ІІІ. Қорытынды Адам - ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені, оның денесі болса да, ол ең алдымен – рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда адамның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы – шексіздікке кетеді. Сондықтан, ғасырлар бойы қайсыбір дін “адамды Құдай жаратты” деген қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр.
Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі – адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар, жаратылыс танушылар да “антроптық принципті” қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын “Ұлы Жарылыстың” негізінде пайда болған Дүние - Ғарыш Әлемі - қажетті түрде сан-алуан кездейсоқтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені – адамды тудырады екен.
Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан-алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны - “Homo Sapіens” – саналы адам, яғни, ол - рухани пенде. Адам өз алдына неше-түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен сан-алуан саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше-түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар.