Реферат тақырыбы: Газ тәріздес отындардың құрамы. Жанғыш газдардың негізгі қасиеттері Оқу тобы: исс-18-1



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі22,63 Kb.
#14715
түріРеферат
1   2
Байланысты:
Газбен қамту.1-2 лекция

Сутегі 141900 120080 12770 10800

  • Көміртек оксиді 10590 10090 12640 11600

  • Ацителен 50240 48570 58910 56900

  • Күкіртсутек 16540 15240 25460 23490

  • Метан 55560 50080 39860 35840

  • Этан 51920 47520 70420 63730

  • Пропан 50370 46390 101740 93370

    Шахта метаны – көмірден немесе құрамында қосындысы бар кеннен бөлініп шығатын газ. Түсі, иісі болмайды, ауамен араласқанда жарылыс қауіпті қосылғышқа айналады. Оның құрамына метанның өзінен басқа көмірқышқыл газы, азот, оттегі және т.б. элементтер енуі мүмкін. Ғалымдар әлі күнге дейін шахта метаны қалай қордаланып қалады деген пікір айналасында дауласып жүр. Біреулер органикалық заттың температура, қысым және магма компоненттері арқылы көмірге айналу процессі кезінде пайда болады десе, енді біреулері оның пайда болуын термодинамикалық түрге жатқызады. Яғни, табиғатта таза күйінде метан газы жоқ, оның тек бастапқы элементтері ғана бар (сутегі мен көміртегі), ол белгілі бір жағдайларда метанның молекулаларына айналады. Бес және оданда көп шақырым шахта тереңдігінде тектоникалық кесектер арасында өндіріске пайдалануға болатын метанның орасан қоры қордаланып жатады. Әйтсе де, ғалымдар жер асты жұмыстары кезінде жер қабаттарының табиғи ерекшеліктері заңдылықтарының сақталмауынан метанның өлшеусіз қордаланып қалатындығын айтады. Мәселен, жер қойнауынан көмір алынғанда оның үстіндегі жер қыртысы бос кеңістікке күш түсіріп, оның арасынан саңылау пайда болады да, сол арқылы шахта кеңістігіне газ таралады екен. Ал бөлінетін газдың мөлшері көмір өндіру тәсіліне, газ бөлінетін кеннің ара қашықтығына, жер қыртыстарының геологиялық және физикалық ерекшеліктеріне байланысты дейді. Бір қырсығы, бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ жер қыртысынан әр жағдайда әртүрлі көлемде газ бөлінуі мүмкін. Осы белгісіздіктің кесірінен шахта кеңістігіне жайылып кететін газ мөлшерін болжап білу мүмкін емес.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет