегімен кіріс кедергісінің жоғары мәнін қамтамассыз ету мүмкін емес. Содықтан көбіне, дифференциальдық күшейткіштерді өндірісте құрамында бірнеше дифференциальдық күшейткіші бар, күшейту коэффициентін баптау (реттеу), жиіліктік коррекция жасау мүмкіндігі бар және шумдарын бәсеңдету мүмкіндігі бар микросхема түрінде жасап шығарады.

Екі нүкте арасындағы потенциал айырмасын анықтауға арналған сұлба.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Игумнов Л.В.
Основы микроэлектроники : Учебник для техн. по спец. " Производство изделий электр. техники / Л. В. Игумнов. - М. : Высш. шк., 1991. - 254 с. : ил.
2. Микроэлектроника : Учебное пособие для втузов: В 9 кн. - М. : Высшая школа. - 1987
3. Микроэлектроника : Учебное пособие для втузов / Под ред. Л.А. Коледова. - М. : Высшая школа. - 1987
4. Кн.2 : Полупроводниковые интегральные микросхемы / Г.Г. Казеннов, В.Я. Кремлев. - 141 с. : ил.
5. Микроэлектроника : Учебное пособие для втузов: В 9 кн. / Под ред. Л.А. Коледова. - М. : Высшая школа. - 1987
Кн.3 : Базовые матричные кристаллы и программируемые логические матрицы / М.Ф. Пономарев, Б.Г. Коноплев. - 94 с. : ил.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет