Реферат Тақырыбы Ежелгі тәрбие мен психология тарихы Орындаған Кенжебекова Амина Тобы ПиП-23



бет2/2
Дата17.10.2023
өлшемі84,07 Kb.
#117679
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Бөж пжп т Кенжебекова Амина пип-23,

Психология ғылымы

Психология - адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан-алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.


Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты - психиканы субьективттік структураның, сыртқы ортаны пайымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.
Психология ғылымының дүниеге келуі 1879ж. Вундтін Лейпциг каласында алғашқы эксперементалды зертхана ұйымдастыруымен сипатталады.
Психология ғылымының даму тарихы бірнеше этаптарға бөлінеді:
1. Психология жан туралы ғылым;
2. Психология сана туралы ғылым.
3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым.
4. Психология психика туралы ғылым.


Психология тарихы

Психология тарихы - психика туралы алғашқы ғылыми түсініктер Ежелгі дүниеде (Үндістан, Египет, Қытай), философия қойнауында пайда бола бастады.


Бұл түсініктердің дамуына қоғамдық практиканың; емдеу мен тәрбие салаларының сұраныстары себепші болды. Ежелгі заман дәрігерлері психиканың ағзасы ми екенін анықтап, темпераменттер туралы ілімді дамытты. Антика дәуіріндегі психологияның ұшар шыңы Аристотельдің ілімі болған еді: ол тіршілік ете алатын материалдық дененің ұйымдастырылу нысаны деп ұғындырды. Ол обьективтік және генетикалық әдістер негізінде тұжырымдалған психологиялық ұғымдардың алғашқы жүйесін баяндады.
Эллиндік кезеңде тіршілік принципі оның белгілі бір көріністеріне айналды. Феодалдық дәуірде психика туралы ілім-білімдердің ілгерілеуі біраз бәсеңдеді. Тек орта ғасырда араб тілді елдердің озық пікірдегі ойшылдары мен дәрігерлері (Ибн Сина, Ибн әл-Хайсам, Ибн Рашид және т.б.) өздерінің жан туралы идеялары арқылы Батыс Еуропадағы жаратылыстық - ғылыми психологияның өркендеуіне жағдай жасады; осының нәтижесінде олар адамды жаратылыстың заңдарына бағынатын табиғи тіршілік иесі ретінде тәжірибелік жолмен зерттеуге мұрындық болады.
Буржуазиялық революциялар мен материалистік дүниетанымның өркендеу дәуірінде психологиялық әрекетке принципті тұрғыдан жаңа көзқарас қалыптасты, енді ол детерменизм ұстанымымен ұғыңдырылып, түсіндірілетін болды. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында психологиялық білімдердің дамуына жол ашылып, ХVІІ ғасырда жантану ғылымы бірқатар ілгері категориялармен толықты. Р.Декарт мінез-құлықтың рефлекстік табиғатын ашты, жан туралы ұғымды субьектінің өз психикалық актілерін тікелей білуі ретіндегі ұғымға айналдырды.

Нақ осы дәуірде өте маңызды бірқатар психологиялық ілімдер жарық көрді.Олар жан құбылыстарының байланысын анықтайтын байланыс ретіндегі ассоциациялар туралы (Р.Декарт, Т.Гоббс),аффектілер туралы (Б.Спиноза), апперцепция туралы (Г.Б.Лейбниц), білімнің сезімдік тәжірибеден туындайтыны туралы (Дж.Локк) ілімдері қалыптасты.


Ағылшын дәрігер Д.Гартлидің ассоциация принципі жүз елу жыл бойында психологияның басты түсіндірмелік ұстанымы болды. ХІХ ғасырда физиологияның қойнауында психикалық функцияларды зерттеудің эксперименттік әдістері пайда болып, бұл функцияларды талдауға сандық бағалауды енгізу тұрғысында алғашқы әрекеттер жасалды (Э.Г.Вебер, Г.Т.Фехнер, Г.Гельмгольц).
Дарвинизм психикалық функцияларды биологиялық жүйелердің нақты факторы ретінде зерттеу қажеттігін көрсетті. ХІХ ғасырдың 70 - 80-жылдарында психология білімнің өз алдына бөлек саласына айналды. Психологиялық зерттеулердің басты ғылыми орталықтары, арнаулы
эксперименттік лабораториялар пайда болды. Мұндай алғашқы лабораторияны 1879 жылы Лейпцигте В.Вундт ұйымдастырды. Оның үлгісі бойынша осындай мекемелер Англияда, АҚШ-та, Францияда, Ресейде пайда болды.
Психологиялық процестердің жалпы заңдылықтарын іздестірумен қатар, дифференциалдық қалыптасып, оның міндеті өлшеу әдістері арқылы арасындағы даралық ерекшеліктер анықтала бастады. Психологияның инженерлік, әлеуметтік және медициналық ХХ алғашқы ширегінде жан қуаттарының заңдылықтарын зерттеумен айналысатын психология ғылымының дағдарысы айқын байқала бастады.
Тәжірибе арқылы алынған есептеу көп нақты материалдар сана құбылыстарын теориялық тұрғыдан дұрыс түсіндіріп бере алмады. Алынған деректердің практика үшін елеулі маңызы бола тұрса да, осы ғылымның әдіснамалық (методологиялық) астары әлсіз болып психологияда бір біріне қарама-қайшы бағыттар пайда бола бастады. Соның бірі-америка психологі Дж.Уотсон (1878-1958) негізін салған бихевиоризм бағыты еді.
Бихевиористер психиканы мінез-құлықтың әртүрлі көріністері организмнің сыртқы әсерге; (стимул) қайтаратын жақсы реакцияларының жиынтығы деп түсіндірді.
Сана құбылысын тікелей зерттеуге болмайды деп, оның сыртқы ортаны танып-білудегі рөлін жоққа шығарды, адам мен жануар психикасының елеулі айырмашылықтарын мойындамады. Бихевиористер тәжірибе жасауға үлкен мән берді, жануардың мінез-құлқын математикалық жолмен зерттеп, оларды дағдыландыруда елеулі табыстарға жетті. Бірақ психикалық құбылыстар шын мәнін теориялық тұрғыдан дұрыс түсіне алмай, кейіннен ғылым сахнасынан шығып қалды.
Осы кезеңде жан қуаттарының құрылымын тұтастай зерттеудің қажеттілігіне ерекше мән берген гештальтпсихология(гештальт неміс сөзі, қазақша бейне, түр), құрылым деген ұғымдар бағыты пайда болды.
Оның негізін салған Макс Вертгеймер (1880-1943), Вольфганг Келлер (1887-1967), Курт Коффка (1886-1940), Курт Леви (1890-1947) т.б. еді. Олар сананың ұсақ элементтерге бөлінуіне қарсы шығып, жан құбылыстарының тұтастығын, олардың өзіндік сапаларының (тұтастық, тұрақтылық, құрылымдық, фигура мен фонның арақатынасы т.б.) ерекшеліктерін көрсетті.
Гештальтпсихология жан қуаттарының тұтастығын адамға әсер етуші заттармен байланыссыз, кісіге бастапқы кезден танылған жан құбылысы деп, осы бейнелердің сыртқы ортаның әсерінен туындап отыратынын еске алмады.
Аталмыш кезеңде батыс психологиясында пайда болған негізгі бағыттардың бірі- фрейдизм еді. Осы ілімнің негізін қалаған Австрия психиатры Зигмунд Фрейд (1856-1939) жан дүниесіндегі санасыз әрекеттердің табиғатын зерттеді. Ол адам санасын қалыптасу жолын түс көру, гипноз, түрлі ырықсыз құбылыстарды зерттеу арқылы түсіндіруге болады деп адам психикасының дамуында биологиялық негізге - инстинктерге ерекше мән беріп, әлеуметтік фактордың рөлін жоққа шығарды. Фрейд құштарлық
пен нәсіпқұмарлықты тіршіліктің арқауы деп ұқты. Жыныстық ләззат (либидо) алу шығармашылық іс-әрекет дамуының қозғаушы күші деп, сананың рөліне жете мән бермеді.
Кейінірек шетел психологиясында необихевиоризм, неофрейдизм, логотерапия, психогенетика, гуманистік психология дейтін бағыттар пайда бола бастады. Бұлар адамның жаны қуаттарының заңдылықтарын түрліше зерттеу әдістері арқылы түсіндіре бастады. Кеңес психологиясында адамның іс-әрекеті, сондай-ақ (С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев т.б.) бір-бірімен қарым-қатынас жасады (Б.Ф.Ломов, т.б.), оның бағыт-бағдары (Д.Н.Узнадзе т.б.) туралы теориялар қалыптасты.
Қазіргі кезде әлемде психологияның 40-тан астам саласы бар. Олардың бастылары: психофизиология, зоопсихология, салыстырмалы психология, әлеуметтік психология, балалар психологиясы, педагогикалық психология, жас ерекшелігі психологиясы, еңбек психологиясы, шығармашылық психология, медициналық психология, патопсихология, нейропсихология және т.б


Қорытынды

Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі - шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді.






Пайдаланылған әдебиеттер

Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. -- Алматы: Сөздік-Словарь, 2016.
Намазбаева Ж.И. Психология .Алматы: 2015, 293б
Ахметова А.К., Бектұрғанова С.М. Психология тарихы Оқу құралы. — Алматы: Эверо, 2016. — 152 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет