«Конфликтінің пәні - қарама-қарсы жақтардың арасындағы күрестің туындауына себепкер болатын объективті түрде бар немесе бар секілді болып көрінетін мәселе (билік, қарым-қатынас мәселелері, қызметкерлер арасындағы бәсекелестік және т.б.)».
Конфликтіге түсуші жақтардың позициялары - конфликт кезінде немесе келісім процесінде бір-біріне айтылатын нәрсе.
Мысалы: кез-келген ресурсты бөлу. Егер, бұл ресурсты бөлудің ережесі болып, барлық қатысушылар сол ережемен келісетін болса, онда ешқандай мәселе де, дау-дамай да туындамайды.
Егер, ереже болмаса немесе бар ережемен бір қатысушы келіспесе, ресурсты қалай бөлу керектігі туралы сұрақ туындайды. Бұл мәселе уақытылы шешілмеген жағдайда ресурсты бөлу кезіндегі қарым-қатынас ережелерінің болмауы басты себеп болатын конфликт туындайды.
Конфликтілік жағдай және қандай да бір оқыс оқиға – конфликтінің туындауына алғышарт ретінде. Екі немесе одан да көп субъектілер көзқарастарының айырмашылықтары бар екенін түсініп қана қоймай, өзара қарсы күрес жүргізгенде ғана конфликт пайда болады. Көзқарастар мен қызығушылықтардың бір-біріне қарама-қайшы келуі және екі жақтың оны саналы түрде түсінуі конфликтінің шығуына жеткіліксіз. Конфликтінің басталуына әлеуметтік жүйедегі шиеленісті жағдайдың туындауы алғышарт болады.
Болуы мүмкін шиеленісті жағдайдың шынайы, яғни, айқын көрінетін шиеленіске айналуы конфликтілік жағдайды туындататын даулы әрекеттің субъектісі пайда болғандығының айқын көрінісі.
Субъект дегеніміз- билікке, материалды немесе рухани байлыққа байланысты қарсыласына қарағанда өзінің әділетсіз қатынасын саналы түрде түсінетін әлеуметтік топ немесе индивид.
Бірақ, конфликтілік жағдайдың субъектісі конфликтінің обьектісін құрайтын өмірлік маңызы бар ресурстың жетіспеушілік фактісін индивид немесе белгілі бір топ саналы түрде түсініп немесе сезінгенде пайда болады. Оның үстіне конфликтінің пайда болуы үшін өздерінің мақсаттарына жету үшін субъекті тарапынан жасалатын активті іс-әрекет болу керек.