Реферат Тақырыбы: Жылнамалар жинағы Оқытушы: Қожақұлы Ө. Тобы: Ист 21-1 Студент: Шопанбай Мейірхан 2023


«Жылнамалар жинағы» еңбегіне түсініктеме



бет2/4
Дата12.05.2023
өлшемі44,08 Kb.
#92106
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат

2.2 «Жылнамалар жинағы» еңбегіне түсініктеме
Жылнамалар жинағыҚадырғали Жалайырдің (1530-1605 ж.ж.) 1600-1602 жылдары жазған еңбегі. Орта ғасырда өмір сүрген қазақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан.
Тарихы
Қадырғали Жалайыри Қазақ хандағының Орда сарайында хан кеңесшісі және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. 1588 жылы қазақ ханзадасы Ораз-Мұхаммед сұлтанмен бірге Ертіс бойында қаршыға салып жүргенде оларды орыс әскелері тұтқындап, Мәскеууге алып кетеді. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде орыс патшасы Борис Годуновка сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінген. 1854 жылы Қазан қаласында баспадан шыққан XV- XVII ғасырлар-осы Қадырғали Жалаиыри жазған Жылнамалар жинағы еді. Шығарма-құралымы,тілі жағынан бірегей дүние. Қ.Жалайыридың дерегі бойынша орыс патшасы Борис Годунов Ораз-Мұхаммед 1602 жылы Қасым хандығының тағына отырғызған. Ораз-Мұхаммед Керман қаласында отырып, биілік еткен. Хандықтың халқы арғын, қыпшақ, жалайыр, маңғыт т.б. ру-тайпалардан тұрған.
Бұл тарихи шығармада қазақ халқының қоныс тепкен жерлері, ондағы қалалар мен қала мәдениеті, Қазақ хандығы мен қазақ хандарының өмірбаян шежілері айтылады. Хан, сұлтандар мен қарашалар, батырлар мен абыздар және басқа әлеуметтік топтар туралы жазылған. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайлары, заң ережелері жайында ғылыми құнды деректер берілген.
Шежіренің Құрамы
«Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген.
Еңбек үш бөлімнен тұрады:

  1. Борис Годунов билігін бейнелеу.

  2. Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы.

  3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.

Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Жалпы еңбек қай сұлтанның, қай ханның қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де құнды.

"Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөзжазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". ("Қазақ тарихы" журналы, 4-нөмір, 1994 жыл.)

Кейін «Жылнамалар жинағы» деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің атақты еңбегін жазады. «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөздерге қанық көптеген кітап оқыған адаммын» дейді ол өзі жайында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет