Көз дәрілік формаларда қолданылатын консерванттардың жиынтығы (2.3)
Консерванттар классификациясы
Бейорганикалық
бор қышқылы - 1,9-2% (рН шамамен 5,0)
Органикалық
β-фенилэтил спирті - 0,3-0,5%
бензил спирті – 0,9%
p-гидроксибензой қышқылының күрделі эфирлері
нипагин - 0,05-0,23%
нипазол - 0,03-0,08%немесе олардың қоспасы (нипагин 0,18%, нипазол 0,02%)
Левомицетин 0,15%
төрттік аммоний тұздары(бензалконий хлориді, цетилпиридиний
хлориді,додецилдиметилбензиламмоний хлориді) 1:10000 концентрациясында
сорбин қышқылы – 0,05-0,2%
Металлорганикалық
этанолмеркурия хлорид 0,01%
мертиолат 0,005%.
Консерванттар ерітіндіні зарарсыздандыру алдында дәрілік формаға қосылады
Жеңіл тотығатын стерильді ДТ дайындауда тұрақтандырғыш-антиоксидант ретінде қолданылатын заттар (2.4)
Жеңіл тотығатын заттар ерітінділерін тұрақтандыру. Жеңіл тотығатын заттарға аскорбин қышқылы, адреналин гидротартраты, этилморфин гидрохлориды, викасол, новокаинамид, фенотиазин туындылары, құрамында жеңіл қозғалғыш сутек атомдары бар карбонильді, фенолды, спиртті, амин топтары бар кейбір басқа препараттар жатады. Жеңіл тотығатын заттардың ерітінділерін тұрақтандыру үшін антиоксиданттар қосылады.
Жеңіл тотығатын заттар және оларды тұрақтандыру:
адреналин гидрохлориды, адреналин гидротартраты, норадреналин гидротартраты, 1 л ерітіндіге 1 г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады;
5% аскорбин қышқылының ерітіндісіне 2 г сусыз натрий сульфитін немесе 1 г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады. Аскорбин қышқылының ерітіндісі қышқылды орта (рН 2,6 - 2,8) болғандықтан және енгізген кезде ауыртатындықтан, нейтралдау үшін, 1 л 23,85 г мөлшерде натрий гидрокарбонатын қосады;
фенотиазин туындылары - аминазин, дипразин, имизин және пропазин, 1 л ерітіндісіне 1 г натрий сульфитін, 1 г натрий метабисульфитін, 2,0 г аскорбин қышқылын қосып тұрақтандырады;
новокаинамид 1л ерітіндіге 5г натрий метабисульфитін қосып тұрақтандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |