Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2014



жүктеу 98.24 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.03.2017
өлшемі98.24 Kb.

     

 

 



157 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

Сондықтан  қоғам  талабына  сай  ол  қоғамды  көркейтетін, 

дамытатын  жастар  тәрбиелеу  ең  маңызды  мәселе  екені  даусыз.  Қазір 

білім  беру  саласында  жаңа  жүйе  жасалып,  әлемдік  білім  кеңістігіне  ену 

бағытында  елеулі  істер  атқаруда.  Инновация  білім  деңгейінің 

көтерілуіне  жағдай туғызады.  

«Білекке  сенер  заманда  ешкімге  есе  бермедік,  Білімге  сенер 

заманда, қапы қалып жүрмейік» – деп Абылай хан айтқандай әр мұғалім 

жаңа  технологияның  идеяларын  іздене  оқып,  педагогика  саласында  өз 

жолын, өз тың еңбегін, өз сүрлеуін салуға үлес қосуға тиісті [4]. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР  



1.

 

Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясы 



қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты» атты ұсынысы,  

2013 ж., 23 ақпан 

2.

 

Крутецкой  В.А.  О  проблемной  обучении.  Вып.,1,  Москва: 



Высшая школа, 1967. 

3.

 



Курт Мередит, Джинни Стил, Чарлзь Тэмпл, Скот  Уолтер. Оқу 

мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құрал. 

Алматы, 2000. 

4.

 



Выготский Л.С. Мышление и речь. Москва, 1999. 

 

 



ӘОЖ 426.81 

 

КӘСІБИ  БІЛІМ БЕРУДЕ АҚПАРАТТАНДЫРУДЫ 

ДАМЫТУДЫҢ  ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ  

 

Турганова М.М., магистр, оқытушы, Төлегенов Е.Б., магистрант 



І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлкеттік университеті, Талдықорған қ. 

m_turganova@mail.ru 

 

Бұл мақалада білім  жүйесіне заманауи ақпараттық  технология  

құралдарын  енгізу  мәселесі  қарастырылған.  Осыған  орай,  білімгерлер  

оқушыларының ақпараттық сауаттылығын қалыптастырып,  оны ары  

қарай  дамыту білім ошақтарының  алдында тұрған өзекті  мәселе болып  

отыр. 

Сондықтан, 

ақпараттық әдістемелік 

материалдар 

коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді 

жетілдіруді көзделеді. 

В данной статье рассматриваются проблемы внесения современные 

информационные  средства технологии в учебный процесс. Ко всему этому 

сформировать  информационную грамотность учеников, а его основной  

вопрос, состоит в том что надо развивать знания в различных учебных 

заведениях.  Поэтому 

предусматривается  совершенствовать  то,  что 

     

 

 



158 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

воспользуясь  с  коммуникационными  средствами  информационные 

методические материалы в использовании.  

In this article the problems of bringing are examined modern informative  

facilities of technology in an educational process. To everything this to form  

informative literacy of students, and his basic  question, consists of that it is 

necessary to develop knowledge in different educational establishments. It is 

therefore envisaged to perfect that with of communication facilities informative 

methodical materials in the use. 

Кілттік сөздер: ақпараттық – коммуникациялық технология, 

техника, кәсіптік білім, технология, оқыту әдістемесі, ақпараттандыру.  

 

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш 



техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, 

модельдеуге,  электрондық  оқулықтарды,  интерактивті құралдарды 

қолдануға, 

интернетте 

жұмыс 

істеуге, 



компьютерлік 

оқыту 


бағдарламаларына  негізделеді.  Ақпараттық әдістемелік  материалдар 

коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді 

жетілдіруді көздейді. 

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың 

жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін 

дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де 

тигізер пайдасы аса мол. 

Қазіргі  кездегі  шапшаң  жүріп  жатқан  жаһандану  үрдісі  әлемдік 

бәсекелестікті  күшейте  түсуде.  Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаев  Қазақстанның 

әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы  атты 

жолдауында  «Білім  беру  реформасы  Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы 

қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін аса  маңызды 

құралдарының бірі » деп атап көрсетті. 

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет 

дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне 

мұқият қарайтын дәуір. 

Білім 

беру 


үрдісін 

ақпараттандыру 

– 

жаңа ақпараттық 



технологияларды 

пайдалану 

арқылы 

дамыта 


оқыту, дара 

тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие 

үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын  жоғарлатуды 

көздейді. 

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру 

ғасыры» деп аталады.  Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық  

прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне 

енді. 


Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың 

біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы 

бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. 


     

 

 



159 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  заңында:  «  Білім 

беру жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі -  білім  беру  бағдарламаларын 

меңгеру  үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген. Солардың бірі 

білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы 

болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында 

мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға 

пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді 

түрде  енгізу  бағытында және  қолданылатын  жаңа  құралдардың  бірі  -

 бағдарламалық  –  техникалық  кешен  болып  саналатын «  Активті  экран  » 

болып табылады. 

Оқытудың  жаңа  ақпараттық-  коммуникациялық  технологияларын 

меңгеру  –  қазіргі  заман  талабы.  ХХІ  ғасыр  –  ақпараттық  технология  ғасыры. 

Қазіргі  қоғамдағы  білім  жүйесін  дамытуда  ақпараттық  –  коммуникациялық 

технологиялардың  маңызы  зор.  Білім  беруді  ақпараттандыру  және  пәндерді 

ғылыми  –  технологиялық  негізде  оқыту  мақсаттары  алға  қойылуда. 

Ақпараттандыру  технологиясының  дамуы  кезеңінде  осы  заманға  сай  білімді, 

әрі  білікті  жұмысшы  мамандарын  даярлау  оқытушының  басты  міндеті  болып 

табылады.  Қоғамдағы  ақпараттандыру  процестерінің  қарқынды  дамуы  жан-

жақты,  жаңа  технологияны  меңгерген  жеке  тұлға  қалыптастыруды  талап 

етеді. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңының  11  –  бабының  9 



тармағында  оқытудың  жаңа  технологияларын,  оның  ішінде  кәсіптік  білім 

беру  бағдарламаларының  қоғам  мен  еңбек  нарығының  өзгеріп  отыратын 

қажеттеріне  тез  бейімделуіне  ықпал  ететін  кредиттік,  қашықтан  оқыту, 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды 

енгізу 


және 

тиімді 


пайдалану  міндеті  қойылған  [1].  

Ақпараттық  қоғамның  негізгі  талабы  —  оқушыларға  ақпараттық  білім 

негіздерін  беру, логикалық  —  құрылымдық  ойлау  қабілеттерін  дамыту, 

ақпараттық  технологияны  өзіндік  даму  мен  оны  іске  асыру  құралы  ретінде 

пайдалану  дағдыларын  қалыптастырып,  ақпараттық  қоғамға  бейімдеу. 

Олай  болса,  ақпараттық  бірліктердің  білімге  айналуы  әлемнің  жүйелік 

—  ақпараттық  бейнесін  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттері  мен 

құндылық  бағдарларын  дамыту  арқылы  қалыптастыруды  көздейтін,  адамның 

дүниетанымының  құрамдас  бөлігі  болып  табылатын  интеллектуалды  дамуды 

қалыптастырудың  бір жолы. 

Ақпараттық 

бірлікті 

қалыптастыру: 

мектептің 

материалдық 

-

техникалық  базасына;  ақпараттық  қоғам  саясатының  мақсаты  мен 



міндеттеріне;  оқушылардың  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру  жүйесіне; 

оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  меңгеру  қабілеттеріне,  педагог 

мамандардың 

информатикадан 

білім 

деңгейлерінің 



сапасы 

мен 


шеберліктеріне,  оқу  —  тәрбие  бағытының  ақпараттық  қоғам  бағытымен 

өзара байланысына  тәуелді. 



     

 

 



160 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

Қазіргі  уақытта  жаратылыстану-  ғылыми  білім  беруде  сабақ 

барысында интерактивті  құралдарды  қолдануда.  Интерактивті   құралдардың 

көмегімен  мұғалімнің  ,  оқушының  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  жол 

ашылып  отыр. 

Білім  берудегі  интерактивті  технология  -  мұндағы интерактивті  сөзі- 

inter  (бірлесу),  act  (әрекет  жасау)ұғымын  білдіреді, сабақ  барысында 

оқушының  топпен  жұмыс  жасауға  қатыспауы  мүмкін  емес,  бірін-бір 

толықтыратын, 

сабақ  барысында  барлық  оқушылардың  қатысуын 

ұйымдастыратын  оқыту барысы. 

Ақпараттық 

технологиялар 

- ақпараттық 

нарықта

 алға 


қойған 

мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  саяси  субъектілер  қолданатын  әртүрлі  әдіс-

тәсілдер  мен 

техникалар.

  Ақпарат  ағындарын  анықтайтын,  коммуникаторлар 

мен  рецепиенттер  әрекеттерінің  мақсаттары  мен  тәсілдерін,  қарым-қатынас 

стилін,  басқа  да  ақпараттық  іс-  әрекеттер  параметрлерін  айқындайтын 

жүйелер  ретінде  мыналарды  атауға  болады:  шешім  қабылдау,  сайлау 

кампанияларын  жүргізу,  халықаралық  және  ішкі  саяси  дағдарыстарды  реттеу 

және т.б.   

Ақпараттық  технологиялардың  мазмұны,  көп  жағдайда,  оның  ақпарат 

нарығындағы  әрекетінің  стратегиясы  мен  тактикасына  байланысты.  Ең 

негізгілері  ретінде  мемлекеттің  ақпараттық  әрекеттеріне  және  оның 

органдарының,  басқару  бөлімдерінің  жұмысына  сапалық  шектеу  қоятын 

төмендегідей  ұстанымдарды атауға  болады: 

 

мемлекеттің  алға  қойған  мақсаттарына  халықтың  жаппай  бұқаралық 



қолдау  көрсетуі  және  оларды  жүзеге  асыруда  жұртшылықты  жұмылдыру 

("талаптандыру",  "сезімді  ояту" стратегиясы); 

 

оны  орындауға  аса  күш  жұмылдырмай-ақ,  қандай  да  бір  мәселенің 



шешімін  қабылдауда  ұстанған  өз  ұстанымы  жайынан  қоғамды  хабардар  ету 

("қоғаммен  байланысты  үзбеу" стратегиясы); 

 

бағыныңқы  төменгі  құрылымдарға  және  басқару  органдарына 



қызметтік  тұрғыдағы  шешімдерді  жүзеге  асыру  үшін  арнайы  нұсқауларды 

тарату  ("қызметтік"  стратегия); 

 

қабылданған  және  жүзеге  асырылып  жатқан  шешімдерді  бақылау 



("бақылау"  стратегиясы); 

 

қандай  да  бір  әлеуметтік  мәселелерді  талқылауда  мемлекеттік,  саяси 



және  қоғамдық  ұйымдар  мен  бірлестіктер  белсенділігін  үйлестіру  ("күштер 

тепе-теңдігі"  стратегиясы); 

 

саяси  тәртіп  және  басқару  түрінің  жағымды  бейнесін  қалыптастыру, 



соған сәйкес оппозицияның  сыны ("имидж  қалыптастыру"  стратегиясы); 

 

қоғамдық  пікірді  тәртіпке  қолайсыз  әлеуметтік  мәселелерді 



талқылауға  барғызбай,  көңілін  аулау  ("назарын  басқаға  аудару"  стратегиясы) 

[2]


Жаңа  коммуникациялық  технологияларды  пайдаланудың  басты 

мақсаты  -  оқушылардың  оқу  материалдарын  толық  меңгеруі  үшін  оқу 


     

 

 



161 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

материалдарының  практикалық  жағынан  тиімді  ұсынылуына  мүмкіндік  беру. 

Бұл  мақсаттарға  жету  жолында  электрондық  оқулықтар,  тексеру 

программалары,  оқыту  программалары  сияқты  программалық  өнімдер 

қызмет  етеді.  Білім  саласында  компьютер  оқушы  үшін  оқу  құралы,  ал 

мұғалім  үшін  жұмысшы  болып  табылады.  Оның  қолданылуы  нітижелі  болуы 

үшін  бағдарламалық  құралдар  толық  түрде  мұғалімнің  және  оқушының 

алдына  қойған  мақсатына  жетуін  және  шығару  жолдарын  қамтамасыз  ету 

керек. 

Бүгінде  біз  орта  білім  беруді  одан  әрі  ақпараттандырудың  екінші 



кезеңіне  көштік,  ол  мазмұндық  тұрғыда  болады  және  компьютерлік 

сауаттылықтан  жеке  тұлғаның  ақпараттық  мәдениетінің  іргелі  операциялық 

негіздеріне  ауысуды  білдіреді,  мұнда  әрбір  оқушы  ақпаратқа,  қазіргі 

ақпараттық  технологияларға  назар  салып  қана  қоймай,  оны  тиімді  қолдана 

білуі,  Интернет  ғаламдық  ақпарат  желісін  пайдалана  алуы тиіс. 

Алайда, 


білім 

беру 


жүйесінде 

білімдік 

және 

ақпараттық 



технологияларды  іс  жүзінде  үйлестіре  қолдануда  кемшіліктер  кездеседі. 

Оның  үстіне  ақпараттық  технологияның  тез  жаңаруы  мәселені  қиындата 

түседі.  Жағдайды  жақсарту  үшін  білім  беру  технологиялары  мен  ақпараттық 

қарым-қатынастық  технологияларды  кіріктіру  қажет,  сонда  педагог  өзі 

білетін,  жақсы  меңгерген,  бейімделген  техникалық  құралдарды  сабақта 

тиімді  қолданады.   

Қазіргі 

технологияларды 

білім 

жүйесіне 



енгізгенде, 

оқыту 


материалдарының  педагогикалық  мазмұндылығы  мен  әркімнің  өзінің 

үйренуіне  жағдай  жасаудың  маңызы  зор.  Оқыту  ісінің  тиімділігі  мен  сапасы 

көбінесе  өздігінен  оқып  үйрену  процесін  тиімді  ұйымдастыру  мен 

пайдаланатын  материалдардың  сапасына  тәуелді  болады. 

Компьютер  және  ақпараттық  технологиялар  арқылы  жасалып  жатқан 

оқыту  процесі  оқушының  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды 

жүйелік  байланыстар  мен  заңдылықтарды  табуға  итеріп,  нәтижесінде  — 

өздерінің  кәсіби  потенциалдарының  қалыптасуына  жол ашуы  керек. 

Бүгінгі  таңдағы  ақпараттық  қоғам  аймағындағы  оқушылардың  ойлау 

қабілетін  қалыптастыратын  және  компьютерлік  оқыту  ісін  дамытатын  жалпы 

заңдылықтардан  тарайтын  педагогикалық  технологиялардың  тиімділігі 

жоғары деп есептейміз. 

Қазіргі  таңда  елімізде  білім  беру  жүйесінде  жаңашылдық  қатарына 

ақпараттық  кеңістікті  құру  енгізілді.  Ақпараттандыру  жағдайында  оқушылар 

меңгеруге  тиісті  білім,  білік,  дағдының  көлемі  күннен  күнге  артып,  мазмұны 

өзгеріп  отыр.  Білім  беру  саласында  ақпараттық  –  коммуникациялық 

технологияларды  пайдалану  арқылы  білімнің  сапасын  арттыру,  білім  беру 

үрдісін  модернизациялаудың  тиімді  тәсілдері  пайдаланылуда  және  одан  әрі 

жетілдірілуде.

 

Білім  –  болашақ  бағдары,  кез-келген  маман  даярлайтын  оқу  орынның 



басты  міндеттерінің  бірі  –  жеке  тұлғаның  құзіреттілігін  дамыту.  Құзірет  – 

     

 

 



162 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

оқушының  жеке  және  қоғам  талаптарын  қанағаттандыру   мақсатындағы 

табысты  іс-әрекетіне  қажетті  білім  дайындығына  әлеуметтік  тапсырыс. 

Құзыреттілік  –  оқушының  әрекет  тәсілдерін  жан-жақты  игеруінен  көрінетін 

білім  нәтижесі.   

Ақпараттық  құзыреттілік  –  бұл  жеке  тұлғаның  әртүрлі  ақпаратты 

қабылдау,  табу,  сақтау,  оны  жүзеге  асыру  және  ақпараттық  – 

коммуникациялық  технологияның  мүмкіндіктерін  жан-жақты  қолдану 

қабілеті.  Оқушылардың  түпкілікті  құзіреттіліктері  –  білім  берудің  жаңа  

нәтижелер.  Құзіреттілікті  оқушының  пән  бойынша  игерген  білім,  білігінің 

жинағы  деп  қабылдауға  келмейді.  Ол  –  оқу  нәтижесінде  өзгермелі  жағдайда 

меңгерген  білім,  білік,  дағдыны  тәжірибеде  қолдана  алу  қабілеті  болып 

табылатын  жаңа  сапа.

 

Ақпараттық  құзіреттілікті  қалыптастырудың  басты  мақсаты  – 



оқушыларды  ақпаратты  беру,  түрлендіру  және  оны  қолдану  білімдерімен 

қаруландыру,  олардың  компьютерлік  технологияны  өз  қызметтеріне   еркін, 

тиімді  пайдалана  алу  қабілеттерін  қалыптастыру.

 

Қазіргі  заман  талабына  сай  адамдардың  мәлімет  алмасуына,  қарым-



қатынасына 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың 

кеңінен 


қолданысқа  еніп,  жылдам  дамып  келе  жатқан  кезеңінде  ақпараттық  қоғамды 

қалыптастыру  қажетті  шартқа  айналып  отыр.  Ақпараттық  қоғамның  негізгі 

талабы  –  оқушыларға  ақпараттық  білім  негіздерін  беру,  логикалық  ойлау-

құрылымдық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  ақпараттық  технологияны 

пайдалану  дағдыларын  қалыптастыру  және  оқушы  әлеуметінің  ақпараттық 

сауатты  болып  өсуі  мен  ғасыр  ағымына  бейімделе  білуге  тәрбиелеу,  яғни 

ақпараттық  қоғамға  бейімдеу.   

Ақпараттық  технология  –  қазіргі  компьютерлік  техника  негізінде 

ақпаратты  жинау,  сақтау,  өндеу  және  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ететін 

математикалық  және  кибернетикалық  тәсілдер  мен  қазіргі  техникалық 

құралдар жиыны. 

Оқытудың 

ақпараттық-коммуникативтік 

және 


интерактивтік 

технологиялары  бағыттары:     

 

а) электронды  оқулықтар;   



ә) телекоммуникациялық  технологиялар; 

б) мультимедиалық  және  гипермәтіндік  технологиялар;   

в) қашықтықтан  оқыту (басқару)  Интернет. 

Ақпараттық-коммуникативтік 

технологияны 

оқу-тәрбие 

үрдісіне 

енгізуде  мұғалім  алдына  жаңа  бағыттағы  мақсаттар  қойылады:   

Өз  пәні  бойынша  оқу-әдістемелік  электронды  кешендер  құру, 

әдістемелік  пәндік  Web –сайттар  ашу;   

• Жалпы компьютерлік  желілерді  пайдалану;   

•  Бағдарламалау  ортасында  инновациялық  әдістерді  пайдаланып, 

бағдарламалық 

сайттар, 

құралдар 

жасау. 


(мультимедиалық 

және 


гипермәтіндік  технологиялар).   

     

 

 



163 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

•  Қашықтықтан  оқыту  (Internet  желісі)  барысында  өздігінен  қосымша 

білім  алуды  қамтамасыз  ету. 

Интерактивтік  оқыту  технологиясы  –  бұл  коллективтік,  өзін-өзі 

толықтыратын,  барлық  қатысушылардың  өзара  әрекетіне  негізделген,  оқу 

процесіне  оқушының  қатыспай  қалуы  мүмкін  болмайтын  оқыту  процесін 

ұйымдастыру.   

Интерактивтік  оқыту  –  бұл,  ең  алдымен  оқушы  мен  мұғалімнің  қарым-

қатынасы  тікелей  жүзеге  асатын  сұхбаттасып  оқыту  болып  табылады. 

Сабақтағы  интерактивтік  әрекет  өзара  түсіністікке,  өзара  әрекетке, 

қатысушының  әрқайсысына  қажет  есепті  бірлесіп  шешуге  алып  келетін  - 

ұйымдастыру  және  сұқбаттасып  қарым-қатынас  жасауды  дамытуды 

ұсынады.  

Оқытудың 

ақпараттық-коммуникациялық 

және 


интерактивтік 

технологияларын  пайдалану  –  педагогикалық  іс-әрекеттердің  мазмұны  мен 

формасын  толықтыру  негізінде  оқыту  үрдісін  жетілдірудің  бірден  бір  жолы. 

Компьютерлік  желілерді,  интернет  жүйесін,  электрондық  оқулықтарды, 

мультимедиалық 

технологияларды, 

қашықтан 

оқыту 


технологиясын 

пайдалану  оқу  орындарында  ақпаратты-коммуникациялық  технологиялар 

кеңістігін  құруға жағдай жасайды.   

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  дамыту  білім  берудің  бір 

бөлігі.  Соңғы  жылдары  заман  ағымына  сай  күнделікті  сабаққа  компьютер, 

электрондық  оқулық,  интерактивті  тақта  қолдану  жақсы  нәтиже  беруде.  Білім 

беру  жүйесі  электрондық  байланыс,  ақпарат  алмасу,  интернет,  электрондық 

пошта,  телеконференция,  On-line  сабақтар  арқылы іске  асырылуда.  

Бүгінгі  күні  инновациялық  әдістер  мен  ақпараттық  технологиялар 

қолдану  арқылы  оқушының  ойлау  қабілетін  арттырып,  ізденушілігін 

дамытып,  қызығушылығын  тудыру,  белсенділігін  арттыру  ең  негізгі  мақсат 

болып айқындалады.   

Әсіресе  қашықтан  оқыту  жүйесі  жедел  қарқынмен  дамуда,  бұған 

бірнеше  факторлар,  ең  бастысы  –  білім  беру  мекемелерінің  қуатты 

компьютер  техникасымен  қамтылуы,  оқу  пәндерінің  барлық  бағыттыры 

бойынша  электрондық  оқулықтар  құрылуы  және  Интернеттің  дамуы  мысал 

бола  алады.  Бүгінгі  таңда  білім  беруді  ақпараттандыру  формалары  мен 

құралдары  өте  көп.  Оқу  процесінде  ақпараттық  және  телекоммуникациялық 

құралдар  мүмкіндігін  комлексті  түрде  қолдануды  жүзеге  асыру  көп 

функционалды  электрондық  оқу  құралдарын  құру  және  қолдану  кезінде  ғана 

мүмкін  болады.  

Білім  беруді  ақпараттандыру  жағдайында  оқушылардың  ақпараттық 

сауаттылығын,  ақпараттық  мәдениетін  және  ақпараттық  құзырлығы  сияқты 

қабілеттіліктерді  қалыптастыру  мәселесі  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесіне 

айналып  отыр [3]. 

 

 



 

     

 

 



164 

 

І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 2-3 / 2014     



 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1.

 

Қазақстан    Республикасының  білім    туралы  заңы.  Астана,  1999,  8 



бап. 

2.

 



Мұхамбетжанова 

С.Т., 


Мелдебекова 

М.Т. 


Педагогтардың 

ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  қолдану  бойынша 

құзырлылықтарын  қалыптастыру  әдістемесі.  Алматы:  ЖШС  «Дайыр  Баспа», 

2010 ж.


 

3.

 



Қараев  Ж..,  Өстеміров  К.Ө.  т.б.  Бастапқы    ақпараттық  - 

коммуникацитті білімнің мемлекеттік стандарты. Алматы, 1998, 247 б. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Каталог: uploads -> files -> 2016-02
2016-02 -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
2016-02 -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №1 / 2011
2016-02 -> М. Уалихонов М., Собрание сочинении в 5 томах изд. Ан каз. Алматы, 1961. 2т. Б. 235. 14. Абай Құнанбаев [14]. Шығармалары 2 том. 1968. Алматы, Б. 193
2016-02 -> Әож 9(571) 333. 16 ТҰрар рысқҰловтың хаттары қазақстан тарихының дерек көЗІ
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2014
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2014
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет