Реферат Тақырыбы: Жаһандық экономика және еңбек бөлінісі



бет2/3
Дата05.03.2023
өлшемі25,28 Kb.
#71720
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Ержігіт Дина Реферат

Жаһандық экономика – халықаралық экономикалық қатынастардың жүйесі арқылы халықаралық еңбек бөлінісі әлемдік негізінде ұлттық экономиканы біріктіретін шаруашылық жүргізу қабатты,жаһандық жүйесі.
Жаһандық экономика міндеті:
-экономикалық және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланыстарын күрделі процесін талдау
-экономика мен әлеуметтік аяның дамуын теңестіретін жолдарын анықтауды қамтамасыз ету.
-әлеуметтік және экономикалық мәселелерді әртүрлі деңгейде (мемлекет, облыс, қала, аудан, кәсіпорын) шешу.
-әлеуметтік экономика әртүрлі модельдерін шығармашылық қалыптастыру.

Еңбек бөлінісі– еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады.
Негізгі 3 түрге бөлінеді:
• Жалпы қоғамдық өндіріс ауқымында қалыптасатын жалпы еңбек бөлінісі;
• Түрлі салалар мен өндірістер арасында орын алатын жеке еңбек бөлінісі;
• Жекелеген кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлер арасында орын алатын жеке-дара еңбек бөлінісі

Сонымен қатар аумақтық, халықаралық еңбек бөлінісі де болады. Кәсіпорындарда:


• Қызметкерлердің өндірістік-шаруашылық қызметтерге қатысуына, орындалатын міндеттердің сипатына, өндірістік үдеріске қатысуына қарай атқарымдық еңбек бөлінісі;
• Еңбек үдерісінің технологиялық жағынан бір текті жұмыс түрлері бойынша саралануына негізделген технологиялық еңбек бөлінісі;
• Қызметкерлерді кәсібі (мамандығы) және біліктілік деңгейі (разрядтар, санаттар) бойынша бөлетін кәсіптік-біліктілік еңбек бөлінісі.
Саяси экономияның негізін қалаушылардың бірі Адам Смит  «Халықтар байлығы» (1776 ж.) атты еңбегінде, тұрмыстық жағдайдың еңбектің бөлінісімен байланысты болатынына көз жеткізіп, мынадай ой айтады: егер әр адам өздерінің жұмыс орындарында әртүрлі еңбек операцияларын орындауға толық маманданса, онда еңбек өнімділігі көтеріліп, оның бөлінісі тиімді түрде жүзеге асады, ал еңбектің бөлінісі дұрыс болуы үшін барлық өндіріс факторлары мен дайын өнім өзара байланыста болуы шарт.
Осы логиканы ұстанатын болсақ, онда еңбек бөлінісінің «тереңдеуі» алға қойылған өндірістік мақсатқа, оған жеткізу үшін қолданылатын материалдық құрал-жабдықтарға байланысты. Басқаша айтқанда, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы пайдалы еңбектің бөлінісіне тікелей байланысты.
К. Маркстың пікірінше, еңбектің аумақтық бөлінісі аудандардың нақты өндіріс салаларына мамандануы болса, аймақтанушы Н.Н. Баранскийдің ұстанымында ол жалпы, жеке және бірыңғай еңбек бөлінісі түрлерінің кеңістіктегі өзарабайланысы. Ал, профессор И.С.Судеревский еңбектің аумақтық бөлінісі оның тек жалпы және жеке даму үрдісін көрсететін аумақтық астары десе, П.М.Алампиев, В.Е.Комаров, В.М.Москвич және басқалар оны тек жеке еңбек бөлінісінің бір түрі деп ұйғарым жасаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет