Реферат тақырыбы: "Ер Төстік", " Керқұла атты Кендебай", "Алтын сақа", " Құйым батыр"



бет2/4
Дата09.05.2022
өлшемі25,71 Kb.
#33270
түріРеферат
1   2   3   4
Керқұла атты Кендебай ертегісі

Ертегіде екі түрлі сюжет бар: Біріншісі, батырдың тұтқын болған елді іздеп, оны зорлықшыл ханның құлдығынан құтқаруы. Екіншісі, елді шапқан жау ханның қиын тапсырмаларын орындау жолындағы кейіпкердің түрлі қаскөй күштермен күресі. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің көне батырлық ертегіге тән қасиеттерін С.А.Қасқабасов былайша тұжырымдайды: «Біріншіден, көне батырлық ертегіге тән қаһарман ғажайып туылып, ғажайып өседі, екіншіден, бала кезінен өте күшті, асқан мерген болып керемет ерлік көрсетеді, үшіншіден, батырға лайық керемет аттың тууы, өте жылдам өсуі, төртіншіден, батыр – ел намысын қорғаушы, бесіншіден, ол кәдімгі батырға лайық ерлікпен үйленеді, яғни, ертегіге тән «қаһармандық үйлену» салтын орындайды, алтыншыдан, батыр жеті басты дәумен де, алып арыстанмен де, жәдігөй сиқырлы жалмауыз кемпірмен де жалғыз өзі шайқасады. Батырлық ертегі ретіндегі сипатын айқындайтын белгі – Кендебайдың ел намысын қорғауы, тұтқын болған елді жау қолынан құтқаруы – басты тақырып.

Ал елді шапқан жау ханның тапсырмасын орындау, сол жолдағы түрліше қиял-ғажайыптық оқиғаларға араласуы сияқты ертегінің көне белгілері батырдың образын мадақтауға қызмет етеді» (Қасқабасов, 208-212б.).Қаһарман іс-әрекетіне түрткі болатын аққуға айналған пері қыздардың көрінуі – халықтың аққу жайлы көне тотемдік түсініктерінің жаңғырығы. Түркі-моңғол халықтарында аққуды киелі құс санап, өлтіруге тыйым салынады. Мәселен: якут, буряттарда бір елдің түпкі атасы аққу дейтін тотемдік түсініктер мен қатар, үйдің төбесінен аққу мен бүркіт ұшса жоғарыға су немесе сүт шашатын ырымдар сақталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет