Реферат тақырыбы: Философия-дүниетанымның бір бөлігі ретінде Орындаған: Жамалбек Бақыт



бет1/6
Дата28.02.2022
өлшемі24,2 Kb.
#26692
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Қарағанды техникалық университеті



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Философия-дүниетанымның бір бөлігі ретінде

Орындаған: Жамалбек Бақыт

Тексерген: Әубакіров Ерлан Жанайдарұлы

Қарағанды 2021



Жоспар

1. Кіріспе...........................................................................................................3

2. Дүниетаным туралы түсінік........................................................................3

3. Дүниетаным формалары..............................................................................4

4. Дүниетанымның түрлері..............................................................................5

5. Дүниетанымның теориялық негізі..............................................................7

6. Қорытынды....................................................................................................9

7. Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................10



Кіріспе

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны,    тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Көп өлшемді бұл құбылыс (дүниеге көзқарас) адам өмірінің практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.


Бірнеше ғасырлар бойы ойшылдар дүниетанымдық білімнің бастауы, оның шындық критериі туралы сұрақ қойып келді. Бірақ бұл дүниетанымдық проблема XVIII ғасыр аяғында Германияда айқынырақ қисынға келтірілген. «Дүниетаным» ұғымын енгізген неміс зерттеушісі және философ Кант: «егер адамға шынында керек ғылым бар болса, онда ол білу мүмкіндігін береді», - деген қорытындыға келді, «әлемдегі орнын қалай тиісті түрде алуға болады, адам болу үшін қандай болу керек екенін дұрыс ұғыну»1 
Дүниетанымның төрт аспектісін бөліп алуға болады: онтологиялық, гносеологиялық (танымдық), аксеологиялық (құндылық) және праксио-логиялық. Онтология - болмыс дамуының жалпылама заңы туралы ілім. Онтологиялық мәселе материалистер үшін сыртқы дүниенің объективті өмір сүруін, оның мәңгі, шексіз тіршілігін мойындаушылық, ал идеалистер үшін рухтың болмысын алғашқы, қозғаушы күш ретінде уағыздаушылық. Практикалық немесе праксиологиялық қатынас – адамның әлемге және өзіне адам қызметінің шегі, тәсілі мен мүмкіндік жағынан қатынасы. Құндылық қатынас (аксиологиялық қатынас) – адамның әлемге және өзінің тіршілік әрекетіне қатынасын өмірдің мәні арқылы көрсету. Бұл арқылы адам мен әлем туралы басқа дүниетанымдық білім өзгереді, адам өміріндегі құндылықтардың мәнін түсіну (адамгершілік, эстетикалық, әлеуметтік-саяси және т.б). Адам болмысының екі ажырамас бөлігі – рухани  және практикалық кезең. Бір жағынан адамның практикалық қызметі (адамның табиғаты және адам өзгерісі) танылған және жете түсінілген қызметке негізделген, яғни адамның шындықты рухани меңгеруі. Екінші жағынан, сана (білім мен құндылық) шындықты рухани меңгеру секілді өндірістік пен қоғамдық-тарихи қызмет нәтижесінде пайда болады және дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет