2.Негізгі бөлім 2.1. Адам мен жануарлардың айырмашылығы
Психика жануарларға да, адамдарға да бірдей тән әрекет болғанымен олардың психикалық әрекеттерінің арасында жалғыз сан жағынан да ғана емес, сапа жағынан да кӛп айырмашылықтар да бар. Адамның психикасының айрықша ӛзгешелігі адамда сананың болуымен байланысты. Жануарларда сана жоқ, олардың ӛздерінің биологиялық мұқтаждықтарымен байланысты соқыр сезім әрекеттері және туысынан кейін тіршілік ету үшін күресінде пайда болатын санасыз дағдылану әрекеттері ғана бар.
Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол ӛзі мекендеген жердің жағдайын ӛзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Адам дүниені саналы түрде ӛзгертуге талаптанады, оны ӛз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементттерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Шығармашылық адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және ғарышқа да жол табуына мүмкіндік береді.
Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам ӛзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы ӛзіне-ӛзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, ӛзін білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана ӛзіндік сана-сезім түрінде де кӛрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында ӛз күшін реттей алады, ӛзін түзетіп және дамытып отырады. Ал жануарларда бұл қасиет жоқ.
Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол ӛзін танитын және білетін, ӛзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. Ӛзіндік сана-сезім - сананың ӛзіңді білу мен ӛзіңе қатынастың бірлігі ретінде кӛрінетін бір түрі. Ӛзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және ӛзіңді ӛзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады.
А.В. Петровский жануарлар мен адам психикасының мынадай елеулі айырмашылықтарын анықтайды:
1. Адам мен жануардың ойлауындағы айырмашылықтар. Жоғары сатыдағы жануарларға тек практикалық ойлау тән екендігі көптеген тәжірибелер арқылы дәлелденді. Адамның мінез-құлқы осы нақты жағдайдан абстракциялау және осы жағдайға байланысты туындауы мүмкін салдарды болжай білу қабілетімен сипатталады. Жануарлардың «тілі» мен адамның тілі әртүрлі, бұл да ойлаудың айырмашылығын анықтайды.
2. Адам мен жануардың екінші айырмашылығы оның еңбек құралдарын жасау және сақтау қабілетінде. Белгілі бір жағдайдан тыс жануар ешқашан құралды құрал ретінде ажыратпайды, оны пайдалану үшін сақтамайды. Ал адам болса алдын ала белгіленген жоспар бойынша құрал жасайды.
3. Үшінші айырмашылық - сезімде. Жануар да, адам да айналада болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайды. Алайда, қайғыға жанашырлық танытып, басқа адамға қуануға тек адам ғана қабілетті.
4. Жануарлар психикасы мен адам психикасының ең маңызды айырмашылығы олардың даму жағдайларында. Жануарлар дүниесі психикасының дамуы биологиялық эволюцияның заңдылықтары бойынша жүрді. Адамның нақты психикасының, адам санасының дамуы тарихи даму заңдылығына бағынады. Бірақ оның психикасын барынша дамытатын әлеуметтік тәжірибені тек адам ғана иелене алады.