Байланысты: Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері
2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті тәрбиелеу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құқық пен адамгершілікті қамтиды,оның ерекшелігі осында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру болып табылады.Қоғамда адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру өте маңызды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-ол тек қана сана емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барысында,адамдар сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қолдау керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары әдеп, құқықтық мәдениеттер негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды қоғамның барлық азаматтар игеруі тиіс.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Заңының 9-бабында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі»-дейді.Ол білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.Осы жерде,сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесі дегеніміз не?Ол қандай құндылықтар деген сұрақтар пайда болады?
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мынаны көздейді:
-сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?Сыбайлас жемқорлықтың қандай түрлері бар?-деген, сұрақтарға жауап іздеу;
-адамгершілік, этикалық мәдениетті тәрбиелеу;
-құқықтық сауаттылық;
-қоғамда адамдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға ынталандыру;
-мүдделер қақтығысының барлық көріністеріне қарсы болу.
Мынадайқызметтерді орындау қажет:
-сыбайласжемқорлыққақарсы сана, сыбайласжемқорлыққақарсытұра білу қабілетін қалыптастыру;
-сыбайласжемқорлық» сөзініңөзінқабылдамау, адамгершілікпентойтарыс беру;
-құқықтықжаппайоқуарқылықұқықтықбілім мен тәрбиеніқамтамасызету.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет-қоғамда адамдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағдарланған.
Сыбайлас жемқорлықтың шығу себептерін жойып отырып,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылды жандандырған жөн.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда заңнаманың сапалы болуы, құқық қолдану практикасы,тиісті міндеттемелерді сақтау, азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау өте маңызды.
Әдептілік-құқықтық қағидаттарды білу мен ұтымды конформистік сенімдерді үйлестіру-қоғам өміріндегі тәртіптіліктің қуатты факторы.
Қорытындыда,сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейі жоғары болса,азаматтар қоғамда сыбайлас жемқорлықтың тұрақсыз екенін сезінетін дәрежеде болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің міндеті-сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру,сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы болу, оларды жария түрде жоққа шығару болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жетуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат әр түрлі халықаралық ұйымдардың халықаралық -құқықтық актілеріне бағытталған. Жемқорлық мәселесіне Біріккен Ұлттар Ұйымы үлкен көңіл бөледі. Әлемдік құбылыс ретінде жемқорлыққа қарсы бағытталған бірнеше декларация мен конвенциялар қабылданғанын төменде байқауға болады. 2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясын қабылдады. Конвецияның жағымды жақтары көп, бірақ та Конвенцияда қарастырылған сыбайлас жемқорлықпен күресудің көптеген шараларына қарамастан, оларды орындау құқық бұзушыға деген тиісті санкциялармен қамтамасыз етілмеген. БҰҰ қарамағында құрылған ұйымдар жемқорлыққа қарсы құралдарды жасауда белсенді қызмет атқарады. Халықаралық қылмысты алдын алу орталығы, Біріккен Ұлттар Хатшылығының қылмысты алдын алу және нашақорлықты қадағалайтын басқарма аймақ аралық қылмыс бойынша Біріккен Ұлттар Институтымен бірге Жемқорлыққа қарсы әлемдік бағдарламаны жасады.
Шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының 1997 жылғы 21 қарашада қабылданған және коммерциялық іс-әрекет жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік шенеуніктерге пара беруді қылмыс деп жариялау мәселесіне арналған Халықаралық іскери операцияларды жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде Конвенция. Бұл конвенция коммерциялық ортада салауатты бәсекелестікті қалыптастыруда алғышарт болып есептеледі. ЭЫДҰ сипатталған құқықтық бастамасының маңыздылығы үш кезеңмен анықталады. Біріншіден, ол Солтүстік және Оңтүстік елдерге сыбайластық төлемдердің ағылып келуін қысқартады. Бұл тиісті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру үшін және сауда-саттықтың әділ жағдайларын сақтау үшін қолайлы ахуал жасауға тікелей септігін тигізеді. Екіншіден, ол жаһандық масштабта басқару нормаларын дайындау үшін үлгі бола алады. Еуропа Одағы 1995 жылы Өзінің қаржы мүддесін қорғайтын Конвенцияны қабылдады. Осы құжатқа қосымша ретінде 1997 жылы Еуропа Одағы Еуропа қоғамы және осы қоғамдардың мүше-мемлекеттерінің лауазымды адамдары кірген жемқорлыққа қарсы күрес туралы Конвенция қабылдады.
Еуропамен салыстырғанда 1996 жылы Америка мемлекетінің ұйымы көлемді құжатты қабылдады. Америка аралық Конвенция жемқорлыққа қарсы күресті кең түрде қолдайды. Бұл аймақтық келісім (АҚШ-ты қоса, АМҰ мүшелерінің көпшілігі қол қойған) мүше мемлекеттің өз аумағында конституцияға бағындырылған жемқорлық әрекетті жоюға бағытталған шараларды қолдануды, отандастарының және резиденттерінің шет елдегі әрекеттеріне жауап беруді талап етеді. Бұл Конвенцияны Оңтүстік және Солтүстік Американың 20 мемлекеті бекітті. Осы құжат мемлекеттің ішінде жасалған қылмысқа ғана емес, трансұлтты қатынастарға да таралады. Аталған құжаттардың әрқайсысына үшінші бөлімде жеке — жеке тоқталатын боламыз.