Реферат тақырыбы: «Еңбек өнімділігін талдау» Орындаған: 3 курс эи20-07 тобының студенті Сержанов Е. Ж



бет7/7
Дата27.07.2023
өлшемі28,51 Kb.
#104839
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СРСП титулдық беті (копия) (копия)

Қорытынды
Экономиканың дамуындағы басты алғышарт – еңбек өнімділігінің артуы болса, еңбек өнімділігінің арттыруда еңбектің капиталмен қарулану деңгейінің жоғары болуы аса маңызды. Бірақ бұл әлі күнге дейін барлық зерттеушілермен ескеріле бермейді. Еңбек өлшемі бойынша да ақша өлшемі бойынша да еңбектің капиталмен қарулануы тек қана ресми статистикамен жоққа шығарылмайды, сондай-ақ экономикалық категория экономика оқулықтарында да сирек кездеседі. Олардың көпшілігінде тіпті «еңбектің каиталмен қарулануы» деген ұғым бола бермейді.
Еңбек өнімділігі — динамикалық көрсеткіш. Оның тек өзінің алға басушылық өзгерісінде мәні бар. Нақ еңбек өнімділігінің артуы ел көлемінде экономикалық өсу мен экономика дамуын қамтамасыз ететін негізгі шарт болып табылады. Еңбек өнімділігі көптеген факторларға байланысты. Еңбек өнімділігінің факторлары – бұл осы көрсеткіштің өзгеруіне себепкер болатын объективті және субъективті себептер. Оларды еңбек өнімділігін арттырудың қоры ретінде де қарауға болады. Еңбек өнімділігін арттырудың рөлі мен оның негізгі факторларының классикалық анықтамасын А. Смит «Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» еңбегінде берілген. Ол «кез келген халықтың жер мен еңбегінің жылдық өнімі, басқаша оның өндіруші жұмысшылары мен әлдеқашан жұмыс істеп жатқан өндіруші күштердің санын арттыру арқылы капиталды, яғни қорды ұлғайту нәтижесінде немесе жұмыс істеушілерді өте тиімді бөлу және тарату нәтижесінде ұлғаюы мүмкін » деп жазды.
Еңбек өнімділігі бірінші жағдайда-өнімді өндіруге кеткен уақыт бірлігінде, екінші жағдайда-еңбек сыйымдылығы - дайындалған өнім бірлігінде есептелінеді.
Көптеген кәсіпорындарда экономикалық талдау жасаған кезде көбінесе топтық факторлар бойынша еңбек өнімділігінің өсуін талдау әдістемесін қолданады. Бұл талдаудың мәні белгілі бір фактор немесе топ факторлар алынып, олардың еңбек өнімділігінің өсуіне әсерін жұмыс күші арқылы есептейді. Факторлар бойынша еңбек өнімділігінің талдауы жалпы түрде жүргізіледі. Ал ішкі өндірістік резервтердің топтары бойынша еңбек өнімділігін талдау нақты болады.
Сондықтан да екеуін де қолдану, талдауды терең жүргізуге және техникалық, технологиялық ұйымдастырушылық, психофизиологиялық, әлеуметтік шараларды құрастыру үшін қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері еңбек үрдісінің тек сандық жағын көрсетеді. Демек, оны сапалы бағалау үшін жеке және ұжымдық еңбек нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін арнайы талдау қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қасымова А.Ғ, Танекеева Г.Ж. «Экономикалық талдау», - Қарағанды 2010.

  2. Ахметжанова Б.А. , Қасымова А.Ғ. , Танекеева Г.Ж. «Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау»,- Қарағанды : ҚарМТУ баспасы 2005.

  3. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005.

  4. Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005.

  5. Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003.

  6. Wikipedia.com


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет