Реферат тақырыбы: Жылу алмасу № Жұмысты орындау сапасы Баға диапазоны



бет5/5
Дата15.12.2023
өлшемі204,27 Kb.
#138819
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ердаулет срс жылу

Жылуалмастырғыш — қыздырылған дененің, заттың жышуын басқа денеге, затқа беруші жабдық.[1]
Жылуалмастырғыш аппарат – жылуды температурасы жоғарырақ ортадан (қыздырушы жылу – жылу тасымалдағыш) температурасы төменірек ортаға (қыздырылатын дене) беруге арналған аппарат. Ж. рекуператорлар, регенераторлар және араластырғыштар болып бөлінеді. Рекуперативті Ж-тарда (рекуператорларда) жылу қыздырылған денеден қыздырылатын денеге оларды бөліп тұрған қабырға (бу қазандары, ауа және су қыздырғыштар, конденсаторлар, т.б.) арқылы беріледі. Рекуператорларда әдетте, пештен немесе қазандық агрегатынан шығатын жану өнімдерінің, т.б. жылуы пайдаланылады. Рекуператорлар тура ағысты, қарсы ағысты және қиылысқан ағысты, жылу алмасу беттері жазық немесе цилиндр тәрізді (тегіс не қабырғалы) түрлерге ажыратылады. Регенеративті Ж-тарда (регенераторларда) аппараттың қыздыру беті кезегімен бірде суық (қыздырылатын), бірде ыстық (қыздырушы) жылу тасымалдағышпен (мартен және шыны балқыту пештерінің регенераторлары, домна пештері мен қазандардың регенеративтік ауа қыздырғыштары) жанасады. Ыстық жылу тасымалдағышпен жанасуы кезінде регенератордың қабырғалары қызады, ал суығымен жанасқанда салқындай отырып, оны қыздырады. Регенераторларда қыздыру үшін, әдетте, сыртқа шығарылатын газ тәрізді жану өнімдерінің жылуы пайдаланылады. Араластырушы Ж. аппараттарда жылу қыздырушы және қыздырылатын заттардың араласуы барысында беріледі (мұнаралы салқындатқыштар – градирнялар, т.б).


ҚОРЫТЫНДЫ:

Мұнай және газ өңдеу процестерінде аппараттарды қажетті температурамен қамтамасыз ету үшін жылуды енгізу немесе шығару қажет. Бұл үшін технологиялық қондырғыларда немесе жылуалмастыру аппараттары немесе жылуалмастырғыштар (қыздырғыштар, буландырғыштар, қайнатқыштар, тоңазытқыштар, конденсатор және т.б.)кеңінен қолданылады. Жылуалмастырғыш аппараттардың жұмыс жасау көрсеткіштері тәуелді болады. Жылуалмастырғыштар жұмысының жоғарғы эффектілігіотын шығынын, энергия шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Жылу алмастырғыштың жіктелуі: қыздыру және салқындатуға арналған аппараттарда жылу алмасу екі ағыс арасында өтеді. Осы кезде біреуі қыздырылады, екіншісі салқындайды. Сондықтан мақсаттың қайсысын алу керектігіне байланысты қызу және салқындау оны жылу алмастырғыш аппараттар деп атайды.


Жылу алмасудың техникадағы да, табиғаттағы да маңызы - денелердің физика-химиялық қасиеттері негізінде температураға, яғни жылулық күйіне байланысты. Жылулық күй жылу алмасудың шарттарымен анықталады, сол үшін олар заттың агрегаттық күйінің өзгеру процесстеріне, химиялық реакциялардың өтуіне (жеке алғанда жану процессіне), денелердің механикалық, электризоляциялық, магниттік және басқа қасиеттеріне шешуші ықпал тигізеді.
Әртүрлі температурасы бар екі дене жанасқан кезде, құрылымдық бөлшектердің (молекулалар, атомдар, бос электрондар) қозғалыс энергияларымен алмасу пайда болады, сол үшін температурасы төмен дененің бөлшектерінің қозғалу қарқындылығы өседі, ал температурасы жоғары дененің бөлшектерінің қозғалу қарқындылығы азаяды. Нәтижесінде жанасқан денелердің біреуі қызады, ал екіншісі суиды. Көбірек қызған дененің бөлшектерімен суық дененің бөлшектеріне беретін энергия ағыны жылу ағыны деп аталады.
Сонымен жылу алмасудың пайда болуының жалғыз шарты-қарастырылып отырған денелердің арасында температуралар айырмашылығының болуы, осымен бірге жылу ағыны кіші температуралар жағынабағытталады


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.


2.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет.
3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1
4.Физика және астрономия: Б.М.Дүйсембаев,Г.З.Байжасарова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет