Реферат тақырыбы: "Ер Төстік", " Керқұла атты Кендебай", "Алтын сақа", " Құйым батыр"



бет3/4
Дата09.05.2022
өлшемі25,71 Kb.
#33270
түріРеферат
1   2   3   4
Құйым батыр ертегісі

Ертегіде ағайынды үш ұлдың басынан кешкен оқиғалары баяндалып, ондағы ең кіші Ертегіде ағайынды үш ұлдың басынан кешкен оқиғалары баяндалып, ондағы ең кіші ұлдың тапқырлық, батырлық белсенділік, т.б. ерекше қасиеттері мадақталады.Бұл – ең көне мұрагерлік салттағы «кенже ұлдың» (минорат) ролін көрсететін түсініктердің сарқыншағы.«Кенже ұлдың» ертегідегі бейнесі жөнінде дүние жүзі фольклорында бірқатар пікірлер айтылған (Дж.Д. Фрэзер. М., 1989. С. 165-196), онда негізінен библиялық минорат пен майорат талданады. Сондай-ақ, өзге де еңбектерде бұл жөнінде түрлі тұжырымдар түйінделген (Е.М.Мелетинский. 1958. Т.1. С. 333-335).

С.А.Қасқабасов кенже ұлды дәріптеу мотивінің қазақ ертегілеріндегі ерекшелігін атап көрсете отырып, ертегілік юниаораттың екі түрлі кезеңін айқындайды. Біріншісі – рулық құрылыстың өркендеу дәуіріндегі рулық дәстүрді сақтаушы образы. Кейінгісі – рулық салттың әлсіреуінен кіші ұлдың қудаланып, әлеуметтік жағынан қысымға түсуі.

«Құйым батыр» сюжетінің кілті – түс көру мотивінен басталады. Халықтық сенімде түс көру мен оны жору арқылы не жақсылықтың, не жамандықтың болжамы жасалған. Түс көру мотиві фольклордың әр түрлі жанрларында ерекшелігімен көрінеді.Құйым мен оның үлкен екі ағасының түсі – кейіпкерлердің болашақта бастарынан кешетін барлық оқиғалардың тұспалды хабары ретінде беріліп, ертегі соңында Құйымның көрген түсінің жорылуы шындыққа айналады.

Құйымның дәумен күресіп, қалыңдығын құтқаруы – көне батырлық ертегіге тән мотив.Батырдың алдына қойылған қиын тапсырмалар: алыстағы айбөкеннің сүтін, су сиырдың сүтін әкелу мен 3 түрлі дәуді жеңу оқиғаларындағы Құйым батырды бірінен-бірі күрделі сынақтарға жұмсаудың жолын ханға тауып беруші мыстан кемпірдің қызметі жалмауыз кемпір әрекетіндей белсенді емес. Ол батырмен бетпе-бет келмейді, жасырын, өзгелер арқылы жолына тосқауыл болады.

Ертегіде Қара қасқа тұлпар бейнесі дәстүрлі бейнелеулерден өзгеше қасиетке ие. Ерге ғана лайық аттың Құйымға көмектесуі арқылы оның образы қайта жанданады.Кейіпкердің алдынан кездесетін әр түрлі бөгеттер бірнеше қайталанып келеді, әсіресе, үш рет қайталанып отыру жиі ұшырап, әрбір жаңа бөгет бұрынғыдан да әлдеқайда қиын, күрделеніп, әрі қарай шежірелік тұтастанған жырлардағыдай ұрпағының дүниеге келуі мен Арпалыстың Құйымның әке-шешесі мен екі ағасын табуы баяндалады.

Яғни, көне замандардағы 3, 7, 40 сандарының магиялық мәні ертегіде сақталған (Кеңесбаев, 1977. 312-316 б.; Толеубаев, 1991. С. 130-136).

Құйым әйелінің кітапқа қарап бал ашып, күйеуінің алдында кездесетін жайттарды болжауы – көне шамандық сенімдердің жұрнағы. Әйел бойында көне ана-шаман қасиеттерінің белгілері еріне төнген қауіпті ғана емес, өзіне келетін зиянды алдын-ала сезіп, кері қайтаруынан көрінеді.тапқырлық, батырлық белсенділік, т.б. ерекше қасиеттері мадақталады.

Бұл – ең көне мұрагерлік салттағы «кенже ұлдың» (минорат) ролін көрсететін түсініктердің сарқыншағы.«Кенже ұлдың» ертегідегі бейнесі жөнінде дүние жүзі фольклорында бірқатар пікірлер айтылған (Дж.Д. Фрэзер. М., 1989. С. 165-196), онда негізінен библиялық минорат пен майорат талданады. Сондай-ақ, өзге де еңбектерде бұл жөнінде түрлі тұжырымдар түйінделген (Е.М.Мелетинский. 1958. Т.1. С. 333-335).

С.А.Қасқабасов кенже ұлды дәріптеу мотивінің қазақ ертегілеріндегі ерекшелігін атап көрсете отырып, ертегілік юниаораттың екі түрлі кезеңін айқындайды. Біріншісі – рулық құрылыстың өркендеу дәуіріндегі рулық дәстүрді сақтаушы образы. Кейінгісі – рулық салттың әлсіреуінен кіші ұлдың қудаланып, әлеуметтік жағынан қысымға түсуі.

«Құйым батыр» сюжетінің кілті – түс көру мотивінен басталады. Халықтық сенімде түс көру мен оны жору арқылы не жақсылықтың, не жамандықтың болжамы жасалған. Түс көру мотиві фольклордың әр түрлі жанрларында ерекшелігімен көрінеді.

Құйым мен оның үлкен екі ағасының түсі – кейіпкерлердің болашақта бастарынан кешетін барлық оқиғалардың тұспалды хабары ретінде беріліп, ертегі соңында Құйымның көрген түсінің жорылуы шындыққа айналады.

Құйымның дәумен күресіп, қалыңдығын құтқаруы – көне батырлық ертегіге тән мотив.

Батырдың алдына қойылған қиын тапсырмалар: алыстағы айбөкеннің сүтін, су сиырдың сүтін әкелу мен 3 түрлі дәуді жеңу оқиғаларындағы Құйым батырды бірінен-бірі күрделі сынақтарға жұмсаудың жолын ханға тауып беруші мыстан кемпірдің қызметі жалмауыз кемпір әрекетіндей белсенді емес. Ол батырмен бетпе-бет келмейді, жасырын, өзгелер арқылы жолына тосқауыл болады.

Ертегіде Қара қасқа тұлпар бейнесі дәстүрлі бейнелеулерден өзгеше қасиетке ие. Ерге ғана лайық аттың Құйымға көмектесуі арқылы оның образы қайта жанданады.

Кейіпкердің алдынан кездесетін әр түрлі бөгеттер бірнеше қайталанып келеді, әсіресе, үш рет қайталанып отыру жиі ұшырап, әрбір жаңа бөгет бұрынғыдан да әлдеқайда қиын, күрделеніп, әрі қарай шежірелік тұтастанған жырлардағыдай ұрпағының дүниеге келуі мен Арпалыстың Құйымның әке-шешесі мен екі ағасын табуы баяндалады.

Яғни, көне замандардағы 3, 7, 40 сандарының магиялық мәні ертегіде сақталған (Кеңесбаев, 1977. 312-316 б.; Толеубаев, 1991. С. 130-136).

Құйым әйелінің кітапқа қарап бал ашып, күйеуінің алдында кездесетін жайттарды болжауы – көне шамандық сенімдердің жұрнағы. Әйел бойында көне ана-шаман қасиеттерінің белгілері еріне төнген қауіпті ғана емес, өзіне келетін зиянды алдын-ала сезіп, кері қайтаруынан көрінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет