Реферат тақырыбы: электростатикалық өрістегі өткізгіштер және диэлектриктер



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі8,73 Mb.
#129253
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Электричество реферат


Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министірлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Физика-техникалық факультеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: электростатикалық өрістегі өткізгіштер және диэлектриктер

Орындады: Ерлік Әлішер


Ергеш Бексейіт
Тексерді: Рысмаганбетова Салтанат Кумаровна
Қарағанды – 2023
Жоспары:
1. Электростатика және электростатикалық өріс туралы түсінік
2. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер.
3. Электростатикалық өрістегі диэлектриктер.
4. Поляризация түрлері.
5. Электрлік дипольдік өріс
6. Қолданылған қайнар көздер

Дененің электрлік күйін сипаттайтын және электрленген дененің өзара әсер заңдарын қарастыратын электр жөніндегі ілімнің саласын электростатика деп атайды. ғасырдың басында жүргізілген тәжірибелер электрленудің екі түрі болатындығын көрсетті:


1. Теріге үйрелген шынының электрленуіне сәйкес келетін электрлену, бұны шартты түрде оң электрлену деп атайды
2. Шыныға үйкелген терінің электрленуіне сәйкес электрлену, мұны шартты түрде теріс электрлену деп атайды.
Зарядтар тыныштықта тұрғанда олардың айналасындағы кеңістікте электростатикалық өріс пайда болады дейміз. Сонда екі зарядтың бір –біріне өзара әсерін былай түсіндіруге болады; зарядтың әрқайсысы өзінің айналасындадағы кеңістікте өріс тудырады да сол өріс екінші зарядқа белгілі күшпен әсер етеді. Сонымен, электростатикалық өріс дегеніміз материяның ерекше түріне жатады. Электрленген бір дененің басқа элекрленген денеге түсіретін әсерін осы өріс жеткізеді. Өрістің қасиеттері өрістің зарядтарға түсіретін күштері бағынатын заңдылықтар арқылы тексеріледі. Атомдар құрамына кіретін микробөлшектер ылғи да қозғалыста болатындықтан зарядталған дененің заряд шамасы кеңістік пен уақыт бойынша жылдам өзгереді. Сондықтан зарядталған денелер арасындағы әсерді сипаттайтын электр өрісі де уақыт және кеңістік бойынша өзгереді.
Электрстатикалық күш потенциалдық күшке жатады. Сондықтан электрстатикалық өрістің күштік сипаттамасы – кернеулікпен (Е) қатар, сол өрістің энергетикалық сипаттамасы потенциал да пайдаланылады. Электрстатикалық заңдары электр аппараттарында, электронды оптикалық жабдықтарда, зарядты бөлшек үдеткіштерінде, т.б. приборлар мен құрылғыларда кеңінен қолданылады.
Электростатика күнделікті өмірде бізге көбірек таныс,көруге және сезуге мүмкіндік беретін зарядтардың әсер ету құбылысы. Олардың кейбір мысалдары:

  • Көшіру машиналары және лазерлік принтерлер.

  • Дефибриллятор, зарядталған электродтар арқылы берілетін жоғарғы кернеудің көмегімен жүрек соғысын қалыпқа келтіру үшін қолданылады.

  • Отын жанған кезде пайда болатын түтіннің бөлшектерін сүзіп алып жою үшін,шаңды ұстап қалу үшін электрофильтрлерді пайдаланады.

  • Автомобильдерді электростатикалық күшті пайдалану арқылы бояуға болады. Оң зарядталған бояуды шашырататын заттар бояудың молекулаларын бір-бірінен тебілуге мәжбүрлейді, сол себепті бояу бірқалыпты жайылады. Автомобильдердің корпусы теріс зарядқа ие болғандықтан бояу оған тартылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет