Реферат тақырыбы: Географиялық және Картографиялық карталардың қасиеті және негізгі элементі Орындаған



бет3/4
Дата08.06.2022
өлшемі54,97 Kb.
#36528
түріРеферат
1   2   3   4

Картографиялық проекция теориясы


Картографиялық проекция теориясы (басқаша аты – математикалық картография) Жер эллипсоидын қағаз бетінде кескіндеудегі жіберілетін бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді және өте аз бұрмаланумен ғана кескінделетін проекцияларды құру әдістерін қарастырады. Проекциялар ұсақ және орта масштабты карталар жасауға қолданылатындықтан, Жер эллипсоидысы бетінің сферадан айырмашылығы ескеріліп сфера жазықтығындағы карта белгілі бір радиус R мөлшерінде ғана бейнеленеді.Картографиялық проекциядағы меридиандар (А=const болған жағдайында) мен параллельдерден (В=const жағдайда) картографиялық тор құралады.

Қалыпты Картографиялық проекциялар


Меридиандар мен параллельдердің кескінделуі жағынан жіктелімдеу – Картографиялық проекциялардың тарихи дамуының нәтижесі. Цилиндрлік проекциялар – меридиандары тең қашықтықпен өтетін параллель түзу сызықтармен, параллельдері меридиандарға перпендикуль түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұлар экватордың не белгілі бір пареллельдің бойындағы ауданды бейнелеуге қолайлы. Теңіз қатынасы карталарын сызуға Меркатордың тең бұрышты цилиндрлік проекциясы қолданылады.

Гаусс – Крюгер проекциясы. Тең бұрышты, көлденең, цилиндрлік Картографиялық проекция – топографиялық карталар жасауға және триангуляция деректерін өңдеуге пайдаланылады. Конустық проекциялар – параллельдері концентрлік шеңберлермен, меридиандары ортогональдік түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұл проекцияларда бұрмалану бойлыққа байланысты болмайды, сондықтан параллельдер бойымен орналасқан аудандарды бейнелеуге қолайлы келеді, сондай-ақ, геодезиялық проекция ретінде де қолданылады.



Карталардың қасиеттері
Жалпы алғанда карта – бұл Жер әлемі бетінің жазықтықтағы бейнесі. Бұндай қысқа да нұсқа тұжырымға қоса, жоғарыда географиялық карта атауына берілген толық анықтамадан картаға тән мынадай қасиеттер туындайды:
- масштабтылық. Картографиялық бейнелеулер нақты өлшемдерімен салыстыруда белгілі бір пропорцияда кішірейтіліп кескінделеді;
- картографиялық бейнелеудің іріктелуі. Карта бетінде ең басты, кейіпті деген құбылыстар мен объектілер көрсетіледі;
- картографиялық бейнелеудің өзгелілігі (символичность). Сызбалық кейіптеу шартты картографиялық белгілеулер мен құбылыстар картографиялық бейнелеудің тәсілдері мен келбетуеледі;
- математикалық айқындылығы. Картаны жасау картографиялық салынды деп аталатын кескіндеудің математикалық тәсілімен жүзеге асады. Мұнда бейнелеуге қойылатын шарттар: үздіксіздік пен бір мағыналылық сақталып қалады, яғни жер әлемі бетіндегі әрбір нүктеге (объектіге) сай карта бетінде бір ғана нүкте сәйкестенеді;
- картографиялық бейнелеулердің әр алуандылығы. Кеңістікті таралған қай құбылыс немесе объект болмасын оны карта бетінде келбеттеуге болады. Тіпті картаның көмегімен өткен уақытқа көз жіберуге болады. Мысалға, тарихи карталарды еске түсіріңіз.
Географиялық карта адамның тіршілік әрекетінің барлық саласында пайдаланылады. Ол – жол көрсеткіш, өнеркәсіп, энергетика, транспорт құрылыстарын барлау-іздеу, жобалау және инженерлік жобаны нақты іске асырудың негізі. Ауыл шаруашылығын жерге орналастыру, мелиорация және барлық жер қорын есепке алып, оны тиімді пайдалану ісіне керек. Халыққа білім беруде, дүние туралы білімді таратуда, жалпы мәдениетті көрсетуде өте маңызды көрнекі құралы. Территорияның картографиялық жағынан зерттелуі әскери іс үшін де маңызды. Социолониялық құрылыс жағдайында жалық шаруашылығын көптеген міндеттерін – географиялық жағдайларды дұрыс бағалау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалпына келтіру және табиғатты өзгертудің жоспарларын жасау, өндіргіш күштерді дұрыс орналастыру, экономикалық аудандарды комплексті дамыту т.б. – географиялық картаның өте сапалы болуын керек етеді. Географиялық карта ғылыми-зерттеу құралы болып табылады. Мысалы, геологиялық карта белгілі бір жердің геология құрылысын көрсетумен қатар, қазбалардың таралу заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ол – құбылыстардың кеңістегі өзара байланысы мен дамуын зерттеуде және болжауда да аса қажетті құрал.
Ғылыми практикада модельдендіру нақты объектіні оқып білуде және жасауда орын бастаушы ретінде түсіндіріліп келеді. Картографияда «модель» деген термин қолданады және өзінің ерекшеліктері бар. Модель жер бедерін, географиялық қабықты, жер қыртысын және атмосферада тіршілік ететін тірі организмдермен әлеуметтік құбылыстармен адамның іс-әрекетінен болатын құбылыстарды көрсетеді. Осы «Картографиялық модельдендіру» ұғымын орыс ғалымы географ, картограф К.А. Салищев қолданды. Ғалым К.А. Салищев карталардың ең негізгі 4 функциясын атап көрсетті.
• Коммуникативті – картаны қолдану кезінде ең негізгі хабарлар беру;
• Оперативті – карта бойынша практикалық жұмыстарды орындау;
• Танымдық – әртүрлі саладағы мамандар мен оқушылар өздерінің білімін дамыту үшін қолданады.
• Болжамдық – картографиялық моделдеу кезінде бір құбылысты бағыт бере отырып дамыту.
Географиялық картаның жиегі мен бос жерінде қосымша графиктер мен жазулар: картада қолданылған картографиялық белгілер және олардың түсіндірмелері; карта бойынша қашықтықты, бұрыштарды, объектілердің ауданын, жеке нүктелердің координаталарын, еңістікті т.б. өлшеуге қажет графиктер; картаның жасалған кезін, пайдаланған материалдарын т.б. көрсететін деректер; кейде көрсетілген объектілерді түсіндіріп, толықтыратын диаграммалар, таблицалар мен мәліметтер де болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет