3.Радиациядан қорғайтын орындардың арналуы
Радиациядан қорғайтын паналау орындары— жер радиоактивтік заттармен зақымданған кезде адамдарды иондаушы сәулелердің, жарық импульсінің, өткір радиацияның әсерінен, ішінара химиялық және радиоактивтік заттардан, биологиялық құралдардан және соққы толқынының әсерінен қорғайтын орын.
Радиациядан қорғайтын паналау орындарының қорғағыштық қасиеттері радиация дозасының әлсіреу кәэффициентімен анықталады. Қорғағыштық қасиеттері жағынан радиациядан қорғайтын паналау орындары 50-ден 200ге дейінгі қорғау коэффициентіне қарай топтарға бөлінеді. Радиациядан қорғайтын паналау орындары ретінде ең алдымен үй астындағы подвалда, ұралар және басқа жер асты жайлары пайдаланылып, олар радиациядан қорғайтын паналау орындарына койылатын талаптарға сай жабдықталуға тиіс. Олар радиациядан қорғайтын паналау орындарына бейімделіп жасалады: терезе ойықтары бітеліп, төбесіне және қабырғаларына топырақ қабаты төгіледі, ауа тарту және ауа шығару желдеткіштері орнатылып, жылу және су жүретін құбырлардың ішке енгізілген жерлері, есік ойықтары ауа кірмейтіндей етіп бітеледі. Жылу, сумен қамтамасыз ету, электр жарығы — инженерлік-коммунақалық тораптардан, ал авариялық жарық беру — аккумуляторлардан немесе электршамдардан беріледі.
Санитариялық торап бір-екі ойығы және ауа тартатын желдеткіш тесігі бар қоқыс төгілетін шұңқыр түрінде жасалады. Су құбыры жоқ кезде әр адамға тәулігіне 2 л. есебімен ауыз суға арналған тасымалданатын бактар орнату карастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |