Реферат тақырыбы: Фосфолипидтердің құрылысы және маңызы Орындаған: Алмасаев Э. Тобы: тпп-20-06 к


ІІ. Негізгі бөлім 1.Фосфолипидтер жайлы жалпы түсінік



бет2/4
Дата17.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#68786
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
биохимия А.Э

ІІ. Негізгі бөлім 1.Фосфолипидтер жайлы жалпы түсінік
Липидтердің ішінде әсіресе көп таралғаны фосфолипидтер. Олар майға жақын, глицеролдың екі гидроксильдік тобы май қышқылдары мен этерленген. Үшінші гидроксильдік топ фосфор қышқылының күрделі эфирін түзеді, оған азоттық негіз қосылады. Липидтердің азоттық негіздеріне холин, этаноламин (коламин), серин, инозитол жатады. Фосфолипидтер құрамына кіретін азоттық негіздерге байланысты мынадай топтарға жіктеледі: фосфатидилхолин немесе лецитин (құрамында холин бар), фосфатидилэтаноламин немесе кефалин (құрамында этаноламин бар), фосфатидилсерин (құрамында серин бар). Клеткаларда өте сирек кездесетін минорлы фосфолипидтер бар, олардың спиртті компонентері глицерол (кардиолипинде) және инозитол (фосфатидилинозитолда).



Барлық фосфолипидтер түзілетін аралық алғы зат болып фосфатид қышқылы есептеледі. Ол 1,2-диацилглицерол, үшінші гидроксил тобы фосфор қышқылымен этерленген. Табиғи фосфолипидтерде C16-22 көмірсутек атомдары бар қаныққан және қанықпаған май қышқылдары болады. Бірақта көбінесе C16-C18 май қышқылдары кездеседі. Және де, заңдылық ретінде, бір май қышқылы қаныққан, екіншісі қанықпаған, ол қышқыл глицерол молекуласының орталық (С2) көміртек атомымен этерленген. Бүл май қышқылдарында көміртек атомынан құралған ұзын полярсыз «құйрықтар» бар.
Бір маңызды жағдайды айта кету керек, глицерол молекуласы L-конфигурациялы, себебі ол L-глицерол альдегидінен түзілген. Оның молекуласында 2-ші жағдайдағы гидроксил тобы біз қарағанда сол жаққа орналасқан. Осыны ескере отырып барлық фосфолипидтердің негізін құрайтын фосфатид қышқылының құрылымдық формуласын берейік:

Фосфолипидтердің аттары оның құрамына кіретін амин спирттерінің аттарынан құралады, ал құрамындағы май қышқылдарының аттары есептелінбейді. Табиғатта көбірек таралған фосфолипидтер: фосфатидилхолин (лецитин), құрамында холин бар; фосфатидилэтаноламин (кефалин), молекуласында этаноламин болады және серин қалдығы бар фосфатидилсерин (1-сурет). Бір организмнің фосфолипидтерінің май қышқылдарының құрамы әр түрлі болады. pH 7,0 шамасында аминоспирттерде бір немесе екі заряд бар, ал сол pH шамасында фосфатид қышқылы теріс зарядталады. Сондықтан фосфолипидтерде полярлы «бас» болады. Фосфолипидтердің полярлы (гидрофильді) «басын» мына төменгі ионды топтар құрайды:

Фосфолипидтер белоктармен бірге клетка мембранасын құрайды, соның негізгі құрылымдық компоненті болып табылады. Бұл фосфолипидтердің ең маңызды ролі. Клетканың қызметі мембрананың бүтіндігі мен құрылымына байланысты, солай барлық организмнің функциясына тіреледі. Клетка мембранасының липидтік компонентінің 90% фосфолипидтерден тұрады.
Триацилглицеролдарға қарағанда фосфолипидтерде қанықпаған май қышқылдардың мөлшері басым келеді. Жануарлар мен өсімдіктердің барлық ұлпаларында жәнеде микроорганизмдерде фосфатид қышқылы аз мөлшерде табылған, 1-5% шамасында жалпы фосфолипидтер ішінде. Ол барлық фосфолипидтердің негізін салушы зат.
Фосфолипидтер ішінде ең маңыздысы және көбірек кездесетіні фосфатидилхолин. Оның мөшері барлық фосфолипидтер санының 50% шамасындай. Ол жануарлар мен осімдіктер клеткасында көп таралған. Бактерияларда кездеспейді.
Фосфотидилэтаноламин фосфолипидтердің 15-30% күрайды. Ол бас және жүлын миында, бүлшық етте және өсімдік клеткасында кездеседі. Көптеген өсімдіктер клеткасының негізгі компоненті болып есептеледі.
Фосфотидилсерин барлық прокариот және эукариот клеткалар құрамына кіреді және плазматикалық мембрананың минорлық күрамы болып табылады. Ол мембранада орналасқан коптеген ферменттердің активтігін реттейді.
Фосфатидилинозитол (2-сурет) барлық жануарлар үлпасында, өсімдіктер клеткасында, микроорганизмдерде аз мөлшерде табылған, сүт қоректі жануарлар миында көбірек болады.
Кардиолипин (2-сурет) негізінде митохондрияларда орналасқан, жүрек бүлшық етінде, өсімдіктер, кейбір бактерия клеткаларында табылған.
Клеткаларда фосфолипидтер гидролизі әр түрлі ферменттер әсерімен жүреді. Олар глицеролға, май қышқылдарына, спирттерге
(аминоспирттерге) және фосфор қышқылына ыдырайды. Организмсіз жерде қышқыл немесе сілті қосылуынымен қыздырғанда ыдырайды.

1-сурет. Фосфолипидтердің құрылымдық формулалары.
A. Фосфатидилхолин (лецитин), пальмитин (С16:0) және линол (С18:2) қышқылдарының қалдығы бар. Б. Фосфатидилэтаноламин (кефалин), стеарин және линолен (С18:3) қышқылдарының қалдығы бар. B. Фосфатидилсерин, миристин (C14:0) және арахидон қышкылдарының (С20:4) қалдығы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет