Реферат Тақырыбы: Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері және оның динамикасын талдау Орындаған: Тексерген: Алматы 2021 Жоспары


Еңбек өнімділігі туралы жалпы түсінік



бет2/7
Дата27.07.2023
өлшемі30,7 Kb.
#104841
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-104935

2.1 Еңбек өнімділігі туралы жалпы түсінік
Еңбек өнімділігі дегеніміз-кәсіпорында жұмысшылардың нақты еңбегі мен қабілетінің нәтежесінде,белгілі бір жұмыс уақыттында саны мен сапасы жоғары өнімді өндіру деңгейін сипаттайтын маңызды экономикалық катерория.
Еңбек өнімділігінің деңгейін өнімгекеткен еңбек шығынын еңбек үрдісінің қорытындысы мен салыстыру арқылы анықтайды.
Еңбектің көп саладағы жұмсалған алуан түрлі шығындарын екі топқа бөлуге болады:
а)Жанды еңбек шығыны-нақты өнімді өндіру мен тікелей айналысатын жұмысшылар категориясының жұмыс уақыты;
б)Мүліктенген немесе затқа айналған шығын немесе өткендегі еңбек шығыны.Бұл затқа айналған еңбекте өнеркәсіп өндірісіндегі өндіріс құралдарын жасауға кеткен еңбек шығындары, яғни шикізат,материалдарды, жабдықтарды т.б. өнеркәсіп салаларындағы өнім өндіруде қолданылатын құралдарға кеткен, өткен мезгілдегі еңбек шығындары.
Осыған орай еңбек өнімділігі жанды еңбек өнімділігі және қоғамдағы еңбек өнімділігі болып бөлінеді.
Қоғамдағы еңбек өнімділігі барлық жанды еңбек шығыны мен өткендегі еңбек шығындарын қосып есепке алса, жанды еңбек шығыны тек кәсіпорындағы өнімге кеткен шығынды қамтиді.
Сонымен, жанды еңбек өнімділігі өнеркәсіптің әрбір өндіріс бұйымдарындағы-бригада, цехтардан бастап салаға дейінгі еңбек өнімділігінің тиімділігін сипаттайды.Тек жанды еңбек- өнімді тікелей дайындайды.
Затқа айналған еңбек шығыны- өндірістің бастапқы кезеңінде жанды еңбектеніп,жанды еңбектің материалды жағдайын көруге қызмет атқарып,жанды еңбек өнімділігіне қатыспайды.
Қоғамдық еңбек өнімділігінде ғана жинақталған қорытындыны, тиімділікті анықтағанда жанды және затқа айналған жалпы еңбек шығындары бірге есепелінеді.
Еңбек шығынын азайтып,еңбек өнімділігін арттыру арқылы өнімнің өзіндік құнын азайтуға болады.Өнім өндіруде еңбек шығыны азайған сайын, өнімнің өзіндік құны арзандап, кәсіпорынның пайдалылығы өседі.
Еңбек өнімділігі- бір жұмысшының белгілі бір уақытта (сағат, күн,ай, тоқсан, жыл) істеген мезгілінде өндірілген өнім саны немесе өнімді өндіру бірлігіне жұмсалған еңбек шығынымен өлшенеді.
Еңбек өнімділігі – жалпы ішкі өнім көрсеткіштерін экономикадағы жұмысбастылыр санына бөлгенге тең. Жалпыға ортақ тұжырым – ол бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамытуда капитал мен еңбек өнімділігінің өсуі үлкен маңызға ие.
Еңбек өнімділігі - капиталдың алғашқы жиналымының және алдағы ұлттық экономика капитализациясының қайнар көзі. Еңбек өнімділігінің артуы өнімнің бір данасына есептегенде капитал қайтарылымының өсуіне, материалдық қолданыстың азаюына және қосымша құнның ұлғаюына ықпал етеді, ЖІӨ, ЖҚҚ және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет