Реферат тақырыбы: Ферметтер. Ферменттердің жіктелуі. Ферменттердің номенклатурасы



Дата16.05.2023
өлшемі25,44 Kb.
#93496
түріРеферат
Байланысты:
Усенова Аяулым срсп 6 (копия)


Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары Білім Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлтттық Педагогикалық Университеті
Жаратылыстану және География Институты
Химия кафедрасы
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ферметтер.Ферменттердің жіктелуі.Ферменттердің номенклатурасы.


Орындаған: Усенова А. О.


Тексерген: Ахтаева М. Б.

Алматы, 2023 ж.

Жоспары:


  1. Ферменттерге жалпы сипаттама

  2. Ферменттердің қасиеттері

  3. Ферменттердің жіктелуі

  4. Ферменттердің номенклатурасы

  5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ферменттер (лат. fermentum - «ашу») немесе энзимдер (гр. ζύμη - «ішінде», гр. ἔνζυμον «ашытқы») — барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакцияларды жеделдетеді.


Ферменттер - жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға қатысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады. Ферментті 19 ғ. Ван Гельмонт ұсынған, алғашқыда ашыту үдерістерінде анықталған зат. Энзимология, ферментология – ферменттерді зерттейтін ғылым саласы. Ол басқа ғылымдармен: биология, генетика, фармакология, химиямен тығыз байланысты. Ферменттердің қызметі туралы алғашқы ғылыми еңбекті Кирхгофф (1814) жариялады. Кейін ашу үдерісі ашытқы жасушаларында ғана өтеді деген ұйғарым жасаған Л. Пастерге (1871), Либих ферменттер жасушалардың өмір сүруіндегі пайда болған өнім, ол жасушада да, олардан бөлек те қызмет атқарады деген қарсы пікір білдірді. Либихтің ғылыми көзқарасы М. Манассеина (1871), Бухнер (1897) зерттеулерінде эксперимент жүзінде дәлелденді. Жасушаларда синтезделген ферменттер өзіне тән арнайы қызметтерін организмнің барлық мүшелерінде атқарады. Ферменттік қасиет, негізінен глобулалық құрылымдағы ақуыздарға тән екені белгілі. Бірақ, қазіргі кезде кейбір фибриллалық ақуыздар да (актин, миозин) катализдік белсенділік көрсететіні анықталды. Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде катализаторға ұқсас жүргізеді. Фермент өзінің әсер етуші заты – субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстраттық кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция өткен соң фермент-субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі кешеніне айналады. Содан кейін ол фермент және реакция өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді:

S + E → S·E → EP → E + P


Ферменттердің катализдік ерекшелігіне келесі қасиеттері жатқызылады:
Барлық ферменттер глобулярлы нәруыз болып табылады.
Ферменттер жайында ақпарат, басқа да нәруыздар секілді ДНҚ-да сақталған.
Фермент өздігінен жаңа реакция жүргізбейді. Ол тек термодинамикалық мүмкін реакцияны ғана жүргізеді. Реакция барысында активтендіру энергиясы төмендейді. Реакцияның үлкен кедергі энергиясын сатылап бөліп, төмендету және активтендіру энергиясын жоғарлату арқылы реакция жылдамдығын жоғарлатады.
Фермент басталған реакцияның бағытын өз бетінше өзгерте алмайды. Ол бір ғана реакция өнімі түзілуі бағытында жұмыс істейді. Мысалы, глюкокиназа глюкозадан тек глюкоза-6-фосфат түзілуін жүргізеді.
Фермент қатысатын реакция қайтымды болса, ол реакцияны екі бағытта да жүргізе алады. Мысалы, көмірсулардың гликолиздік ыдырауына қатысатын фосфогексо-изомераза, альдолаза, фосфоглицерат-киназа, фосфоглицератлидаза және т.б.
Ферменттің активтілігі pH ортаға, температураға және субстрактың концентрациясына байланысты өзгереді.
Ферменттер катализдік реакция энергиясының белсенділігін түсіреді.
Ферменттерге өте зор талғамдылық қасиет тән. Әр фермент тек белгілі бір затқа, белгілі бір байланыс түріне әсер етеді. Мысалы, мальтоза қантын ыдырататын мальтаза ферменті басқа қанттарға эсер етпейді. Ферменттер әрекетінің негізінде үш түрлі әсер жатады:

1.жинақтау (концентрациялау әсері);


2.бағдарлау (ориентациялау) әсері;
3.көп бағытты катализ.
Ферменттер алдымен ерітіндіден қоректі заттар субстратының әр түрлі молекулаларын талғап алып, оларды өз беткейіне жинақтайды, қоректі қорыту процесіне дайындайды, ал ферменттер олардың химиялық өзтерістерін тездетеді. Белоктар, майлар, көмірсулар молекулаларының құрамындағы компоненттер көбінесе ангидридтік байланыстар арқылы полимерлер түзеді. Бұл байланыстар ферменттердің әрекетімен су қосу арқылы (гидролиз) үзіледі. Сондықтан бұл процесті гидролиздік ыдырау, ал оны қамтамасыз ететін ферменттерді гидролазалар деп атайды.
Фермент атаулары екі түрлі: жүйелік (рационалды) атау және тривиалдык (жұмысшы, іскерлік атау). Ферменттердің жүйелік атаулары айтарлықтай күрделі, бірак ол реакцияға кірісетін субстрат және фермент катализдейтін химиялық реакция женінде толык мәлімет береді.

Бұл атаулар әдетте ғылыми әдебиеттерде колданылады. Жүйелік атау бойынша әр ферменттің нөмірі (шифры) болады, ол торт саннан түрады және бұл сандардыц арасы нүктемен бөлінген. Бірінші сан ферменттің класын білдіреді, екінші сан класс тармағын, үшінші сан-класс тармағы бөлігін, төртінші сан өз катарындағы рет санын көрсетеді. Ферменттердің шифрындағы әрбір сан бір-бірінен нүктемен бөлінеді.


Ферменттер құрылыс бойынша: біркомпонентті және екікомпонентті бөліп бөлінеді. Біркомпонентті фермент тек нәруыздан құралады, ал екікомпонентті фермент нәруызды және нәруызды емес бөліктер кіреді. Нәруызды бөлікті апофермент деп атайды, ал нәруызды емес бөлікті кофермент деп атайды. Коферменттердің рөлін: В1,В2,В5,В6 және т.б. витаминдер ойнай алады.

Белоктар, майлар, көмірсулар молекулаларының құрамындағы компоненттер көбінесе ангидридтік байланыстар арқылы полимерлер түзеді. Бұл байланыстар ферменттердің әрекетімен су қосу арқылы (гидролиз) үзіледі. Сондықтан бұл процесті гидролиздік ыдырау, ал оны қамтамасыз ететін ферменттерді гидролазалар деп атайды.


Фермент атаулары екі түрлі: жүйелік (рационалды) атау және тривиалдык (жұмысшы, іскерлік атау). Ферменттердің жүйелік атаулары айтарлықтай күрделі, бірак ол реакцияға кірісетін субстрат және фермент катализдейтін химиялық реакция женінде толык мәлімет береді.

Бұл атаулар әдетте ғылыми әдебиеттерде колданылады. Жүйелік атау бойынша әр ферменттің нөмірі (шифры) болады, ол торт саннан түрады және бұл сандардыц арасы нүктемен бөлінген. Бірінші сан ферменттің класын білдіреді, екінші сан класс тармағын, үшінші сан-класс тармағы бөлігін, төртінші сан өз катарындағы рет санын көрсетеді. Ферменттердің шифрындағы әрбір сан бір-бірінен нүктемен бөлінедіФерменттер құрылыс бойынша: біркомпонентті және екікомпонентті бөліп бөлінеді. Біркомпонентті фермент тек нәруыздан құралады, ал екікомпонентті фермент нәруызды және нәруызды емес бөліктер кіреді. Нәруызды бөлікті апофермент деп атайды, ал нәруызды емес бөлікті кофермент деп атайды. Коферменттердің рөлін: В1,В2,В5,В6 және т.б. витаминдер ойнай алады.


Катализдеу реакциясының түрі бойынша ферменттер 6 топқа жіктеледі : оксидоредуктаза, гидролаза, трансфераза, лиаза, изомераза, лигаза

Оксидоредуктаза – ферменттер реакцияны катализдейді, онда субстрат атомдарды қабылдайды немесе береді, Н және Оатомдарын немесе электрондарды бір заттан екінші затқа тасымалдайды.(дегидрогеназа, оксидаза .)

Гидролаза –Гидролиз реакцияларына қатысады ,реакция нәтижесінде бір субстраттан екі өнім пайда болады .Мысалы :липаза, пептидаза, амилаза.Гидролитикалық ферменттер суға қосады.

Трансфераза – … топты алмастыратын фермент .белгілі бір атомның топтарын тасымалдайды: фосфат тобы, амин тобы,метил топтарын. Мысалы мына ферменттер : трансаминаза, киназа .

Лиаза - субстраттан атом топтарын тартып алу немесе қосып алу. Мысалы: декарбоксилаза,фумараза,альдола

Изомераза - Молекула ішінде өзгерістер жасайды.Олар :изомераза, мутаза.

6.Лигаза – Екі молекуланың бірігіуін катализдейтін фермент .Екі молекуланы қосып алады, нәтижесінде жаңа байланыс пайда болады .Мысалы : фосфатаза.
Бір сөзбен айтқанда, ферменттер – биологиялық катализаторлар. Ферменттер тірі жасушада ғана емес, сонымен бірге жасушадан тыс ортада да өз күшін жоймай реакцияны тездетеді.
Олардың əрқайсысы заттардың белгілі бір түріне ғана əсер ете алады. Мəселен, сүт қантын ыдырататын фермент оған ұқсас қанттарға (мальтоза, сазароза) əсер етпейді. Ал кейбір ферменттер белоктарды, майларды, көмірсуларды құрам бөліктеріне ыдыратып қана қоймай, сол заттардың жасушада синтезделуіне қатысады. Мұндай күрделі қосындыларды синтездейтін ерекше ферменттер де аз емес.

Ферменттік реакциялар бір-бірімен ұштасып, өзара байланысып жатады. Кейде топтасып қызмет атқарады. Ферменттер жай жəне күрделі белоктарға жатады. Күрделі белоктар түрінде құрылған кейбір ферменттердің простетикалық топтарына витаминдер кіреді. Ферменттердің физикалық жəне химиялық қасиеттері белоктың табиғатымен белгіленген. Ферменттер жартылай өткізгіш мембрана арқылы диализденбейді, тұзбен тұндыруға бейім белок тəрізді түсті жəне тұнба реакцияларын береді.



Ферменттерді тұзбен тұндыру, ацетонмен фракциялау жəне колонкалы хроматография əдістерімен бөліп алғанда, олар катализдік қасиеттерін жоғалтпайды. Кристалл күйінде бөлініп алынған ферменттер өте жоғары активті болады. Ағзада реакцияларды тездетуші ферменттер белок табиғатына байланысты, бейорганикалық катализаторлардан бірқатар маңызды айырмашылығы бар. Ферменттер температура əсеріне бейімделгіш əрекеті қатаң түрде тұрақты, электролит жəне т.б. заттардың қатысында рН ортасына байланысты активтілігі күшті өзгереді..
Пайдаланылған әдебиеттер:
Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 121 бет, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. 58бет, Алматы:«Ана тілі», 1993.
Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия.83 бет,Алматы:«Білім», 1994.
Сеитов З.С. Биохимия.47 бет, Алматы: «Қазақ университеті», 2001.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет