Реферат тақырыбы: жартылай өткiзгiштi диодтар орындаған: Мақсүтқан Талап дсмиФ-21-1 Тексерген



бет4/7
Дата01.04.2023
өлшемі88,37 Kb.
#78237
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7

2.1 Стабилитрон және стабистор

Тұрақты тоқтың сызықты емес тiзбектерiнде кернеудi тұрақтандыру үшiн қолданылады. Стабилитронның стабистордан айырмашылығы – стабилитронда кернеудi тұрақтандыру үшiн ВАС-ның керi тармағын қолданады. Диодтың ВАС-да АВ және СD бөлiмдерi бар, мұнда тоқтың айтарлықтай өзгеруiне кернеудiң аз ғана өзгеруi сәйкес келедi (олардың сызықтық тәуелдiлiгi кезiнде). Жоғары кернеудi (U>3B) тұрақтандыру үшiн ВАС-ның керi тармағы (АВ бөлiмiн) қолданылады. Бұл мақсатта қолданылатын диодтарды стабилитрондар деп атайды. Аз мәндi кернеулердi (U≤1B) тұрақтандыру үшiн, мысалы интегралды сұлбаларда ВАС-ның тура тармағын (CD бөлiмiн) қолданады, ал бұл мақсатта қолданылатын диодтарды стабистор деп атайды, және оның шартты белгiленуi төменде көрсетiлген. Оларды кремнийден жасайды. Тұрақтандыру кернеуi (3-180В) диапазонын құрайды.. Стабилитронның негiзгi параметрлерi: Uст – тоқ берiлген кездегi номиналды тұрақтандыру кернеуi; Rg - тоқ берiлген кездегi кедергi диффузиясы; Iст min – минималды рауалы тұрақтандыру тоғы; Pmax – максималды рауалы шашырағыш қуат; ТКН – тұрақтандыру кернеудiң температуралық коэффициентi. ТКН = ΔUст/(Uст рауΔT) Кернеудi екi өрiстi түрде тұрқтандыру сұлбаларында симметриялы стабилитрондар қолданылады. Варикап – тосқауылдық (зарядтық) сиымдылықтың берiлген кернеу мәнiне тәуелдiлiгiн орындауға негiзделген жартылайөткiзгiштi диод. Варикаптың негiзгi сипттамасы – вольт-фарадты сипаттама (ВФХ). Варикаптың тосқауылдық сыймдылығы (10-100) пикофард құрайды. Туннельдiк диод кернеу бойынша оң iшкi керi байланысы бар жартылай өткізгіштік диод. Оның ВАС-сында терiс диффузиялық кедергi бөлiмi бар. Бұл запорлы қабат өте жiңiшке болғанда (10Нм немесе одан да кiшi) валенттi қабаттан өткiзу қабатына қарай зарядтардың тунельдi түрде өтуiмен түсiндiрiледi. Сәулешашушы диод – p-n өткелдерінен энергия кванттарын шығаратын диод. Жарық диоды – көрінетін спектр аймағында сәуле шашады, ал инфрақызыл диод – көрінбейтін спектр аймағында сәуле шашатын диод. Заряд тасымалдағыштардың рекомбинациялануы энергия кванттарының бөлiнiп шығуына әкелiп соғады. Жарық диодтары жарық индикаторлары ретiнде қолданылады. Инфрақызыл диод оптоэлектрондық құрылғыларда сәуле шашушы ретiнде қолданылады. Жарық диоды арнайыланып құрастырылған диод, мұнда жарық сәулелерiнiң ауысу аймағынан корпустың мөлдiр терезелерi арқылы өтуiне жағдай жасалынған. Жартылайөткiзгiштiң ауысу аймақтарына жататын тоқтың диод арқылы өтуi кезiнде заряд тасымалдағыштарының – электрондар мен кемтiктердiң қарқынды түрде рекомбинациясы жүредi. Босанып шыққан энергияның бiр бөлiгi жарық кванты ретiнде бөлiнедi. Жартылайөткiзгiштiң тиым салушы енiне байланысты сәуле ұзындығы адам көзiне көрiнетiн немесе адам көзiне көрiнбейтiн инфрақызыл толқындар ұзындығына ие болуы мүмкiн. Арсенад галий негiзiнде жасалынған ауысулардағы сәулелердiң толқын ұзындығы – 0,8 мкм. Карбид кремниiнен немесе фосфид галийден жасалынған ауысулары қызыл түстен көгiлдiр түс диапазонында көрiнетiн сәуле шашады. Жарық диодының маңызды параметрлерiнiң бiрi жарықтық және сәулену түсi (немесе сәуленiң спектрлiк құрамы).


Стабилитронның аты айтып тұрғандай, ондағы тоқ өзгерсе де кернеуді бірқалыпты мөлшерде өзгертпей ұстап тұра алатын аспап. Стабилитрон дегеніміз құрылысы жағынан тура сол диод. Тек қана схемаға қосылу тәртібінде өзгешілік бар. Оның сызбадағы суреті -Стабилитронның қосылу схемасы диодқа керісінше болады. Анод минусқа қосылса, катод плюсқа жалғанады. Тек қана диод графиктің оң жағындағы жағдайда жұмыс істесе, стабилитрон сол жағындағы жағдайда жұмыс істейді.
Стабилитрон арқылы кері тоқ жүреді. Кері кернеуді алғаш көтере бастағанда кері тоқ аз ғана көтеріледі. Кері кернеуді тағы да біраз көтергенде стабилитронның p-nасуынан, тоқ кенет көтеріледі. Тоқты одан ары көп көтермеcе стабилитронның бұл тесілуінен ол бүлінбейді. Сонда ол қалай кернеуді бірқалыпты ұстап тұратынын зерттейік. Стабилитрон арқылы Iк тоқ өтіп тұр дейік. Ол тоқ кернеуі әркезде өзгеріп тұратын Uж кернеу көзінен келіп тұр деп есептейміз. Осы кернеудің әсерінен стабилитрон арқылы өтіп тұрған Iк тоғымыз да өзгеріп отырады. Бірақ стабилитрондағы кернеу іс жүзінде өзгермейтін график арқылы көруге болады. Жартылай өткізгіш диодтың материалына қосылатын қоспаны көбейтсе тесілу кернеуі азаяды да, тесілу режимінде болатын кері тоқты жоғарылайды. Стабилитронның тесілгенге дейінгі кері кедергісі бірнеше мегаом болады. Ал тесілу облысына келгенде бұл кедергі он мыңдаған есеге азаяды. Кернеу көтерілгенде стабилитронның тоғының жоғарылауы-осы стабилитронмен бірге тізбектей қосылған резистордағы кернеудің төмендеуін көбейтеді, яғни, жүктемедегі кернеудің өсуіне кедергі жасайды. Ал осы жағдайды қарастырайық: жоғарыда айтылғандарға байланысты тұтынушы R ж - да кернеу өзгермейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет