Реферат Тақырыбы: "Ес,эмоция туралы түсінік "


) Сөздік- логикалық немесе мағыналық ес



бет2/3
Дата21.10.2023
өлшемі29,33 Kb.
#120104
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
срезп (копия)

3) Сөздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сөз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөздік- логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.
4) Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға көмектеседі. Бейнелендіру есі барлық адамдарда бар, бірақ ол әсіресе суретшілерде (олар мысалы портрет немесе пейзаждарды еске сүйеніп- ақ сала алды), жазушы, актер, композитор, архитекторларда жақсы дамыған.
Адамның материалды қанша мерзімге сактай алатындығына байланысты ес қысқа және ұзақ мерзімдік болып екіге болінеді.
Қысқа мерзімдік естің әрекеттің нақтылы міндеттерін орындауға байланысты көрінетін түрін оперативтік ес деп атайды. Оперативтік есте хабарды бірнеше секундтан бірнеше күнге дейінгі аралықта сақтауға бағытталған есті айтады. Бұл естің мәліметтерді сақтау мерзімі адамның алдына қойған мақсатымен айқындалады. Естің бұл түрі қысқа мерзімдік еспен ұзақ мерзімдік естің аралығындағы уақытты алады.
Қысқа мерзімдік ес адамда материалды аз уақыттан соң еске түсіруді мақсат тұтып, одан кейін сақтаудың қажеті жоқ деген жағдайда көрініс береді. Мысалы, кей оқушы материалды сабақта немесе емтиханда қайта жаңғырту мақсатында ғана оқиды да жауап беріп болған соң бірден ұмытады.
Ұзақ мерзімдік ес жаңа материал ұзақ уақыт, тіпті мәңгі есте сақталғанда көрініс береді. Есті қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік деп бөлудің дұрыстығы күнделікті өмірден де байқалады. Бір-ақ рет сөйлесуге қажетті телефон нөмірін біз бірнеше минут қана есте сақтаймыз да ұмытып қаламыз. Қысқа мерзімдік ес ұзақ мерзімдікке ауысуы мүмкің. Мысалы, біз ылғи пайдалана берген телефонның нөмірі есте берік сақталып қалады. Ал ұзақ мерзімдік ес бұл хабарды шексіз уақыт сақтауға қабілетті естің түрі. Ұзақ мерзімдік ес қорына түскен хабарды адам көп рет қайта жаңғырта алады. Ұзақ мерзімді есті қолдану кезінде кӛп жағдайда ойлау мен еріктің күші қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет