Реферат Тақырыбы: «Жаһандық экологиялық мәселелер Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері»



бет5/5
Дата05.11.2022
өлшемі23,45 Kb.
#47671
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат Тақырыбы «Жаһандық экологиялық мәселелер Қазақстан Респ-emirsaba.org

«Тайсойған» полигоны
Маңғыстаудың соры – «Қошқар ата» уран қалдықтарын сақтау қоймасы. Ол терең сай, оған СССР дәуірінде радиоактивтік қалдықтарды, бұрынғы химия-гидрометаллургиялық зауыттың өндірістік қалдықтарын, одан қала берді фосфоридтерді тастаған. Қазір МАЭК пен қаланың шайынды сулары сонда жиналады. Кейін 130 гектарға жайылған көл пайда болған. Зауыт жұмысы тоқтаған соң ол құрғап, тартыла бастады.Ал улы қалдықтар желмен қоршаған ортаға, Каспийдің арғы бетіне дейін тарай бастады. Біз алдымен «Қошқар ата» қоймасының төңірегіндегі тіршілік көздерін - теңіздегі балықтар, жәндіктер, құрлықтағы жылан, кесіртке тәрізді тіршілік иелерінің ағзасын жан-жақты зерттедік және зерттеуге доминантты түрлерін, яғни тұрақты түрде мекендейтіндерді алдық. Зерттеу қорытындысы олардың бәрінде рак клеткаларының қайта тууы болатынын көрсетті. Ал ағзада хромосома саны өзгеріп, гиперплоидтар көбейген соң ісікке айналады.
Қошқар ата
ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі болып табылады. Алайда қазіргі таңда ТМД – дағы осы бір аса ірі ғарыш кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалып отыр.
Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерлерін тигізуде:
— ұшу процесінен кейін, атомосфераның табиғи режимі бұзылады;
— атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;
— атмосфераның озон қабатын бұзады;
— территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтары мен сынықтарымен зақымдайды;
— қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;
— ауқымды масштабта температураның жоғарылауына әсерін тигізеді.
Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді.
Байқоңыр ғарыш аймағы
Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:
1. Физикалық ластану – радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.
2. Химиялық ластану – көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.
3. Биологиялық ластану – ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер.
4. Эстетикалық зиян – табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман-тоғайлардың жойылуы, т.б.
Табиғат адамзат өмірінің басты қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы табиғи орта адамның өмір сүруін қамтамасыз етті және кейінгі ұрпақтың тұрақты дамуына тікелей өз әсерін тигізді. Ежелден табиғи орта өз заңдылығына сай дамыған болған болса, жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап табиғи орта кең көлемде зиянды әрекеттерге тап болуда.
Қорытынды
Назарларыңызға рахмет!
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет