Реферат тақырыбы: «Еңбек өнімділігін талдау» Орындаған: 3 курс эи20-07 тобының студенті Сержанов Е. Ж



бет4/7
Дата27.07.2023
өлшемі28,51 Kb.
#104839
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СРСП титулдық беті (копия) (копия)

2.3 Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері
Еңбек өнімділігі- алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі).Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынмен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (заттандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.
Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері- еңбек өнімділігінің деңгейін көрсету тәсілдері. Өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің деңгейі жұмыс уақытының бір өлшеміне шаққанда өндірілген өнімнің санымен (тікелей көрсеткіш) немесе өнімнің бір өлшемін дайындауға жұмсалған жұмыс уақытының мөлшерімен (кері көрсеткіш, яғни еңбек сыйымдылығы) өлшенеді. Өнімді өндіруге жұмсалған еңбек шығыны адам-сағат, адам-күн, адам-ай (тоқсан, жыл) есебімен көрсетіледі, мұның өзі сағаттық, күндік, айлық еңбек өнімділігі көрсеткіштеріне сай келеді, оның деңгейін бір жұмысшыға, бір жұмыскерге т.б. шағып белгілеуге болады. Өнім шығару (жұмыстарды орындау) көлемінің қабылданған өлшеуіштеріне сәйкес еңбек өнімділігін өлшеу заттай, еңбек,құндық әдістеріне бөлінеді. Заттай әдісте еңбек өнімділігінің деңгейі заттай өлшеммен (т,м, дана т.б.) есептелетін өнім мөлшерінің жұмыс уақытының шығынына немесе жұмыскерлердің орташа тізімдік санына қатынасымен айқындалады.
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар.
Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.
Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті.
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) — бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы:
ЕӨ = Өнім көлемі / Жанды еңбек шығындары
Бұның көп тараған формалары:
еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
еңбек еткен бір адамның шығарғаны.
Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы, капитал қайтарымы темендейді, ал материал қайтарымы өседі:
Капитал қайтарымы = - Өнім көлемі / Негізгі капитал шығындар
Материал қайтарымы = - Өнім көлемі / Агымдагы материалдық шығындар
Көпфакторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде мыналар болады:
-ағымдағы шығындар (жұмысшы күшіне, шикізат, материалдар сатып алуға т.б.);
-аралас бағалау (осы және басқалар).
Еңбек өнімділігінң көпфакторлық және жалпы көрсеткіштерін есептеудің бастапқы формуласының түрі:
МФ = Q / f(x)
немесе:
МФ = ΔМФ / МФ
Бұнда x — МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар;
Еңбек әдісінде өнімнің алуан түрлері олардыөндіруге жұмсалған еңбек шығыны бойынша өлшенеді немесе еңбек сыйымдылығының деңгейлері салғастырылады.Құндық әдісте еңбек өнімділігі орта есеппен бір қызметкерге шаққандағы немесе жұмыс уақытының белгілі бір өлшемінде дайындалған өнімнің құнымен көрсетеді.
Затқа айналған еңбек шығыны- өндірістің бастапқы кезеңінде жанды еңбектеніп,жанды еңбектің материалды жағдайын көруге қызмет атқарып,жанды еңбек өнімділігіне қатыспайды.
Қоғамдық еңбек өнімділігінде ғана жинақталған қорытындыны, тиімділікті анықтағанда жанды және затқа айналған жалпы еңбек шығындары бірге есепелінеді.
Еңбек шығынын азайтып,еңбек өнімділігін арттыру арқылы өнімнің өзіндік құнын азайтуға болады.Өнім өндіруде еңбек шығыны азайған сайын, өнімнің өзіндік құны арзандап, кәсіпорынның пайдалылығы өседі.
Еңбек өнімділігі- бір жұмысшының белгілі бір уақытта (сағат, күн,ай, тоқсан, жыл) істеген мезгілінде өндірілген өнім саны немесе өнімді өндіру бірлігіне жұмсалған еңбек шығынымен өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет