Реферат Тақырыбы: Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылау инспекторларының құзыреті



бет3/6
Дата10.03.2023
өлшемі35,29 Kb.
#73083
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Реферат (копия) 2

2.2.Жерді қорғау
Жерді қорғау - бұл, ең алдымен, оның табиғи қасиеті мен шаруашылық мақсатын қорғау.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 тарауы жерді қорғауға арналған, ал 139 бапта жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері анықталған. Бұл бапқа сәйкес,жерді қорғау қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде жерді қорғауға,жерді ұтымды пайдалануға,жерді ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға,сондай-ақ топырактын құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық ұйымдық,экономикалық,технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.Жерді тиімді пайдалану ауыл мен орман шаруашылығында топырақтың құнарлылығын арттыру мен байланысты агротехникалық шараларды жургізу арқылы жер пайдалануды білдіреді. Жерді қорғау мақсаттары болып мыналар табылады:
1)Өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық,мелиорациялық және басқа да іс-шараларды жургізу арқылы жердің тозуы мен бүлінуін,шаруашылық қызметтін басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау.
2)Тозған немесе бүлінген жерді жасарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету.
3)Жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге енгізу.
4) Жерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тутыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғауға
5) Ауыл шаруашылығы жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бутка мен шіпік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлануының өзге де түрлерінен қорғауға.
6) Бүлінген жерді жанғыртуға, оның құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға.
7) Жердің бүлінуі мен байланысты жұмыстар жургізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сындырып алуға, сақтауға және пайдалануға.
Жерді қорғаудың аталған мақсаттары мен міндттерінің барлығы нысаналы болып табылады,оларды жүргізу үшін жер туралы заңнамада ауыл және орман шаруашылығы өндірісі және құрылыс обьектісіне процесіне қатысатын жауапты тұлғалар белгіленген.
Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар мыналар болып табылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi орган; санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттiк органдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган; ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган,бұдан әрi - ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлетті орган. Бұл органдар өз функциясын өзара бiр-бiрiмен iқимыл жасау арқылы жүзеге асырады.
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер Заңдарының сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады. Жерге орналастыру іс-шаралар жүйесі ретінде жер территорияларын ұтымды ұйымдастыруды, жерді пайдаланудың тиімді құрылымын, қолайлы экологиялық жағдайды қамтамасыз етеді.
Жерге орналастыру жерді пайдалануды тиімді ұйымдастыру іс-шараларының жүйесі ретінде экологиялық, құқықтық және техникалық бағыттарға ие.
Жерге орналастырудың экологиялық аспектісі жерді өндірістік құрал және халық шаруашылығы саласы объектілерін территориялық орналастыруды ұйымдастырудан тұрады. Құқықтық аспект жер пайдалану құқығының және жерге меншік құқығының жүзеге асырылу жағдайын анықтаудан тұрады.
Жерге орналастырудың техникалық аспектісі жобалық дәструшілік, зерттеу және түсіру жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
Жерге орналастыру меншік нысанына тиесілілігіне және оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет