ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ
«Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
«Валеология және сауықтыру технологиялары»
Н
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Жаман әдеттердің алдын алу
Орындаған: Базарханова Лиза Маратқызы
Тобы: 1402-12
Қабылдаған:Тажиметова Г.Т
Шымкент,2022
Мазмұны
Кіріспе
I тарау . “Ішімдіктің организмге әсері”
1.1……………………………………………………….
1.2 “Темекі шегудің зиянды салдары”
II тарау “Нашақорлық”
1.1………………………………………………………
1.2.“Жас адамға кеңес”
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ішімдіктің организімге әсері-Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) алкоголизмге келесі анықтама беріп отыр:Алкогол деп—спирттік ішімдіктерді ішу нәтижесінде кез келген формада қоғамға немесе оның мүшелеріне зиян тигізуді айтамыз.Ішімдік көптеген созылмалы аурулардың пайда болуының негізгі факторлары болып табылады.Австралия ғалымдарының зерттеуі бойынша,бауыр церрозы ауруының 50%—ы,туберкулезге шалдығудың 30% ішімдік ішумен байланысты.Гетеборг қаласының ғалымдары 45-55 жас аралығындағы 10 мың ерлерді зерттеп ,ішімдікпен әуестенушілер әуестенбеушілерге қарағанда 2-3 есе жиірек қайтыс болатынын анықтаған.Ресей ғалымдарының зерттеуі бойынша ішімдікпен әуестенушілердің әустенбеушілерге қарағанда 20-30%-ға көбірек гипертониялық ауруларға шалдығады.
Ішімді жүрек –қантамырлар,жүйке жүйесі,ас қорыту мүшелерінің созылмалы аурулардың және жарақаттанудың,иммундық жетіспеушіліктің,сүйек ұлпалары өзгеруінің және т.б.аурулардың пайда болу себебі болып табылады.Ішімдік ішетін адамдардың балаларында туа біткен кемістіктермен кемтарлық,дене және ақыл-ой дамуы байқалады.Ішімдік бақытсыз оқиғалармен зорлық-зомбылықты,қылмыспен өзіне-өзі қол жұмсаудың негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Ішімдік қарын мен ішектен қанға тіке сіңіп,қантамырлардың ағысымен бүкіл организмге таралады.Ішімдіктің 90%-ы 1-1,5 сағатта қарында сіңіріледі,ал оның ең үлкен концентрациясы қанда байұалады және кейін ол ми,бауыр,жүрек жәнеорганизмнің басқада мүшелерінде жиналады.
Ішімдік –бұл орталық жүйке жүйесіне әсер ететін есірткілік у.Организмнің барлық қызметін реттейтін жүйке жүйесіне ішімдіктің әсері бірден байқалады.Адам қозғалысы ретсіз,жүрісі шайқалмалы,сенімсіз,сөздері байланыссыз,көз тоқтатып қарай алмайды.Ішіп алған адам айналадағыларға ұрыншақ,төбелес пен жанжалдарды шығарып,жаман сөздермен балағаттайды,бұзақылықтармен қылмыстар жасайды.
Ішімдік барлық өмірлік маңызы бар мүшелер мен жүйелерге зиянды әсерін тигізеді.Ішімдікті ұзақ пайдаланғанда бауыр ұлпаларының өзгеруі,асқазанның қабынуы,асқазан жарасына айналатын гастрит және басқа да аурулар пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |