Реферат тақырыбы: Электролит ерітінділер Орындаған: Азатбекова р тобы: 1507-11 Қабылдаған: т.ғ. к,доцент Керимбаева К. З


Электролит ерітінділердің ток өткізгіштігі



бет2/3
Дата21.09.2022
өлшемі332,75 Kb.
#39747
түріРеферат
1   2   3
Электролит ерітінділердің ток өткізгіштігі.
Жалпы ток өткізгіштері бірінші текті және екінші текті болып бөлінеді. Бірінші текті өткізгіштерден ток өткенде иондар ауысуы байқалмайды, Бұған металдар мен жартылай өткізгіштер мысал болады. Ал, екінші тектегі ток өткізгіштерге электролит ерітінділері мысал. Олардағы токтың өткізілуі иондар ауысуымен және химиялық құбылыспен тікелей байланысты. Екінші тектегі өткізгішке ток бірінші тектегі өткізгіш арқылы жеткізіледі. Мұнда олардың түйіс-кен жерлерінде токтың ауысу механизмі өзгеріп, электролит ион-дары өз зарядын берсе, бейтарап атомдар зарядталады. Бұл құбылыстарды электродты процестер дейді. Ал электродты процестер М. Фарадейдің заңдарына (1834) бағынады: 1)электролиз кезінде турленген (ауысқан) заттық мөлшері ток І иамасына пропорционалды; 2) бір мөлшердегі электр тогы өткенде түрленген (ауысқан) заттыц шамасы химиялық эквиваленттілікке пропорционалды.

Ерітінді арқылы бір Кулон электр тогы өткенде ауысқан зат-тың граммен өлшенетін шамасын электрохимиялык, эквивалент дейді. Бір грамм-эквиваленттің электрохимиялык эквивалентке қатынасын Фарадей саны (Р) дейді және ол заттардың табиғаты-на тәуелсіз. Дәл өлшенген Фарадей саны Ғ = 96 484, 56 -+0,27 Қу-лон/моль. Бұл сан бір зарядты ионы бар заттың бір молінде бола-тын заряд санына тең. Оны элементар ион зарядтарыныд санына (г) көбейткенде, бір мольдегі иондар алып жүретін электр шамасы шығады. Ал, Фарадей санын Авогадро санына бөлгенде, электрон немесе протон зарядына теңелетін бір зарядты жалғыз ионның, заряды шығады:

Е= 1,6 022-10-19 Кулон = 4,8030-10-эл. ст. бірлік.

Электролиттердің электр тогын өткізгіштік қабілеті иондардың қозғалгыштығына да байланысты. Бұл құбылысты зерттеу элект-ролит ерітінділердің қасиеті жайлы көптеген мәліметтерді анық-тауға мүмкіндік береді/Мысалы, оның көмегімен әлсіз электро-литтердің диссоциациялану дәрежесі мен диссоциация константа-сының шамасы және күшті электролиттердід активтілігі мен активтілік коэффициенті жайлы деректерді анықтап, изотоника-лық коэффициентті есептеуге болады. Әр түрлі процестердің жүруін бақылау үшін иондар қозғалысындағы айырмашылық пайда-ланылады.

Ерітіндіде тасымалданатын электр саны иондардың саны және оның жылдамдығы мен заряды сияқты шамаларға күрделі функ-ционалды тәуелділікте болады Ал, жылдамдық ион табиғатына, ерітіндінің тұтқырлығына, температура мен потенциал градиенті-не байланысты

Сонымен электролит ерітіндінін, электр өткізгіштік қабілеіі электр өткізгіштікпен немесе оған кері шама — кедергімен сипат-талады.


Электролит ерітінділерінен ток өткенде электродтарда тотығу-тотықсыздану процестері – электролиз жүзеге асады.Электролиз Фарадей заңдарына сәйкес жүреді,ол таза металдар, хлор, күшті сілтілер алуда кеңінен қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет