2.1.Жерді пайдалану Жерді пайдалану — қоғамдағы адамдар мен әлеуметтік топтар арасында қалыптасқан әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастар формаларының бірі. Оның жүйесі мен түрлері өндірістік қатынастардың тарихи дамуы мен ауысуына байланысты өзгеріп отырады. Жерді сол қоғамда қабылданған заңдарға сәйкес пайдаланады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы (егінші, мал бағушы тайпалардың бөлініп шығуы) және осыған байланысты отырықшылыққа көшу алдымен рулардың, тайпалардың және қауымдардың арасында, содан соң жеке жанұялардың арасында жер бөлінісін туғызды. Мұның өзі жерді пайдаланудың тұрақты формаларының құрылуына әкелді. Егістік жер, мыс., қауым меншігіне қалғанымен, әр егінші өзіне пайдалануға берілген егістікті өз күшімен өңдейтіндей етуі үшін қауым мүшелерінің арасында жер дүркін-дүркін қайта бөліске салынып тұрды. Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай жер әр түрлі дәрежеде, көбінесе, егіншілік, жайылымдықтар мен шабындықтар үшін пайдаланылады. Ол үшін жерді құнарландыру мәселесін қолға алып, жер байлығын мал өсіру мен егіншілікте тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Жер аграрлық экономиканы шектеуші фактор болып табылады. Сондықтан жерді пайдалану және жерді иемдену аграрлық қатынастар жүйесінің негізін құрайды. Иемдену деген әлі толық меншік емес. Иемдену қатынастарындағы меншік объектері, тікелей иемденетін объект емес, олар шаруашылық жүргізудің шарты болып табылады. Жерді пайдалану одан да қарапайым қатынас. Бұл екі жағдайдан тұрады: жерді өндіріс құралы ретінде қолдану және жасалған өнімді иемдену. Қолдану, пайдалану иемденудің жалпылама шарты болып табылады. Жерге меншік формасы қандай болмасын, иемдену және пайдалану, жерде шаруашылық жүргізу үшін қажет болып табылады.
Натуралдық аграрлық өндірістен тауарлыққа көшкенде, меншік формасы шешуші шарт болып табылмайды. Жерге жеке меншік, өндірістің басқа факторларына жеке меншіктен көп кейін қалыптаскан және осы күнге дейін ол жетекші рөл атқармайды. Көп елдерде жерге меншік ұлттық деңгейде болып отыр және жоғарғы меншік иесі мемлекет болып табылады. Шығыс, Африка, Көне Азия, Америка, Ресей халықтары аграрлық экономиканың әмбебап кезеңінен өткен. Бұларда жерді пайдалануға негізделген, ауыл шаруашылық егістік қауымының мемлекеттік жүйесі қалыптасқан. Экономикалық теорияда осы болмыс «азиялық өндіріс тәсілі» деп аталады. Германдар, франктер, кельттер жерді жергілікті тайпалардан күшпен алып, оған жеке меншік орнатқан. Осы халықтарда индивидуалдық қауымдар, жерге жеке меншік болуына және оны жалға алуға.
Нарық шаруашылығының дамуына жерге жеке меншік «осылай әсер етеді» деп кесіп айтуға болмайды. Жердің тауар айналымына енгізілуі, оны басқа ресурс тәрізді сатып алуға мүмкіндік береді. Аграрлық нарықтың дамуына жердің сатып алу-сатылуы өте жаман ықпал етеді - жермен айналысу қиынға түседі. Жерге жеке меншіктің болуы, аграрлық экономиканы капитализациялауға кедергі болады: ол капиталдың еркін ағымына шек қояды.
Жердің меншік иесі өзінің жерінде капитал қолданған үшін ақы төлеуді талап етеді. Бұл кәсіпкердің табысын төмендетеді. Нарық экономикасы тұңғыш рет Нидерландияда қалыптасқаны бекер емес — бұл елде барлық жер дәстүрлі түрде мемлекет меншігінде болған. Бүгін нарық экономикасы жоғары дамыған көп елдерде жер мемлекет меншігінде болып отыр.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қоршаған ортаға әсер ететін қуатты факторлардың бірі болып саналады. Ауыл шаруашылығының даму негізі жер қоры болып табылады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығындағы табиғатты пайдалану барысында экологиялық проблемалардың қатары көбеюде. Ауыл шаруашьшығының экологиялық мәселелеріне мыналар жатады:топырақтың химиямен ластануы;топырақ эрозиясы;кіші өзендер проблемалары
Жер қорлары — бұл жыртылған жерлер, жайылымдар, шабылатын шөптер. Планета түрғындарын азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін жерлер құрлықтың үстіңгі қабатының 13%-ын ғана алып жатыр. Адамзат тарихында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшің пайдаланылатын жер аумақтарын кеңейтуге бағытталған түрлі іс-шаралар жүргізілуде, атап айтқанда, ормандар кесіліп, батпақты жерлер құрғатылады, шөлді жерлер суарылады. Осындай кеңейтілген іс-шараларға қарамастан, ауыл шарушылығы жерлері тозып, жарамсыз болып қалуда. Жерді игеру жұмыстары қарқынды жүргізілгенге дейін егістікке пайдалануға болатын жерлердің аумағы 4,5 млрд га жуық көлемді құраған. Ал бүгінгі күні олардың көлемі 2,5 млрд га. жыл сайын егістік жерлердің 7 млн га жуығы тозып, жарамсыз болып қалады, ал бұл 21 млн адамның өміріне қауіп төндіреді.
Топырақ эрозиясы ауыл шаруашылығы жерлерін жойып жіберетін ең қауіптісі болып табылады. Егістік жерлердің оннан тоғызының жоғалуы, олардың өнімділігінің құлдырауының себептері де эрозия болып табылады. Эрозия — бұл топырақ қабатының су ағыстары немесе жел арқылы жойылуы, ыдырау үдерісі. Осыған байланысты су және жел эрозиясын бөліп қарастырады. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын дұрыс жүргізбеу эрозия үдерісін едәуір күшейтеді. Қысқа мерзімдерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайтуға ұмтылу көбіне жер өндеу жүмыстары тәртібінің бұзылуына, мысалы егіс айналымы қорының азаюына алып келеді.
Жар беткейінен, жауын-шашын суынан, еріген мұздардан, қарлардан пайда болған ағыстар, көктемгі немесе жазғы жаңбырлар жердің құнарлы қабатын шайып кетеді. Осылардың шығынын азайту үшін, қайраңды беткейден көлденең жүргізу керек әрі біржылдық және көпжылдық өсімдіктерді себу айналымын ұлғайту керек.
Топырақ құрылымын қуатты ауыл шаруашылығы техникалары — тракторлар, комбайндар, автомашиналар бұзады. Оларды қолдану өңделген топырақтың, жергілікті жердегі ауыл шаруашылығын жүргізу ерекшеліктерін талап етеді. Сөйтіп АҚШ-та ірі техникаларға ауысу жарлардың ағып өтетін бөліктерінде қысқартылатын егістіктердегі террасалардың қирауына алып келді. Қуатты тракторлар, комбайндар үшін үлкен егістіктер қажет, сондықтан да олардың көлемдері ұлғаяды, ал эрозияны азайтуға арналып жаеалған, кішірек егістіктерді бөліп тұратын жолақтар жойылады.
Құнарлы топырақтар қайтадан қалпына келетін қор болып есептеледі, алайда олардың қайта қалпына келуі үшін жүздеген жылдар қажет. Жер шарының егістік алаңдарында жыл сайын қайтадан қалпына келіп жатқан топырақтың көлемінен асып түсетін топырақ қабатының миллиардтаған тонналары жоғалып жатады.Сондықтан маңызды міндет — құнарлы ауыл шаруашылығы жерлерін сақтау. Аса құнарлы емес жаңа жерлерді игеру үлкен шығындарға әкеледі.
Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар мыналар болып табылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi орган; санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттiк органдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган; ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган,бұдан әрi - ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлетті орган. Бұл органдар өз функциясын өзара бiр-бiрiмен iқимыл жасау арқылы жүзеге асырады.