Реферат Тақырыбы: «Жаһандық экологиялық мәселелер Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері»



бет4/5
Дата05.11.2022
өлшемі23,45 Kb.
#47671
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат Тақырыбы «Жаһандық экологиялық мәселелер Қазақстан Респ-emirsaba.org

Фотохимиялық және улы түтін
Өнеркәсіптік (өндіріс орындары) қалдықтар - өнімдерді шығару және әртүрлі жұмыстарды орындау кезінде бастапқы тұтыну қабілетін толық немесе жарым-жартылай жоғалтқан шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар қалдықтары. Олар қайтымды және қайтымсыз (технологиялық шығындар: буға айналу, бықсық түтін, кеуіп кету) болуы мүмкін. Мәліметтер бойынша Европа одағы елдерінде жыл сайын: қайта өңдеу өнеркәсіп орындарында - 400 млн тонна, өндіріс орындарында - 160 млн тонна және т.б. қалдықтар түзіледі. 90-шы жылдардың бас кезінде барлық қалдықтардың (2,2 млрд тонна) жартысы ауыл шаруашылығындағы өндіріс орындарының еншісіне тиді.
Қоқыс қалдықтар
КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерінде жасауға мүмкіндік берді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналықэкологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.
Семей ядролық полигоны
«Тайсойған» полигоны - бұрынгы КСРО Қорғаныс мин-лігі мен Атом өнеркәсібі мин-лігінің сынақ аймағы. Полигон 1952 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында қүрылған. Сынақ ауданының жалпы аумағы 7,5 мың км², зымырандардың түсу ауданының аумағы 12,55 мың км². Полигонды стратег. мақсаттағы зымырандық әскери бөлімдер және әскери-әуе күштерінің бөлімдері пайдаланған. «Тайсойған» полигоны сынақ жұмыстарының түріне қарай 3 телімге бөлінген. 1-телімде («Мақат» алаңында) 40 жыл ішінде әрқайсысы 5,3 т болатын 300-дей СС-20 баллистик, зымырандар сыналды. Зымырандардан қалған аса қауіпті деп саналатын 600 кг-дай жанармай (НДМГ) және 1200 кг-дай азотты тотықтырушы (АК-27И) заттар сол аймақтағы 100 км²-дей жерді ластаған; әскери техника мен құралдардың 1,5 мың г-дай сынықтары әлі жатыр. 2-телімде, 929 - жазғы сынақ алаңында (ГЛИЦ) әскери-әуе күштері Сағыз өз-нің батысы мен Үшоба а-ның солт-нде сынақтар жүргізген. 3-телімде қанатты зымырандар 1991 жылдың қыркүйек айына дейін сыналған. Мұндағы сынақ жұмыстары Сағыз өзенінің шығысында жүргізілді. Бұл арасында өкпежүрек, қан тамырлары мен қатерлі ісік аурулары жыл сайын көбейіп отырған. Нәрестелердің өлі тууы, 1-2 жастағы сәбилердің өлімі жоғарылаған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет