Реферат Тақырыбы: Фармацевтикалық өндірістегі кептіру. Кептіру тәсілдері. Кептіргіштер


Контактілі кептіргіштер. Вакуумды кептіргіштер



бет4/6
Дата29.09.2023
өлшемі3,25 Mb.
#111781
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Маулет 402 Рефараті

Контактілі кептіргіштер. Вакуумды кептіргіштер. Егер материалды өте жоғары температурада кептіруге болмайтын болса немесе ол тотығуға бейімді болса, онда вакуум кептіргіштерде сұйылту арқылы кептіреді.
Бұл кептіргіштер құрамында құнды экстрагенттері болатын сығындыларды, көбінесе, қою заттарды, қопарылғыш материалдарды және шаң тудыратын заттарды кептіру үшін қолданылады. Вакуум – кептіргіштерде төменгі температуралы пайдаланылған бу немесе конденсат қолданыла алады.
Вакуумды кептіргіштердің келесі түрлері бар: үздікті жұмыс істейтін вакуум-кептіргіш шкафтар және үздіксіз жұмыс істейтін білікті вакуум-кептіргіштер.

5-сурет
Вакуум-кептіргіш шкафтар (5-сурет) горизонтальды цилиндрлі шойын корпус болып табылады. Оған қыздырушы қуы плиталар бекітілген. Жоғарғы жағынан плиталарға қыздырушы қатаң бу жіберіледі, төменгі жағынан конденсат шығарылады.
Алдын-ала қызыдырылған плиталарға қалығдығы 20-60 мм етіп салынған кептірілетін материал бар қалыптар немесе қойылтылған сығынды құйылған жайпақ табақшалар қойылады. Шкафты жабады, вакуум насосты іске қсоады. Пайда болған су булары патрубок арқылы конденсаторға жіберіледі. Кептіру ұзақтығы 50-60°C температурада 4 сағат. Кептіру біткен соң бу жіберуді тоқтатады, салықндатады, қысымды теңестіреде. Кептірілген матриалды табақтардан түсіріп алады және ұнтақтайды. Вакуум-кептрігіш шкафтар көбінесе аз тоннажды өндірістерде қолданылады.
Вакуум-білікті кептіргіштер. Олар ішінен қыздырылатын баяу айналатын металл біліктер болып табылады. Біліктің айналу саны және оның температурасы білік бір толық айналым жасап болғанша кептірілетін сұйықтық кеуіп үлгеретіндей болып реттеледі. Кептірілген материалды біліктен қырып алады. Вакуум-білікті кептіргіштердің әр түрі болады. (6-сурет).




  1. Бір білікті батырылатын жанышқышты кептіргіш (а). Сұйылтылған ерітінділер мен сығындыларды кептіруге жарамды.

  2. Бір білікті батырылмаған жанышқышты кептіргіш (б). Бұл кептіргіш біріншіге қарағанда тиімді. Білік пен сұйықтық арасында жабдықстағыш жұмыр білік болады, оның көмегімен сұйықтықтың қалыңдық қабаты реттерледі.

  3. Екі білікті кептіргіщ (в). Біліктер қарама-қарсы бағытта айналады. Кептірілген сұйықтық біліктер арасындағы саңылауға жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет