Реферат тақырыбы: Ежелгі Орта Азияның мәдениеті Орындаған : 102 ком студенті Ахметова А. С. Қарағанды 2023 жыл


X-XIII ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті мен сәулет өнерінің дамуы



бет2/7
Дата16.05.2023
өлшемі1,62 Mb.
#93832
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
2. X-XIII ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті мен сәулет өнерінің дамуы
X ғасыр мен XIII ғасырдың басы - экономика мен мәдениеттің өркендеу кезеңі. Осы кезде Жетісу, Ертіс бойы мен Орталық Қазақстан аймақтарында қала мәдениетіңің жаңа аудандары пайда болды. Тұтастай алғанда бұл көшпелі және қалалық өркениеттердің өзара тығыз байланыстарының кезеңі болып табылады. Х-ХІІІ ғасырдың басында қала мәдениетінің дамуында өзгерістер байқалды. Бұл ретте жаңа дін ислам маңызды рөл атқарды. Ислам мәдениеті бірінші кезекте қала тұрғындары арасына тарады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қалалар Азияның басқа аймақтарымен салыстырғанда көшпелілердің отырықшылануы есебінен анағұрлым тез өсті. Мұны араб және парсы деректері дәлелдейді. Осы кезеңдегі отырықшылыққа, қала өміріне бейімделу жайлы Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» шығармасында баяндалған. Х-ХІІ ғасырларда қала халқы VIII-ІХ ғасырлармен салыстырғанда 20-30 есеге өсті. Ірі қалаларды мыңдаған халық мекен етті. Осы кезеңде қала тұрғындарының саны өсіп қана қоймай, олардың аумағы да кеңейді. Бұл шаруашылық пен феодалдық қатынастардың дамуымен түсіндіріледі.
Қалалар мен елді мекендердің өсуі. Х-ХІІІ ғасыр басында Кедер, Йасы, Жент, Баршыкент және басқа қалалар пайда болды. Олардың біразы бұрын да кішігірім тұрақтар еді, ал Х-ХІІІ ғасырдың басында олар ірі қала орталықтарына айналды. Іле алқабында ғана Х-ХІІ ғасырларда бірнеше жаңа қалалар орнықты. Шу, Талас, Сырдария алқаптарында қала тұрақтары салынды. Қалалардың аумағы рабаттардың есебінен кеңейді. Рабаттардың ұлғаюы қамал салуды қажет етті. Испиджаб пен Отырар Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қалалар болып саналды. «Испиджаб - үлкен қаланың атауы… Ол ең құнарлы, ағашқа, суға және тамаша бақтарға бай», - деп ортағасырлық авторлардың бірі жазып қалдырған.

Х-ХІІ ғасырларда Отырардың аумағы өсіп, ірі қалаға айналды. X ғасырда Отырар қаласы орналасқан Фараб аймағы бай өңірлер қатарына қосылды. Отырар қаласы жан-жақтан көпестер бас қосатын жерге айналды. Сонымен қатар қаланың мешіт-медреселер мен моншалары, кітапханасы бар мәдениет пен ғылым орталығы ретінде даңқы шықты. VІІ-ІХ ғасырлармен салыстырғанда Отырар аумағы бірнеше есе ұлғайды. Қамалдар орталық бөлікті ғана емес, рабатты да қоршап тұрды. Қалада суқұбыры жұмыс істеді, рабат аумағында қоғамдық моншалар салынды.
Қалалардағы жер жекеменшікке беріліп, пайда түсіретін сауда орындарын, керуен сарайлар мен моншалар салу үшін пайдаланылды. Бұл үлкен табыс әкелді. Сол себепті феодалдар, оның ішінде көшпелі ақсүйек қауымы қалаларда жер телімдерін иеленді. Х-ХІІІ ғасырдың басында Жетісудың солтүстік-шығысында қала мәдениетінің жаңа шоғыры қалыптасты. Отырықшылық және қала өмірі Орталық Қазақстанға, Ертіс алқабына да тарады.
ХІ-ХІІ ғасырлардағы қала махалласының қалдықтары табылған. Махалланың әрқайсысында онға дейін үй болған. Қала тұрғындары туыстық қарым-қатынас арқылы ортақ кәсіппен, дінмен байланысты топтасты. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Жетісудың Талхиз қаласына жүргізілген қазба жұмыстары қаланың көптеген махаллалардан тұрғандығын дәлелдеді. Аулалар тұтас қабырғалармен қоршалған. Оларда мал қоралары орналасты. Кейбір үйлердің аулаларынан киіз үй белгілері табылған. Жетісу қалалықтарының тұрмысында өтпелі кезеңге тән шаруашылық дәстүрі сақталды.
Қалалар мен қала мәдениетінің дамуын монғол шапқыншылығы бұзды.
Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мәдениет 3 кезеңге бөлінеді:
1. Моңғол шапқыншылығына дейінгі
2. Моңғол империясы кезеңіндегі.
3. Моңғол кезеңінен кейінгі мәдениет.
X-XIII ғасыр басындағы Қазақстандағы сәулет өнерінің дамуы. X - XIII ғасырлардағы Қазақстан қалалары сол кездегі абаттандырудың жоғары деңгейімен ерекшеленді. Үйлерде құбыр және жылыту жүйелері болды. Ірі қалаларда суқұбырлары салынды. Ол үшін жер астымен өтетін күмбез тәрізді үңгір жолдар қазылып, қыш құбырлар төселді. Мұндай жолдардың қалдықтары Отырардан, ал Тараздан Х-ХІІІ ғасырлардағы суқұбыры табылды. Мұнда қыш құбырлар тастан және ағаштан жасалған арнайы қондырғыға орналастырылып, үсті тас тақталармен жабылған. Суқұбыры жүйесі қала орталығына биіктен бірте-бірте еңкіштей тартылып, үйлерге судың өз ағынымен берілуін қамтамасыз етті.
Қаратаудың солтүстік беткейлеріндегі Баба-Ата қазбалары қала тұрғындарының суқұбырын пайдаланғандығын көрсетеді. Таспен қоршалған құдықта жиналған бұлақ суын суқұбыры арқылы рабад аумағына жеткізген. Үйлерде әдетте қарапайым кәріз қондырғылар орнатылған. Х-ХІІІ ғасырдың басында моншалар салынды.
Археологтер қалалықтардың монша салудағы жоғары мәдениетін атап өтеді. Мәселен, Тараздағы моншаның жалпы көлемі 152 шаршы метр. Моншаның өрнекті әшекейлермен көмкерілген бөлмелері болды. Ибн Сина моншада «бірқалыпты температура, самаладай жарық, шешініп, киінуге арналған кең бөлме, қабырғаларында көркем салынған суреттер болуы тиіс» екендігін жазған. Археологтер Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларынан моншалар тапты. Моншалар еден астына орнатылған жылу құбырлары жүйесімен жылытылды. Су құдықтан алынды немесе суқұбырымен әкелінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет