1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1 Қадырғали Жалаири;
2.2 «Жылнамалар жинағы» еңбегіне түсініктеме;
2.3 «Жылнамалар жинағы» еңбегінің тарихи маңызы;
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді.
Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдариябойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахан әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым беклауазымын иеленген.
Негізгі бөлім 2.1 Қадырғали Қосымұлы Жалайыри қазақтың ұлы хандарының бірі Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы меңгергендіктен, асқан зор білімінің арқасында жас бекзадаларды оқытып, тәрбиелеген. Әсіресе оның үлкен үміт еткені — Оразмұхаммед сұлтанеді. Өзінің ғылыми еңбегінде бұл туралы былай дейді: "Менің аталарым Оразмұхаммед сүлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Оразмұхаммедтің қасында болдым".
ХVI-ХVII-ғасырларда жалайырлардың бір бөлігі Ұлытау, Көкшетау аймағында көшіп жүрген. Қазіргі географиялық картада, Арқа жақта Жалайыр, Керей көлі, Найман деген ұзыннан ұзақ бел-белестер бар. ХVIII-ғасырдағы Жоңғарқалмақтары жасаған жойқын шабуылда ("Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама" заманында) Жалайырлар әуелі Бетбақдалаға ығысып, кейін құба қалмақтар жеңіліп, қазақтың кең даласы жаудан тазара бастаған соң, жылжи-жылжи Шу, Іле, Қаратал өзендерінің жағалауына келіп орналаса бастайды.
Қазақ хандарының қыстық қонысы Түркістандаболған да, жазда Арқа жаққа, Көкшетауға көшіп барады екен. Хан-сұлтандар ол кезде аң аулауға жеке дара шықпайды, көп нөкер, саятшы ерткен. Бұл кезде бір орталыққа бағынып,жаңа күшейіп келе жатқан орыс патшалары оңтүстік-шығыстағы көршісі қазақ хандығымен қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделі-түғын. Шығысында пайда болған үлкен мемлекетЖоңғар хандығы, оңтүстік батысында өзбек әмірлері, Жайықжақтан башқұр мырзалары тыныштық бермей отырған қазақ хандары да орыстармен сыпайы сауда-саттық қатынас жүргізіп жатқан. Оқта-текте Мәскеуге елшілері де барып қайтатын. Бірақ өздерін ішке кіргізбейтін. Сол кездердің өзінде-ақ қазақ хандығы әлсірей қалса, ұлан байтақдаланы иемдену сияқты түпкі арам ойы бар орыс патшалары сол елдің ішкі-сыртқы жағдайын, тарихын, салт-санасын, әскери күшін, қорғану қабілетін жете білуге тырысуы заңды еді. Осы мақсатпен олар ханның айналасындағы адамдардан түтқын алуды бұрыннан ойлап жүрген. Жас сұлтан Оразмұхаммедтің аңшылыққа құмар екенін, жылма-жыл ерте көктемде, күзде Ертіс, Тобыл бойын жағалап ит жүгіртіп, құс салатынын жансыздары арқылы біліп отырған Сібірдегі орыс әкімдері (патшаның тапсырмасы бойынша) аңдып жүріп, Тобыл алқабында қаршыға салып, көңіл көтеріп жүрген Оразмұхаммедті, Қадырғали Жалайри бастаған саятшы, нөкерлерімен қоса тұтқынға алады да, "аманат" ретінде Мәскеуге жөнелтеді. Бұл 1588 жыл еді.
Оразмұхаммедтің хан ордасы адамы екенін, Қадырғали Жалайри Шығыс тарихын, мәдениетінжақсы білетінін, көп тілдерді игерген ғұлама екенін сезген соң, орыс патшасы оларды жақсы қабылдайды, өз маңайында ұстайды. Әскер өнерін жетік білетін батыр жігіт Оразмұхаммед1590-91 жылдары орыстардың Шведтерге, Қырым хандығына қарсы жүргізген соғыстарына қатысып, ерлік көрсетеді. Соны ескерген жөне оның хан тұқымы екенін білетін патша Федор Иоанович 1592 жылы Ока өзені бойындағы мұсылмандар мекендейтін бұрынғы Қасымов хандығынан Оразмұхаммедке жер бөліп береді, 1600 жылы ұлы патша Борис Годунов Оразмұхаммедті Қасымов ханы етіп тағайындаған. Өзінің арғы тегі жалайыр екенін білді ме, жоқ па — әйтеуір Қадырғали Жалайри бек те зор құрметке бөленіп, бас уәзірлік қызметін атқарады. Қазақ елінің тарихы жөніндегі ғылыми еңбекті де Борис Годуновтыңтапсырмасы бойынша жаздым деуі орынды. Себебі бұл еңбек ақ патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін бейнелейді.
Қадырғали Жалайридің бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбекекені аян. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Байұзақ Албани: "Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғүлама тарихшылармен қатар аталады. Орыс ғалымдары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин, В.В.Вельяминов-Зернов оның еңбегін жоғары бағалады", — дейді "Тарихи таным" атты кітабында. (195-бет). Оразмұхаммед пен Қадыр Әлі бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы, көне тарихымыздың білгірі Мүхтар Мағауин "Аласапыран" атты романында кең және көркем баяндаған. Бұл романы үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі. Соңғы кездері Қадыр Әлінің еңбегін әл Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік үлттық Университетінің профессоры М. Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр.
Байұзақ Албани былай дейді: "Ол жырақта жүрсе де, қазақ хандарының саяси-өлеуметтік жағдайлары, Қазақстанда рулық-патриархалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қаршылар, бектер мен хафиздер т.б. жайында деректі мәліметтер жазып қалдырды. Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшын т.б. түркі ру-тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі "Жамиат-тауарих" шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаянынатоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақжерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар.