Реферат тақырыбы: Философия-дүниетанымның бір бөлігі ретінде Орындаған: Жамалбек Бақыт



бет5/6
Дата28.02.2022
өлшемі24,2 Kb.
#26692
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Философия- дүниетанымның бір бөлігі ретінде(реферат)

Дүниетанымның теориялық негізі

Философия – бұл дүниетанымның теориялық негізі. Сондықтан ең басты мәселе ретінде бұл жерде сана мен объективті дүниенің қарым-қатынасы қарастырылады, дәлірек айтқанда сана мен материяның өзара қарым-қатынасы қарастырылады. Бұл мәселені екі аспектісі бар. Бірінші аспект мына сұраққа жауап іздеуге айқындалады: Барлық жаратылыстың түпкі себебі не – материя ма әлде сана ма? Былайша айтқанда осының қайсысы алғашқы болып табылады? Екінші аспект дүниені тануға бола ма?



Деген сұраққа жауап іздеумен байланысты. Бірінші аспекттінің мәселесінің шешіміне байланысты философтарды идеалистерге (субъективтік және объективтік) және материалистерге (метафизикалық, диалектикалық) жіктеуге болады. Алайда мұндай жіктеу философияның екі бағыты – материализм мен идеализм арасында абсолюттік қайшылықтар қалыптасқан деген көзқарасты тудырмауы тиіс. Керісінше материализм мен идеализм, философиялық білімнің дамуының біртұтас процесінің өзара байланысқан екі жағы болып табылады. Дүниені танып білу мәселесіне келер болсақ, мунда да ортақ пікір қалыптаспаған. Философтардың көпшілігі, дүниені танып білуге болады дейді. Слайда кейбір философтардың көзқарасы бойынша адам таным қабілетініің шектеулігіне байланысты (мысалы, Д.Юм) немесе заттардың өз қалпында объективті түрде танылмайтындығына байланысты. (Мысалы, Кант) Өзін қоршаған дүниені танып білуге дәрменсіз.Философияның түбегейлі мәселесінің шешімінің табылуына маңызы жағынан кем түспейтін, оның өзге де бөлімдері этиканың, эстетиканың, антропологияның,әлеуметтік философияның және т.б. да байланысы бар және әлеуметтік философия үшін дүниенің бір жүйесі ретіндегі социзмнің дамуы ең басты мәселе болып табылады. Этика үшін мұндай мәселе моральдық пайда болуы мен оның табиғаты, мейірімділік пен зұлымдық дегенміз не және т.с.с., антропология үшін мұндай мәселе – Адам және оның қоршаған дүниедегі орны қандай? Басқаша айтқанда, философияның әрбір бөлімінде өзінің өзекті мәселесі бар. Философияны түсінуде, және сонымен қатар, оның адам мен дүниені танудағы рөлінде шектен шығушылыққа жол берілген кездер де болды. Бірде философия “ғылымдардың ғылымы” немесе “барша ғылымдардың анасы” (Аристотель) ретінде түсіндірілсе, бірде ол ақиқатқа жеткізе алатын барша ғылымдардың ішіндегі патшасы ретінде жарияланды (Г.Гегель, догматикалық марксизм). Ал кейде керісінше, философиялық білімнің ақиқаттылығы, әрбір құбылыс жайлы біріне-бірі сәйкессіз керек болса біріне-бірі қарама-қарсы бірнеше көзқарастарды айту мүмкіндігі болғандықтан таққа шығарылып отырылды (Софистер) немесе, аталған білімдер априорлық сипатқа ие болып отырды (позитивистер). Ал шын мәнінде философия мен жекелеген ғылымдардың өзара қарым-қатынасы танымның символдық жасыл ағашындай. Мунда философия бұтақ болса, жекелеген ғылымдар оның қабығы іспеттес. Философия осы ғылымдардағы зерттеулердің негізгі бағытын белгілеп, оның нәтижесін ой елегінен өткізеді, әрі жалпы мәдени тұрғыдан оларға қорытынды ұғым береді. Философиялық танымның түп негізінің эмпирикалық базасы жекелеген ғылымдардың теориялары мен методтары болып табылады. Философия сананың ғылыми, тұрмыстық, көркемдік образдық немесе мифологиялық деңгейлерінде көрініс табады. Сондықтан, философияны тек ғылыммен байланыстырып оны білімнің рационалдық жүйесі ретінде ғана қабылдауға болмайды. Себебі философияға образды – пайымдық сипат тән. Сонымен қатар, философияны Ницше секілді (неміс ойшылы) тек субъективтілікке апарып тіреуге негіз жоқ. Оның қорытуы бойынша, философия, дербес ойшылдың оның субъективтілігін білдіретін жеке шығармашылығы болып табылады. Әрине, субъективті жағдай, өзіндік ерекшеліктер ойшылдың философиялық ой жүйесіне едәуір ықпалын тигізеді. Бірақ, қорыта келгенде ілім ешқашан “объективтендірусіз” өмір сүре алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет