Шажырқайлар - екі жапырақшадан құралып, мүшені бекітеді құрсақ қуысына бекітеді. Оның екі жапырақша арасында қан тамырлар мен жүйкелер өтеді. Шажырқайы бар мүшелер үнемі интраперитонельды орналысады. Ішастар туындысы болап саналатын келесі шажырқайларды атап өтсек болады:
асқазандық (mesogastrium)
аш ішек және мықын ішектік (mesentrium)
көлденен жиек ішектік (mesocolon transversi)
сигма тәрізді ішектік (mesocolon sigmoideum)
тік ішектік (mesorecti)
құрттәрізді өсінділік (mesoappendicus)
жатырлық (mesometrium)
жатыр түтіктік (mesosalphinx)
аналық бездік (mesovarium)
Шарбылар – бұл асқазан шажырқайының ұзарған түрі. Жапырақшалар арасында май тіндерінің шоғыры және қан тамыр өрімдері орналасады. Улкен және кіші шарбыларды ажыратамыз.
Кіші шарбы, omentum minus, - бауыр мен асказанның кіші иінінің және ұлтабардың жоғарғы бөлігінің арасында созылыңқы түрде орналасқан. Бір біріне жалғасатын мынандай байламдардан тұрады: Бауыр-асқазандық, lig. hepatogasrticumжәне бауыр-ұлтабарлық, lig. hepatoduodenale. Соңғы аталған байламның жапырақшаларының арасында қақпалық вена, меншікті бауыр артериясы, жалпы өт жолы және лимфа тамырлары мен нервтер орналасады.
Үлкен шарбы,omentum majus, - асқазанның улкен иінінде фартук тәрізді орналасады. Үш байламдардан түзіледі: асқазан-жиек ішектік, lig. gasrtocolicum, асқазан-көкбауырлық, lig. gastrolienale, асқазан-көкеттік, lig. gastrophrenicum.
Қатпарлар – париетальды ішастардың дубликатурасы. Тамырлар, байламдар немесе май тіндері арқылы түзіледі. Мынандай қатпарлар болады: