Реферат тақырыбы: Жануарларда сана бар ма?


Жануарлар психикасының даму жолдары



бет3/4
Дата05.05.2023
өлшемі81,25 Kb.
#90529
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Жануарда САНА бар ма (копия)

2.2.. Жануарлар психикасының даму жолдары.


Психиканың қарапайым түрі - нерв жүйесінің болмашы қасиеті бар тіршілік иелері, мәселен, құрт тағы басқа насекомдар дүниесінде кездеседі. Бұл жәндіктерге тек сыртқы ортаны шамалау, бағдарлау ғана тән. Олар тек биологиялық мәнді зат пен әсер етуші объектінің жеке қасиеттері арасындағы байланыстарды бейнелеуге қабілетті. Психиканың бұл сатысы сенсорлық (сезімдік) деп аталады. Мұнда тікелей әсер етуші, оның үстіне, түгелдей зат емес, оның кейбір қасиеті ғана бейнеленеді. Мәселен, ӛрмекші ӛрмек пен тамақтың (ӛрмекке түскен шыбын) арасындағы байланысты бейне-лендіреді, бақа жейтін қоректік затын түсі мен формасына қарап ажыратады, ара тағамның түсі мең иісіне, ал жылан болса, тек формасы емес, сонымен қатар ӛз жемтігінің денесінің температурасына реакция жасайды т. б.
Тіршілік иесінің, әсіресе нерв жүйесінің құрылысы неғұрлым күрделіленіп әр түрлі органдардың атқаратын қызметі мейлінше ажыратыла, сондай-ақ организмдердің интеграциясы (организмдер қызметінің бірігуі) белсенді бола түскен сайын, психиканың бейнелеу функциясы да күрделілене түседі және оның басқару әрекеті кемелдене береді. Бұл, әсіресе нерв жүйесінің жоғары бӛлігінің қалыптасуы кезінде анық байқалады. Осыдан психикалық іс- әрекеттің перцептивтік деп аталатын екінші сатысы басталады.
Барлық сүт қоректілердің әрекеті осы екінші сатыдағы ерекшеліктермен сипатталады, олардың бәрінің де миы жақсы дамыған. Бұл саты үшін, бір объектінің кей кездері тіпті күрделі объектінің де әр түрлі қасиеттерін синтетикалық тұрғыдан бейнелей алу қабілеті тән. Осы жерде енді заттық бейнелей алу туралы айтуға болады. Мәселен, ит ӛз иесін даусы, киімі, иісі тағы басқа кӛптеген белгілері арқылы тани алады. Алайда, арнайы жүргізілген зерттеулердің кӛрсеткеніндей объектілерде қайсы бір қасиеттері жануар үшін ӛте маңызды болса, (сигнал ретінде), ал екінші біреулерінің маңызы аз болуы мүмкін. Жануарлардың бір белгілерді түсіне қоюы, оны дұрыс ажырата алуы, ал екінші бір белгілерді ажырата алмай, қателесуі осыдан.


Инстинкт, кӛбінесе, дамудың тӛменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы. Мұны қазақша "соқыр сезім" деп атайды. Инстинкттер табиғи сұрыпталу жолымен жасалады. Жануарларда болатын инстинкт - организмнің белгілі тіршілік жағдайына, ӛскен ортасына әбден кӛніккенін кӛрсететін мінез құлықтың түрі. Мысалы, араның омартасы, құстың ұясы, кӛртышқанның іні, т.б. ӛте "шеберлікпен", "ептілікпен" жасалынады. Бірақ, осы мысалға қарап, бұл айтылған жәндіктер мен құстарда сананың саңылауы бар деуге болмайды, ӛйткені, инстинктік амалдардын бәрі - тұқым қуалау жолымен жасалынады.
Жануарлардың биологиялық дамуы мен нерв жүйесінің түрліше құрылымына қарай оларда мінез-құлықтың әр түрлі түрлері байқалып отырады. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін ӛтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы ӛзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады.
Жоғары сатыдағы сүт қоректілерге қарапайым тұрғыда ойлау қасиеті тән. Бұлардың ішінен, әсіресе маймылдар, бәрінен бұрын антропоидтар немесе адам тәріздес маймылдарды айту керек. Олардың миы мейлінше дамыған, ӛзінің құрылысы жағынан адам миына ӛте ұқсас, әрі басқа жануарларға қарағанда, олардың психикалық іс-әрекеті анағұрлым бай және күрделі. Психиканың бұл сатысын интеллект сатысы деп атайды. Маймылдар тек қана заттың белгілі бір қасиеттерін, не бүтіндей ӛзін, синтездеу арқылы бейнелеп қоймайды, сонымен қатар заттардың арасындағы байланысты да бейнелей алады.
Жоғары сатыдағы жануарлардан (маймыл, делфиндер) "ақылды" деп айтуға тұрарлықтай мінез-құлық кӛріністерін байқауға болады. Мінез- құлықтың осындай түрі маймылдарға жасаған эксперименттен сан peт байқалған. Мәселен, маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді, бірақ оған қолы жетпейді. Бір кезде оның кӛзі қасында жатқан жәшікке түседі. Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып кӛреді де, әліде де қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып биіктеткеннен кейін, бананды алуға шамасы келеді. Маймылдың осы қылығында қандай да болмасын бір мәселені шешуге ұқсас кӛрініс бар.
Маймыл интеллектісінің ӛрісі тар, олардың интеллектісі, кӛбінесе, кӛзге кӛрінетін нәрселерге байланысты ғана туып отырады. Мәселен, қасында жатқан таяқты "құрал" есебінде кездейсоқ пайдаланады, оны кейіннен керек болып қалар деген "мақсатпен" сақтап қоюды да білмейді. Майылдарда кездесетін осындай интеллект оның мандай бӛлігінің жақсы дамуына байланысты. Егер маймыл миының осы бӛлігін алып тастаса, бұрын білгенінен асып ештеңе істей алмайды. Сонымен, жануарлар психикасының қандай түрі болмасын сыртқы отаның жағдайына бейімделуді қамтамасыз етеді. Бұлардың бәрі биологиялық сипатта болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет