Реферат тақырыбы: Жыраулар поэзиясындағы арулар суретінің ерекшелігі Орындағын: Ахметова а тексерген: Даутұлы Т



Дата03.04.2023
өлшемі25,31 Kb.
#78740
түріРеферат
Байланысты:
Реферат


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жыраулар поэзиясындағы арулар суретінің ерекшелігі

Орындағын: Ахметова А
Тексерген: Даутұлы Т


Мазмұны
1. Кіріспе
1.2. Жыраулар поэзиясы туралы түсінік
2. Негізгі бөлім
2.1.Ару деген кім?
2.2. Жыраулар поэзиясындағы арулар суретінің бейнеленуі
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ежелгі заманнан бастап, өздеріңізге мәлім, Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар — халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан…Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп, істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVII ғасырлар аралығын қамтиды.Жырау деген атау «жыр» сөзінен шыққан.
Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары — туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
Негізгі бөлім
Әйел адамның таңғажайып сұлулығы аттың жалы, түйенің қомындағы запыранды заманда да жыраулардың жырына, ақындардың сырына айналған. Қызға қырық үйден тыйым салған дана қазақ қашан да қыз баласының қадірін білген. Оған XVI-XIX ғасырлар тудырған жырау, ақындардың жауһар жырлары куә.
Қазақтың жасқа да, қартқа да мәлім «ару» деген әдемі сөзі бар. «Ару» сөзін көбі «әдемі, көрікті» деген сөздермен ғана байланыстырып жатады. Негізінде, бұл сөздің мәні тереңде, ол «ар» сөзімен астасып жатыр екен. Бабалардан қалған
«Батыр болған бабамнан ел қорғауды үйрендім,
Ару болған анамнан ар қорғауды үйрендім» деген кереметтей қанатты сөзді еске түсіріңізші!
Ар қорғау деген не? Бұл – намысыңды қызғыштай қору, ұятыңды ұстай білу деген сөз. Әйгілі Доспамбет жыраудың:
«Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Нақ арудың өзі еді
Маңдайы күнге тимеген
Желке шашын өрмеген
Серпіліп адам бетін көрмеген»
деген жыр жолдары соны білдіреді. Өзін намыс пен ұяттың өкілі ретінде сезініп, соған сай бола алған қыз ғана арулық деңгейге жетеді. Сондай-ақ, «ар» сөзі иман, ождан, абырой, тектілік сөздерімен қатар аталады. Сонымен қатар Доспамбет жырау:
Зерлі орындық үстінде,
Ал шымылдық ішінде 
Тұлымшағын төгілтіп,
Ару сүйдім, өкінбен.

Абылайды хан билеген заманда дүние-мүлік бөлісуде Абылайдың өзіне енші боп тиген қалмақ қызынан Қасым туғандығын хабарлайды. Абылайдың сол ұлына құтты болсын айта барғандар атынан Бұқар жырау, сондағы қанды жорықты, ондағы Абылай қасында болған Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Тілеуке, Қылышбек, Сатай, Бөлек, Наурызбай, Қаумен, Дәлет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсық, Қожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл батырлардың есімдерін атай келіп, Қасымның шешесінің сонда қолға түскен тұтқын қыз «бөліске түскен олжаның» ең негізгісі, басы екенін аңғартады. Одан әрі жырау:


- Басыңа біткен күніңіз,
Құтты болсын ұлыңыз,
Хан Абылай атандың,
Дүниеден шықпай мініңіз.
Алтын тақтың үстінде,
Үш жүздің басын құрадың.
Жетім менен жесірге,
Ешбір жаман қылмадың.
Әділетпен жүрдіңіз,
Әдепті еске кірдіңіз.
Арманың бар ма, хан ием?
Мәртебелі төбеге,
Жауыңды алып жайладың,
Жеті күн кіріп ұрысқа,
Өлімге басты байладың.
Айтар сөзім осы - дүр,
Ақылың бар хан едің,
Мұның түбін ойлағын, – деп, міне, енді сол перзентіңіздің бауы берік болсын, сол жолы «жеті күн кіріп ұрысқа» жауыңның жанын жаһаннамға кетірген сенің «арманың бар ма хан ием?» – дейді.
Арулар жайлы Доспамбет жырауда белгілі бір кқркемдегіш құралдарды пайдала отырып суреттеген:
Жұпарын қардай боратып
Аруды құшқан өкінбес.(афоризм)
Оның теңеулерінің өзі динамикаға толы. Мәселен, арғымақтың – «Арыстандай екі бұтын алшайтып», арулардың – «Жұпарын қардай боратып» деген үлгіде көрінуі, я болмаса, майдан даласының суреті – «Оқ қылқандай шаншылса, Қан жусандай егілсе, аққан судай төгілсе» деп берілуі осы жолдарда бейнеленген қозғалыс-қимылдардың аяқталмағанын аңғартады.
Қорытынды
Жыраулар поэзиясы ұлттық болмысымыздың қалыптасуында аса қуатты ықпалдылығымен ерек­шеленді. Мемлекетті басқарған хандардан бастап, балаға тәлім-тәрбие беретін эстетикалық есті дүниелер қалдырды. Қазақ халқы сөз өнерін киелі санайды. «Сөз – сүйектен, таяқ еттен өтеді» дейді дана халқымыз. Жыраулар шығармаларында ой-пікірлерін ашық айтып, әмірші, хандарды, сұлтандарды «бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» қағидаттарын ұстанып сынап отырған. Жыраулар өздерінің сынында мемлекет мүдделерін жеке бас мүдделерінен жоғары қойған.
Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл

  2. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы, 1975, 13-б.

  3. Ерзакович Б.Г., Қоспақов З.Қ. Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы. А., 1986, 3-б.

  4. Уәлиханов Ш. Таңдамалы.2-бас., «Жазушы», Алматы, 1985, 164-б.

  5. Әуезов М. ХІХ менХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы. Алматы. 1933 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет